Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет110/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
1) кәсіпорын директорының Астанаға іссапар-
мен барып қайтуына 2005 жылы маусым айының 16 жұлдызындағы 
№ 1138 шығыс кассалық ордеріне сәйкес, іссапар шығыстарына 34000 
теңге мөлшерде қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1250 — 1010 = 34000 1 типті операция
 
А (+) А (-)
б) 
Еңбекақыны қолма-қол ақшамен төлеу. Бұл есептер № 3350 
«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пассивті шо-
тында бейнеленеді. Активтер еңбекақыға шығыс етілетіндіктен
ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашы-
лық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне 
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350 — 1010 Есептеу-төлеу ведомосы
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі 
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын 
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар 
жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның 
ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.
Мысалдар 
келтіреміз:
 
1) кәсіпорында 2005 жылы тамыз айының 
31 жұлдызындағы № 8 төлем ведомосына сәйкес, 480000 теңге сомада 
тамыз айындағы жұмысшылардың еңбекақысы қолма-қол ақшамен 
берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 1010 = 480000 4 типті операция


181
П (-) А (-)
в) 
Берілген аванстар. Бұл есептер № 1610 «Берілген қысқа 
мерзімді аванстар» активті шоттарында бейнеленеді. Активтер осы 
активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кре-
диттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы 
жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне жасалады. Проводка тө-
мендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1610 — 1010, 1040 Келісім шарттар,
төлем тапсырмалары,
шығыс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1610) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана 
өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның берілген аванстар 
бойынша дебиторлық қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір 
мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет