4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі.Сабаққа талдау жасау немесе қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Әрбір мұғалімнің және мектеп басшысының сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарға қатысып, тексеру, талдау жасау және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп отыруы — педагогикалық іс-тәжірибені жетілдіру мен сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Қатысу мақсаты қандай болмасын сабаққа қатысушы (тексеруші) адам сабаққа талдау жасау барысында мұғалімнің төрт бағыттағы жұмысын ескеру керек:
Мұғалімнің ұйымдастырушылық қызметі;
Мұғалімнің білімділік (оқытушылық) қызметі;
Мұғалімнің тәрбиелік қызметі;
Оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы.
Ұйымдастыру қызметіндегі талаптардың ішінде ең алдымен, сабақты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне көңіл болу керек. Көптеген практиктердің тәжірибесі мен педагогикалық жұмысты зерттеудің нәтижесінде дәлелденген деректерге сүйенсек (В.П.Симонов "Мектеп директорына оку-тәрбие процесін басқару туралы") оқушылар сабақтың 1-4 минутында мағлұматтың 60 пайызын игереді. 5-23 минут аралығында 80 пайыз, 24-34 минут аралығында 45-50 пайыз, 35-ші минуттан сабақ соңына дейін 6 пайыз шамасында игереді. Яғни, осы көрсетілген деректерге сүйене отырып, сабақтың кезеңдері мен түрлілігін және әдістерін үйлестіру керек. Психологтардың анықтауы бойынша адам баласы естігенінің 10 пайызын, көргенінің 50 пайызын, өз қолымен жасағанының 90 пайызын игереді. Бұдан шығатын қорытынды — сабақтың көрнекілігі мен практикалығының жүзеге асуына көңіл бөлу керек.
Сабақты ұйымдастыруда мұғалімнің мынадай талаптары дұрыс орындауы сабақтың сапасын арттырады:
Белгіленген сабақ жоспарын орындау;
Оқытудың көрнекілігі және техникалық құралдарын мақсатқа сай және нәтижелі пайдалану;
3.Негізгі психологиялық және гигиеналық талаптарды іске асыру;
4.Барлық оқушылармен нәтижелі кері байланыста болу;
Оқу пәнін білуі, педагогикалық тәжірибесінің дәрежесі;
6. Сабаққа қажетті құжаттарды дайындаудағы ұйымдастыру дәрежесі;
7. Мұғалімнің сөйлеу мәнерінің сапалылығы, үйлесімді карқыны,
екпіні, дикциясы, бейнелілігі, сезімділігі, эмоциясы;
Сабақта уақытты ұтымды пайдалануы;
Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті, тартымдылығы, сыртқы көрінісі;
10.Енбекті корғау және кауіпсіздік техникасы.
Сабақта әрбір баланы (барлығын) белсенді жұмысқа тарту шеберлігі аса маңызды болып табылады. Мұғалім оқушылардың аз ғана тобымен жұмыс істеп, жоғары жетістіктерге жетуін емес, барлық баланың өзіне лайықты; жетістігінің болуын қамтамасыз етуі керек.
Мұғалімнің белсенділік (оқытушылык) қызметін талдағанда ескерілетін мәселелер:
1. Оқытудың ғылымилық принципін іске асыру;
Көрнекілік принципінің жүзеге асуының айқындығы;
Білімінің және икем-дағдыларының беріктігі;
Оқытудың мүмкіндікке және шамаға қарай жүргізілуін қамтамасыз ету;
5. Сабақтың проблемалық принципін жүзеге асыру;
Оқу мен өмірді, теория мен практиканы байланыстыру;
Басты дидактикалық мақсаттың айқындалуы мен оның орындалуы дәрежесінің үйлесімділігі;
Оқыту әдісін дұрыс таңдау және оның оқушылардың жасы мен даму ерекшеліктеріне лайықты болуы;
Оқушылардың білім, икем-дағдыларын тексеру мен бағалауға қойылатын талаптардың деңгейін білу дәрежесінің қалыптасуын бақылау;
10.Үй тапсырмасы көлемінің үйлесімділігі және оны оқушыларға жеткізу әдісінің тиімділігі.
Оқу материалдарының игерілуі сабақтағы уақыттың тиімді пайдалануына тікелей байланысты болады және білімнің дұрыс меңгерілуі мен үй тапсырмасының шамадан тыс көп берілмеуі үшін жаңа материалды меңгеру мен оны қолдана білу жұмыстарының 80-85 пайызы сабақ үстінде орындалғаны дұрыс.
Қай пәннің мұғалімі болмасын, ол оқытумен бірге тәрбиелік мақсаттағы жұмысты қатар алып жүруі керек. Бүгін оқытып, ертең тәрбиелеуге болмайды. Бұл мәселелер кешенді түрде шешілуі, яғни оқытуды тәрбиелей отырып жүргізу — әрбір мұғалімнің міндеті.
Ой еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеп отыру көбінесе фор-мальды жүргізіледі. Яғни оқушылардың сабақты үлгермеуінің негізгі себебі — олардың оқығысы келмейтіндігінде, — деп жауап береді көп мұғалімдер.
Шындығына келсек оқушылардың үлгере алмауының негізгі себептерінің бірі — оқу еңбегін неден бастап, қалай жүргізу керек, қандай басты мәселе-лерге басты назар аудару керектігін білмейтіндігінде. Сондықтан да оқушылардың ой еңбегін ұйымдастыру дағдыларын бағыттай отырып, дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу керек.
Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру үшін мына бағыттағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын жүзеге асыру қажет:
Сабақтың өнегелі ой мен әлемге көзқарасын қалыптастыру бағытында болуы;
Оқушылардың оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;
3. Экономикалық тәрбие мен кәсіптік бағдар беру үшін мүмкіндіктерді пайдалану;
4. Сабақтың оқушылардың дамуы мен ақыл-ой тәрбиесіне әсері;
5. Гигиеналық және дене тәрбиесіне қойылатын талаптар;
6. Сабақтың оқушыларға эстетикалық әсері;
Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру үшін сабақтың практикамен және өмірмен байланысын пайдаланудың тиімділігі;
Ауызша және баллдық бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану;
9.Мұғалімнің оқушыларға қатынасының бағыты мен оларды басқару стилінің дұрыс-тығы;
10. Сабақтағы мұғалімнің жеке басы мен оның іс-әрекеттерінің тәрбиелік мәні.
Осы орайда 5-сыныпта тарих пәнінен "тарихи хронология" тақырыбында өткен сабағынан мысал келтіруге болады. Ғасырда неше жыл бар? Т.б., есептер үшін алған мысалдары сол сыныптың ішінен, оқушылардың өздері мен заттарын қатыстыра отырып алынуы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырса, есепті шешу жолдарының бірізділігін сақтауы, жауапты толық беруді талап етіп, өзін-өзі және бірін-бірі тексеруді ұйымдастырып отыруы — оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және оқушыға қойылатын талап дәрежесін меңгере білуіне тәрбиелеп отырады.
Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы сабақтың негізгі мақсаттарының жүзеге асуының негізі.
1.Танымдык белсенділігінің деңгейі;
2.Сабақ пен оқу пәніне қызығушылығының дәрежесі.
3. Өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
4. Білім маңыздылығы (оқу материалдарынан алдыңғы қатарлы, негізгі, озық идеяларды айыра білу);
5. Талдау дағдысы мен шеберлігінің деңгейі;
Сабақ барысында сөйлеу, жазу, графикалық және арнайы икем-дағдыларының дамуы;
Ұжымдық (топтық) жұмыс дағдыларын дамыту;
Тақтада жұмыс істей білу;
Ұйымшылдығы мен тәртіп тілігі;
Оқушылардың сыртқы көрінісінің бірыңғай талапқа сай болуы.
Оқушылардың оқу белсенділігінің мысалы "Алғашқы қауымдық құрылыс" тақырыбында өткен сабақтарында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тарихи мұражайдағы алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінен мысалдар келтіре отырып жүргізуі оқушылардың белсенділігінің артуына, оларды бағыттай отырып, өз бетінше талдау жасай алуына дағдыландырып, оқушылардың өз бетінше сөйлеу, талдау жасау қабілеттерін арттырып отырады .
Бекіту сұрақтары:
1.Оқыту әдісі туралы түсінік беріңіз?
2. Тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдерне қысқаша мінездеме бер?.
3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігін қалай түсінесіз?
4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі туралы не түсіндіңіз?
Әдебиет:
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984
3.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » // Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.
№9Дәріс Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсілдері.
Мақсаты: Көрнекілік оқыту әдісіне мінездеме беру. Оқыту рпоцесіндегі бұл әдістің қажеттігіне көңіл аудару. Көрнекілік әдісті пайдаланудағы оқушылар қабілетінің өсууі.
Жоспар:
1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.
2. Жұмыс істеу тәсілдері:
а/ бейнелеу көрнекілік құралымен.
б/ шартты-графикалық
в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі.
1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.
2. Жұмыс істеу тәсілдері:
а/ бейнелеу көрнекілік құралымен. Тарихты оқытуда техникалық құралдарды пайда-лану. Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) білім берудің конспектілігін, бейнелігін, әсерлігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады.
Оқытудың техникалық құралдарының арасынан тарих сабағында экрандық құралдар (диафильм, дианозитив, кодонозитив) оқу кинофильмдері, телебағдарламалар, компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады.
Мектеп оқулықтарының бағдарламасына сай дайындалған диафильм, дианозитивтерді қазіргі кезде мектептерде өте сирек қолдануда. Олардың көпшілігі жаңа бағдарламаның мазмұнына сай келмегенімен, оларды саралап пайдалану тарих сабағының тиімділігін арттыруға көп септігін тигізеді.
Мектеп практикасында көп қолданылатын ОТҚ түрінің бірі — кодоскол. Ол экранға немесе сынып тақтасына мөлдір пленкаға салынған сурет, сызба, диаграмма, жазба мәтінді көрсетуге арналады. Оны қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. Оған қажетті сызбаларды мүғалім немесе оқушы оңай әзірлей алады, оларды бірізділікпен пайдаланып, тақырып мазмұнына икемді сипат беруге болады, әрі кодоскопты пайдалану үшін бөлмені қараңғылаудың қажеті жоқ.
Тарихты оқытуда кинофильм, оқу фильмдері мен телебағдарламаларды қолданудың ұқсастықтары көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне түрінде ұсынылады. Қысқа мерзімде оқушылар аса мол акпаратпен таныса алады. Фильмдер арқылы оқушылар алыс күндердегі драмалық оқиғалардың ортасында болып, тарихи тұлғалардың, кейіпкерлердің жанды дауысын естиді. Жалпы тарих сабағының тиімділігін арттыруда бұл оқу түрінің болашағы зор.
Компьютерлік багдарламалар тарихи оқиғаларды имитациялауға үлкен мүмкіндік береді. Өткен кезең туралы қомақты да жарқын түсінік бере отырып, компьютерлік бағдарламалар оқулығының тарихи оқиғаға араласып, оған ықпал жасай алуы арқылы қызығушылығын арттырады. Сол сияқты компьютер мүмкіндігін пайдаланып, тарихи процестерді ілгерлетуге болады. Тарихты оқытуда компьютерді қолдану алдағы уақытта кең өріс алады, бұл баланың жан- жақты білім алуына көмектеседі.Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Керіп отырсыздар, мұғалім окушыға күнделікті сабақтыңтапсырмасына қарағанда күрелі, ез бетінше жұмыс жүргізуге ба-ғыт-бағдар беріп отыр. Оқушы бұл тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана крймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабак жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Қазақстан Республикасының орта білім дамыту тұжырымдамасыңда көрсетілгендей, бүгінгі білім міндетін тек негізгі үш мақсат шеше алады: олар - дүниетанымдылык, шығармашылық, терең білімділік.
«Инновация», жаңа технология ұғымдары бүгіңде педагогика саласыңда жиі қолданыскатүсіп отыр. Ол дегеніміз, білім саласына үнемі ізденіс және білім мазмұнын емір талабына сай жақсарту, оқытудың әдіс-тәсілдерін жасау деген сөз.
б/ шартты-графикалық. Тарих сабағында тірек схемаларын пайдаланудың тиімділігі 9 сыныпта «Абылай хан» тақырыбы бойынша «Қазақ тарихындағы маңызды оқиғалардың жылын көрсетіңіз» деген тапсырма беріледі сабақ суретті тірек схема арқылы түсіндірілді.
Абылайдын шығу тегі туралы шежіре интернеттен алынған материал арқылы түсіндіріледі.
8 сыныпта «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбын өткенде оқушылар топқа бөлінеді. Оларға мынандай тапсырмалар беріледі.
Картамен жұмыс жүргізу (топпен жұмыс);
Тест сұрақтары арқылы білімді тексеру;
3.Тірек схема арқылы Казақ хандығының мемлекеттік кұрылысын анықтау;
4 Хронологиялық тапсырма;
5. Сөзжұмбақ арқылы қорытындылау, бекіту.
6. Пікір сайыс, проблемалык сұрақтарға жауап беру.
Осылайша өз сабақтарымда тірек кестелерін пайдалану аркылы уақьпты үнемдеу мәселесі, бөлінген уақыт ішінде біраз мәселелердін басын ашып, мазм ұнын түсінуге мүмкіндік жасауға болады.
Оқулықтағы тұтас тарауды қамтитын көлемді дүниенің басты мәселелерін бір кестеге шоғырландыру окушы ойын жинактауга, кенейтуге, жаттаңдылық сиякты жаман әдеттен сактандыруға, салыстырмалылыкка үйретуге, тарихи кұбылыстарға талдау жасай білуге тағы баска үлкен кемек берері сөзсіз «Көп білген кеменгер емес, білімін пайдалана білген кеменгер» демекші, адам үнемі біле түсуге ұмтылып, білімін молайту қажет.
Жаңа технологияларды, оның ішінде электронды оқулықтарды пайдалану, оқу шыларды ақпаратпен жұмыс істей білуін калыптастыру, оқу жүйесінің сапасын арттырады. Жаңа технологиядағы басты мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны калыптастыру, оқушыны мұғалім дайындап әкелген жана материалды жай кабылдаушыдан оны іздеп табушыға айналдыру. Сабақты үнемі түрлендіріп, схемалар, сауалнама сұрақтар, жаңа технологияны пайдалану ар-қылы өткізу үлкен нәтиже береді.
Оқу пәнінің мазмұнын көрнекілік түрінде құрылымдау оқушылардын кабылдауын оңайлатады. Егер оқушы сызбаны өздері жасаса, жана мағлұматты меңгеру дәрежесі жоғары болады. Соңдықтан, оқушылар шығармашылығын дамыту мақсатында тірек схемаларды өздері орындап келуге тапсырма беремін.
Сабақ құрылымын жиі өзгертіп отыру олардын ойлау кабілетіне, өз ойын қорыта айтуға, тарихи деректермен жұмыс істеуіне козғау салады. Пәнге деген кызығушылығын туғызады. Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.
в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі. Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тәжірибелік және теориялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құбылысты "дайын күйінде" ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысанның сыртқы белгілерін қабылдап, үғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытыңдыға өту процесі онша күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады.
Сабақ мақсатын айқындау. Төжірибелі мұғалім оқу курсымсн алдын ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе бөлімдерді оқып-үйренудің келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты сабаққа дайындық кезеңінде нақты мақсаттарға көңіл бөлгені орынды.
Бекіту сұрақтары:
1. Көрнекілік оқыту әдісін қалай түсінесің?
2.Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жолы туралы небілдіңіз?
3.Көрнекі құралдармен тарих сабақтарында жұмыс істеу тәсілдерінатап беріңіз?
Әдебиет:
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
2.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.
3.Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.
№10Дәріс Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері.
Негізгі ұғымдар:Тезис, конспект құру тәсілдері, тарихи документтер.
Мақсаты: Студенттерге тарих сабақтарында баспа текстермен жұмыс істеудің қажеттігін түсіндіру.
Жоспар:
1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процессінде оның маңызы.
2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:
а/ өздік жұмыс
б/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер.
3. Тарихи документтер түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.
4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету.
1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процессінде оның маңызы. Тарих пәнін окытуда оқулықгың ролі. Қазіргі таңда аманың тарих туралы түсінігі ғана емес, тарихқа деген көзқарасы да, қабылдау үрдісі де өзгереді. Оның үстіне мектептегі оқыту саласында білім берудің халықаралық 12 жылдық жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, оқыту нәтижелі болу үшін оқулықтың әдістемелік құрылымын өзгерту керек. Ендігі жерде окушының берілген материалды тез игеруіне орайластыра жеңілдету жолдарын қарастырыу керек. Ең бастысы шәкірттің жанды қызығушылық әрекетін туғызатындай, олардың жалықтырып алмай өз бетімен ойлануға, белгілі бір тарихи фактіге, тарихи құбылысқа қорытынды жасауга, өзіндік көзқарасын қалыптастыратын, сол арқылы өз біліміне сенім ұялататын оқулык керек. Себебі, қазіргі таңда оқушыларымыз қолданыстағы оқулықтардығы ұзақ-сонар дайын білімдерді тыңдаумен ғана шектелуде . оқулықтарда берілген кейбір материалдардың тым шұбалаңқылығы мен көп сөзділігі оқушыны шатастырады. Шатастырып қана қоймай, шәкіртті жалықтырады. Өйткені, оқулық оқушы талғамының түсіну, игеру деңгейіне сай емес. Мысалы, 9 сыныптағы қазақ халқының патшалы Ресей кезеңінде ұлт-азаттық көтерілістерге арналған, т.б. материалдарды алып қараңыз. Сол оқулықтағы күйіне 45 минут көлеміне сыйдыра отырып, оқушыға ескерер жәйт сіз түсіндіріп қана шектелмейсіз ғой. Оқушыдан өтілген материал мен үй тапысрмасында сұрап үлгеруінің керек. Осыдан барып оқушының сабақка (әрине, бәрі емес болар) немқұрайдылығы пен қызықпаушылығы туады. Ал ұзақ сонар материалдарды күштеп танып, тықпалай беру салдарынан өзіміздің ортақ ұлттық құндылығымыз тарихымызға деген салқындық лебін туғызады. Осыдан барып ұлттық болмыстан тыс қалып, ұлт құндылығына менсінбей қарауга әдеттенген, талғамы ұлттық болмыстан алшақтаған ұрпақ қалыптасуда. Ұлттық патриотизмді өлтіретін ең қатерлі немқұрайдылық жады осыдан шығады. Оқушының берілген материалды меңгеру процесін жеңілдететін танымдық жэне ойлау қызметінің дамуына ықпал етерлік әдіс-тәсілдер таблица, диограмма, тест, т.б. мүлдлем қарастырылмаған.
Сыныпта сапалы білім берудегі негізгі міндеттерін әр мұғалім өз тәжірибесіне қарай түрлі творчестволық жолмен өзінше шешетіндігі белгілі, бүл күнделікті жұмыс әдіс ғана болып қала бермек. Сабақтың табысты өтуі мұғалімнің дайындығына, білімі мен іскерлігіне, қабілет тәжірибесіне, өз мамандығына жан-тәнімен беріліп атқаруына да байланысты болар. Бұл, дегенмен өзімізді-өзіміздің алдауымыз. Себебі, сабақты түрлендіру тек ашық сабақта ғана өткізіледі. Өзімізге белгілі мұндай сабақтарға мұғалім өзінң біліктілігі мен кәсіби деңгейіне орай материалдар жинап, сабақты барынша түрлендіруге тырысады. Ашық сабақтың практикалық маңызы болғанымен, бұл әдістемелік тәжірибе ғана. Ол мұғалімнің жақсы әдістерін насихаттауға, сабақты жетілдіруге көмек беріп, шеберлікті шыңдауға жәрдемін тигізгенімен оқу құралы да бола алмайды. Ондай сабақ пен күңделікті жұмыс барысындағы сабақ айырмашылығының ара салмағын әрбір мұғалім жете біледі. Әрине, өзінің ісіне шын берілген, күнделікті сабағына өте жоғары әзірлікте жүретін ұстаздарды да жоққа шығаруға болмас. Бірақ жеке бастың мүддесі тұрғысынан келгенде оқулықтағы бармен қанағат қылатьшымызды ешкім теріс демес. Сондықтан ендігі жерде оқулык мұғалім үшін қосымша әдістемелік оқу-кұралы қызметін қоса атқаруы тиіс. Бұл оқулықтағы білімді түсініп, қабылдаушы (оқушы) мен оны шәкірт түсінігіне.сай етіп жеткізуші (мұғалім) арасындағы процесті жеңілдету. Оқулықта екі жақтың да мүддесі қарастырылуы керек. Қазіргі окулықтарда оқушьның тапсырманы қабылдау қабілетінің деңгейі ескерілмеген. Сондықтан, ендігі жерде негізгі басылымдылық - міндетті түрде тарихи фактілерге негізделген ғылыми әдістерге берілуі қажет. Сонымен бірге, оқулықтың әдістемелік жолдарын баяндайтын сабақ жоспарларының да қоса шығарылғаны дұрыс. Мұғалім оны жазуға, дайындалуға қаншама уакытын жоғалтады (жазбайтынымыз қаншама). Сол арқылы мұғалім еңбегін жеңілдетіп қана қоймаймыз, оның одан әрі тәжірибесіне сай өз еркімен сабақ жоспарын толықтыруға, жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Оқушы фактілерді берік меңгермесе тарихи білім жүйесі калыптаспайды, оқыту процесі барысыңца сол кезендегі фактілердің себептері мен сипаты ; міндетті түрде ашылып көрсетілуі тиіс. Тарихи фактілерді меңгеруден білімді , игеру басталады. Тарихи фактілер схема түрінде берілсе, оқушыны қызықтырып тақырыптың негізгі мақсатын, білім мазмұнын ашуға көмектеседі. Тарихи құбылыстар мен схема арқылы танысу оқушыға тарихи фактіні өзі талдай алуына мүмкіндікбереді.
Тарих дегеніміз – тарихи фактілердің тізімі ғана деген түсінік қалыпттастырмау үшін, оқулыққа тарихнама деректерінің енгізілуі де ескерілсе, өтілген тақырыптарды жинактап, эр тарау соңында аса маңызды, түйіңді деген, хронологиялық сәйкессіздігі дау тудырмайтындай нақты тарихи білім элементтері іріктеліп, маңызды даталар, атаулар, тарихи тұлғалар туралы қысқаша мәліметтермен бірге тест тапсырмалары құрастырылып берілсе.
Алматы қаласындағы «Мектеп» баспасынан басылып шыққан «Қазақстан
тарихы» оқулығы (Авторлары: Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев,
Е.Қалиева, Т.Далаева.А. «Мектеп». 2006 ж.) тоғыз тараудан тұрады. Бұл оқулықтың кемшілік тұстары сонда «Страбон өй деді, Плутарх бүй деді»
деген балама пікірлер өте көп. Бұл сөйлемдер баланың ойын сан алуан тоғыспайтын тұжырымдармен шатастырады. Оқушы— студент емес.
Сондықтан оған жатық түсіндіру үшін ғылыми астарлы ойларды шектеп, жүйелі жазу керек. Сонымен бірге етілетін тақырыптардың ауқымының молдығы соншалықты, оны бір параграфқа сыйғызып, топтап оқыту мүмкін емес.
9-сыныптарға арналған «Қазіргі заман тарихы» (Авторлары:
Қожахметүлы Кеңесбай, Шөпеков Әбдігали, Ғүбайдүллина Мария, Бекіш Райхан. А. «Мектеп».) жазған оқулық әрі сапалы, әрі жүйелі, тек тақырыптарға бөлінетін сағат сандарының көлемін ұлғайтса нұр үстіне нұр болар еді. Ал қорыта айтқанда оқулықгарлың қайталан қаралып, жүйелі жазылуы құба-құп дер едім. Сондықтан еліміздін, жас ұрпақтың ертеңі үшін тақырыптарды ерінбей қайта карауды етінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |