Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет109/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысалдар 
келтіреміз:
 
1) кәсіпорында қолма-қол ақшаға 2005 
жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 16 жүкқұжатына сәйкес, 
360000 теңге сомаға тауар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:


179
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 1010 = 360000 1 типті операция
А (+) А (-)
 
2) кәсіпорында қолма-қол ақшаға 2005 жылы қаңтар айының 
18 жұлдызындағы сауда үйінің № 632 жүкқұжатына сәйкес, 63500 
теңге сомаға малға беру үшін дәрі-дәрмек сатып алынды. Проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1315 — 1010 = 63500 1 типті операция
 
А (+) А (-) 
3) қалалық базарда қолма-қол ақшаға 2005 жылы маусым айының 
16 жұлдызындағы базардың анықтамасы мен № 438 жүкқұжатына 
сәйкес, 50000 теңге сомаға тігін машиналарын жөндеу үшін
материалдар сатып алынды. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1310 — 1010 = 50000 1 типті операция
 
А (+) А (-)
ә) 
Есепті сомалар беру.
 
Бұл есептер № 1250 «Қызметкерлердің қыс-
қа мерзімді дебиторлық қарыздары» активті шотында бейнеленеді. 
Активтер осы активті шотқа шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары 
кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның 
жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 
1250 — 1010 Кәсіпорын басшысының бұйрығы,
шығыс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1250) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек 
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық 


180
қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның 
ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет