195
Дт Кт Сома Ескерту
2910 — 1040 = 2400000 1 типті операция
А (+) А (-)
Ұзақ мерзімді инвестициялар, негізгі құралдар,
материалдық емес активтердің көбеюі (келуі)
а)
Жеткізушілерден. Жеткізушілермен есеп айырысу № 4110
«Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» пассивті
шотында бейнеленеді. Активтер жеткізушілерден келуіне бай-
ланысты шаруашылық операцияның жазылуы № 2020, 2030, 2411-
2417, 2710, 2730 шоттардың дебетіне № 4110 «Жеткізушілерге
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кредитінен жасалады. Жазу
төмендегіше көрсетіледі:
Дт Кт Құжаттар
2020—2030
2441—2417 4110 Шот-фактура
2710, 2730
Жазудың дұрыстығын тексереміз: операцияның үшінші «Активті-
пассивті» типіне сәйкес, бір жағынан кәсіпорын активтерінің, ал
екінші жағынан бір мезгілде жеткізушіге кредиторлық қарыздың
көбеюі пайда болады. Бұл жағдай
жазудың дұрыс жасалғанын
білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы тамыздың
19 жұлдызында № 619 шот-фактура бойынша 1200000 теңгеге
машиналар мен жабдықтар алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2413 — 4110 = 1200000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә)
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер субъектінің
өзімен құрастырылды. Материалдық емес активтерді, негізгі құрал-
дарды ұйымдастыру көздері: ақша қаражаттары,
еңбекақы және
196
калькуляциялық шығындар болуы мүмкін. Демек, шаруашылық
операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
27010-2713 (1010, 1040, 3350, 8010) жүкқұжаттар, еңбекақы
2412-2417 бойынша есептер,
калькуляциялар
Негізгі құралдарды ұйымдастыру көздері: құрылыс материалдары,
еңбекақы,
еңбекақыдан бөлінетін қаржылар, үстеме шығыстар,
аяқталмаған құрылыс. Шаруашылық операцияның жазылуы төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2930 (1317, 2150, 2930, 3150, 3350) № 29 үлгідегі шекті алу
картасы, материалдық есептер,
жүктелімдер,
есептеу ведомосы,
аванстық есеп,
2412 2930 объектіні пайдалануға беру актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040,
1317, 2930 және т.б.) болған жағдайда 1 типті операция жүргізіледі,
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (яғни, ресурстар
аяқталмаған құрылысқа немесе аяқталмаған құрылыс негізгі
құралға айналады).
Пассивті шот (№ 3150, 3350 және т.б.) болған жағдайда 3
типті
операция орын алады, баланстың активі мен пассивінде көбею жа-
ғына өзгерістер болады (яғни, аяқталмаған құрылыстың көлемімен
қатар, бір мезгілде кредиторлық қарыз көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: