«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет1/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті


«Тарихты оқыту әдістемесі»

пәнінен оқу-әдістемелік кешені
050114 «Тарих» мамандағы (бакалавриат)

Қостанай 2009



Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Институттың ғылыми Тарих және өнер факультеті

-әдістемелік Кеңесінің Кеңесінің 2009 жылғы 15 қырқүйегіндегі

2009 жылғы 29.09. (№ 1 хаттама) отырысында мақұлданды (№ 1 хаттама)

шешімімен б е к і т і л д і Факультет деканы, проф._______

Оқу және әдістемелік жұмыстар Рубинштейн Е.Б.

жөніндегі проректор _________

доцент Қуанышбаев С.Б.




Тарихты оқыту әдістемесі

пәні бойынша 050114 «Тарих»

мамандығына арналған

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2009-2010 оқу жылы






Оқыту түрі




күндізгі

сырттай




кредит саны

3

3




аудиториялық сағаттар

45

45




лекция

30

30




семинар (практикалық)

15

15




оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

45







студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

45

45




емтихан (семестр)

5

8



Ұсынылғалы отырған бағдарламаны құрастырған т.ғ.к. Исенов Ө.И. оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 11 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бектілген нөмірі 050114 «Тарих» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты алынды.



Қазақстан тарихы кафедрасының 2009 жылғы қыркүйектің 7 жұлдызындағы (№ 1 Хаттама) отырысында талқыланып, оқу процессінде пайдалануға ұсынылды.

Кафедра меңгерушісі, профессор А.Күзембайұлы


Тарих және өнер факультетінің әдістемелік бюросы 2009 жылғы қыркүйектің 11 жұлдызындағы (№ 1 Хаттама) отырысында талқыланып, мақұлданды.
Төрағасы: тарих магистрі С.В. Самаркин

Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет:





оқу жылы

жұмыс бағдарламасы ту­ралы мәлімет

қайта бекіті-лген күні, ка-федра хаттама-сының №

кафедра меңгерушісінің қолтаңбасы

1

2010-2011










2

2011-2012










3

2012-2013










4

2013-2014





















































































Типтік оқу бағдарламасы Жоғары кәсіби білім
Тарихты оқыту әдістемесі 050114- тарих мамандығы бойынша

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі


Алматы 2006


АЛҒЫ СӨЗ


1.Абай атьндағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім тобындағы мамандықтар бойынша оқу- әдістемелік бірлестігі жасаған және ұсынған

2.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

3."Тарихты оқыту әдістемесі" типтік бағдарламасы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 11.05.2005 ж. 289 бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына ешізілген.

4.Типтік оку бағдарламасы 050114 - Тарих мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

5.Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің кеңесі ұсынған. Хаттама
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұхсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.
Түсініктеме

Бұл бағдарламада мектептерде тарихты оқытудың негізгі Мәселелерін қамтиды.

Тарих - жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық курстардың өзегін құрайды.

1965 ж. 14 мамырда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір дәрістер туралы» Қаулысына сай, КСРО тарихын 7-10 сыныптарына дейін жүйелі курс болып енгізілсе ал «Жаңа және «Қазіргі әлем тарихы» 8-10 сыныптарда оқытылатын болды Мектептегі бағдарламадан шамадан көп, қосьмша материалдың тым күрделі
болуы оқу процесінде формализмге әкеліп, оқушылардың ұғынуына қиындық
туғызды.

КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 ж. 8 қазандағы «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысына сәйкес, республика мектептерінде «Қазақстан тарихы» алғаш рет КСРО тарихының құрамында курс болып оқытыла бастады. Пәнді оқыту бағдарламасы мектептерге арнап біркелкі етіп жасалып келді.

1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарға жауап бере алмайтыны түсінікті.

Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:

  • Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;

  • оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;

- мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,
танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;

Авторлар оқыту әдістемесінің бұл типтік бағдарламасын жоғары оқу орындарында білікті маман дайындауға көмегі бар деп сенім артады.

1- Бөлім

Тарихты оқыту әдістемесі, даму ерекшеліктері Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніндегі танымдық қабілетін дамытуда және білімін сыныптан тыс жүмыстың ролі. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері. Кейбір оқушылардың тапсырманы орындаудағы жекелеген өздік жұмыстары.

1. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты.

Тарихты оқыту әдістемесі - мектептегі тарих курсьшының мазмүлын, мақсатын, оқыту кұралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайтын ғылыми педагогикалық пән. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту методикасының орны. Тарихты оқытудың методикалық жүйесінің пайда болуы. Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлар. Тарихты оқыту әдістемесінің тарихи және саяси - әлеуметгік пәндермен байланысы. Тарихты оқытудың зерттеу әдістері. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі тарихи пәндердің ролі. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің казіргі кұрылымы.

2.Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары.

Мемлекеттік стандарт. Бағдарлама жасаудың концентратты принципі.

Хронологиялық принцип. Негізгі базалық компонент. Білімділік компоненті. Мазмұндылық компоненті. Жас ерекшеліктерінің есебі. Тарихты оқыту түрлілігі. 5-9 сыныптардың және 10-11 сыныптардың оку бағдарламалары.

2 Бөлім

Тарихты оқытудың тәсілдері

1. Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану.

Тарихты оқытудағы белсенді әдістің бірі - ойын сабақ. Ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциялы, ойын сабақ жариялылығы. Іскерлік ойындар, тарихи шайқастар, театрлік қойылымдар мен байқаулар.

Тарихи білім мен фактылер. Оның Қазақстан тарихын оқытудағы

рөлі. Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи ұғымдарды қалыптастыру. Тарихи процесс заңдылықтарын түсінуді қалыптастыру. Қазақстан тарихын оқыту әдістері. Қазақстан тарихын оқыту әдістері мен олардың өзара байланысы. Отандық тарихты окыту әдісінің екі жағы: оку материалын ауызша оқыту және оқыту танымдық қызметінің нұсқалары. Қазақстан тарихын оқыту процесстерінің түрлері: пәндік, бейнелеу және схемалық көрнекілік. Қазақстан тарихын оқыту түрлері. Әдіскерлік түрлердің топтары, олардың сипаттамасы.

Қазақстан тарихын оқытудағы ауызша мазмұндау. Ауызша мазмұндама мен оның сипаттары. Қазақстан тарихын оқытудық мәселелері. Қазақстан тарихы сабағында танымдық мақсаттарды орындау талаптары:

1. Кино-фото құжаттарын, кезендік баспа материалдарын пайдалану. Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері. Баспа мәтіндері. Қазақстан тарихы сабағында оларды пайдалану әдістері. Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік. Қолдан көрнекілік жасау. Қазақстан тарихын оқытудың аудиовизуалдық құралы. Қазақстан тарихы пәні сабағында оларды қолдану әдістері. Тарихи -өлкетану материалдарын оқытуда көрнекіліктің рөлі.

2.Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы.

Қазақстан тарихы сабағын мектепте оқьпудағы ұйымдастырудың түрі. Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар. Ұғымдардың арақатынасы: сабақты ұйымдастыру жайы, сабақты ұйымдастыру ережесі, Казақстан тарихы пәні сабағына қойылатын талаптар. Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық принциптері. Қазақстан тарихы сабағының типтері. Сабақ жоспарын кұру әдістері. Казақстан тарихын оқытудың дәстүрлі емес түрлері. Сайыс - сабақ, саяхат - сабақ, сабактың түрлері. Оқыту процесінде ойын сабақтарды жүзеге асыру технологиясы. Педагогтың жене окушылардың іскерлік алгоритмі.


Сабақты өткізудің жаңа формаларының мазмұны, кұрылымы, ұйымдастырылуы, іске асырылуы. Тарихты оқытуда ойын сабақ өткізу мектеп оқушыларының білімін көтеру әдісі.

3. Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану.

Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері. Тарих оқулықтарындағы иллюстрациямен жұмыс істеу тәсілдері. Тарихты окытудағы шартты көрнекілік. Пәндік көрнекілік және оның танымдық кұндылығы. Қолданбалы көрнекілік және оның эстетикалық кұндылығы. Шартты-графикалық құндылық және оқушылардың ойлау қабілетін жетілдірудегі шартты белгілердің маңызы. Тарихта оку картиналарының жіктелуі. Картамен жұмыс. Тарихи карта- оқушылардың тарихи процестер байланыстарын ұғынудағы қажет әрі маңызды көрнекілік идеал. "Картаны оқу" шеберлігі, картамен жұмыс істеу методикасы. Шартты белгілер, символдар және шартты тыныс белгілер.

4.Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.

Тарихты оқытудағы көрнекті құралдардың рөлі мен мәні. Шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін оқытудағы техникалық құралдарды пайдалану тәртібі. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің ролі. Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар қарастыру. Окушыларға тарихи мағлұматтарды жүйелеу және оны тиімді меңгеруге көмек беру. Тарихи процестер альтернативасы проблемасына деген кызығушылықтың артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу. Мұғалімнің сабақта көтерген мәселелерге қатысты мағлұмат беру. Бағдарламалық материалды меңгеру қарқыны мен әдістерін оқушының өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру.



5.Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен кұжаттарды пайдалану.

Тарихты оқытудағы құжаттардың ролі мен мәні. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық-материалдық негізгі түрлері. Окушылардың тарихи құжаттармен жұмыс істеу тәсілдері. Құжаттық материалдың жіктелуі. Актілік құжаттар, баяндауышы - сипаттаушы құжаттар, көркем сөз естеліктері. Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу әдісі. Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау. Тарихи мәліметтермен, кұжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

6.Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары

Сабақ - оқушы мен мұғалім іскерлігінің , методикалық тәсілдердің, мазмұнының жиынтығы, оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, Тарихи тақырыптың мазмұны, бөлімі, курс жүйесіндегі сабақтың орыны.



Сабақ -. Қазіргі тарих сабағына қойылатын талаптар. Тарих бойынша сабақ түрін тандауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мен факторлар. Оқыту процесінде барлық сыныптарды қамтитын, жан - жақты сабақты өткізу ерекшеліктері. Мұғалім баяңдаған жаңа материалды түсіну сабақтары. Дағды мен шеберлікті қалыптастыру білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама- жалпылау сабақтары. Білімділік пен шеберлікті тексеру сабақтары. Семинар сабақтар. Ықпалдастық сабақтар. Тарих сабағының дидактикалық жабдықтары. Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы. Тақырыптық сабақты жоспарлау. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негізгі компоненттері. Сабақты бағалау критериясы. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары- факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиадалар "КӨО" (кеңілді өнертапқыштар отауы), конференциялар, пікірсайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық және практикалық сабақтар.Оқу саяхаттары, кеңестері, сынақтар.

З.Бөлім

Тарих сабағы, оны дайындау және өткізу

1 .Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері

Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар. Оқыту әдістерін таңдау критериі. Оқытудың "әдісі" мен "тәсілдер" ұғымдарының қатынастылығы. Тарихты оқыту процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі. Ауызша материал рөлі: әңгіме, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық және аналитикалық сипаттау, түсіндіру , талдау.



2.Мектеп лекциясы. Лекция ұғымы. Лекция сабақтарында оқушыларға берілетін тапсырмалыр. Мектептегі лекцияның түрлері:

Нұсқама, лекция - диалог, ғылыми кұрылымдық, проблемалы, ақпаратты, пресс-конференциялар, телелекция, жалпы пәндік лекция, визуальды лекция түрлері.

3. Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың
ерекшеліктері.

Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны. Оның хронологиялық шеңбері, кезеңдері. Курс құрылымы. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Оқыту материалдарын таңдау критериі. Оқулықтың кернекілік және деректік материалын пайдалану. Алғашқы деректі қолдану. Эгей әлемінің пайда болуы мен құрылуы, крит, треон және микен мәдениетінің гүлдену кезеңі, полистер әлемі мен оның күйреуі,эллиндік дәуірдегі Жерорта теңізі. Ұлы Рим державасының калыптасуы, Рим республикасының дағдырысы мен құлауы, принципат дәуіріндегі императорлық Рим, III-ші ғасыр дағдарысы мен доминат кезеңі. Классикалық Рим құқықгары. Императорлық Рим архитектурасы. Тәрбиелеу мақсаттарында ежелгі Рим кейіпкерлерін үлгі ретінде пайдалану. Ішкі пәндік және пәнаралық байланыстар. Антикалық жане Ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны.




Негізгі түсініктер:
Курстың коды:
Бекіту сұрақтары:
Студенттің өз бетімен игеретін тақырыптары
Бекету сұрақтары:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу