Бекету сұрақтары:
1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлерін айтыңыз?
2. Тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері қалай жүзеге асады?
3. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістерді атаңыз?
4. Тарихи кеңістікпен уақыттағы құбылыстарды тудыру жолдары қандай?
Әдебиет:
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984
3. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.
№6 Дәріс Тарихи түсініктердің қалыптасуы.
Негізгі түсініктер: термин; тарихи түсініктер; жалпы тарихи түсініктер; дара тарихи түсініктер; әлеуметтану түсініктері.
Мақсаты: Білім алу процессінде тарихи түсініктердің қалыптасуының мағынасын көр-сету. Тарихи түсініктердің мәнін, ұғымын ашып, толық түсіндіру;Түсініктердің әр түр-лері тобын қарастыру.
Жоспар:
1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері.
2. Тарихи түсініктерді топтау
3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлар.
1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан тарихы ғылымының дамуы түрлі ғылыми терең маңызы бар мәселелердің еркін зерттелуіне өте қолайлы жағдай туғызып отыр. Енді бұдан былай ғылымның барлық мәслелері объективті, саяси сұраныстан азат жағдайда зерттеліп, бұрмаланбаған тарих жазылуы тиіс. Зерттеудің негізгі әдістік принципі ретінде ақиқаттың тұруы шарт.
Көшпелілер өркениеті тарихындағы зерттелетін мәселелер әлі шексіз. Әсіресе тарихнамалық және деректану саласына сәйкес, қазақ қоғамындағы шежіре институтының және қазақ шежіресінің жазба дәстүрі зерттелуінің қажеттілігі ерекше маңызды. Бүгінгі күні бұл ғылыми мәселе эмпирикалық материалдардың көптеп жинақталып, толығуымен белгілі болып отыр. Ендігі міндет-осы жиналған материалдардың барлығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, талдау.
Курстың мақсаты тарих шын мәніндегі ғылыми мағынаға қоғамдық ғылымдардағы әр түрлі көзқарастар мен бағыттардың арсындағы бәсекелестік пен пікірталас тарихын, адамзат қоғамындағы білімнің жинақталу процесін, бұрын белгісіз деректерді ғылыми айналымға енгізу тарихын, тарихи-таным әдістемесінің дамуын терең әрі жан-жақты зерттеу. Бүгінгі таңда тарихқа жаңа көзқарасты қалыптастыру. Қазақстан тарихы бойынша көптеген еңбектер жариялап, ғылыми жұмыстардың ауқымы кеңейте түсуде.
2. Тарихи түсініктерді топтау. Түсінік. Оқып үйренген деректердің негізіңде оқушы санасында белігілі бір тарихи ұғымдар жүйесінің нақты түсінігі қалыптасады. К.Д.Ушинский оқушыларды алаңдатуды емес, нақты бейнелікке, көрнекілікке негізделген түсінік қалыптастыруды ұсынады. Оқушының санасында дұрыс, толық түсінік қалыптастыру үшін бейне картинаны көрсетіп, оны ауызша түсіндіру жеткіліксіз. Оған қоса ол ұғымды нақтылап, бекітуге көмектесетін әдістерді қолдану керек. Ондай әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу немесе нысанды кескіндемелік тұрғыдан қайта жаңғыртуды атауға болады.
Дәуірге тән бейне қалыптастыру әсіресе орта буын оқушылары үшін аса қажет. Бұл жерде тарихи картиналар мен образдар сияқты білім элементтері негізінде пайда болған қиял тарихи ұғым қалыптастыруымызға ұласатын болғандықтан оны түсінікті етіп, барынша тәптіштеуге тура келеді. Ондай болмаған жағдайда оқушылар өткен шақты бүгінмен шатастырады да олардың жауаптарында мынадай қате сөйлемдер кездесуі мүмкін: Түрік қағанатында құлдардың жағдайы ауыр болды, олар жыртық джинсимен жүрді, нсмесе шет ел елшілерін күткен Абылайханның дастарқаны молшылықтан майысып тұрды, онда конфеттер мен шоколадтар өте көп болды.
3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлар. Ауызша тарихнамаға пікір.Тарих өткен өмірді сөз еткенімен бүгінгі және болашакка кызмет етеді. Кез-келген тарихи танымның өзегінде белгілі бір ұлттын, тайпанын, рудын, тіптен жеке адамнын өмір тәжірибесі, мақсат-мұраты, моральдық-этикалық нормалары жатады. Түптеп келгенде, тарих дегеніміздің өзі өмір танудың, қоғам танудың, адам танудың ұлы мектебі. Осы орайда, жалпы шежіре тарату дәстүрі, оның ішінде қазақтық далалық ауызша тарихнамасы (ДАТ) тарихи танымның елеулі бір арнасы болып табыладытынын түсіндірудің оқушы ұғымына сай қарапайым мысалмен жеткізу тәсілдерінің жолдарын қарастыруымыз шарт.
Евразия көшпелілері сөз болғанда олардың көшпелі өмір салтынан да бұрын, сол өмір салт дүниеге әкелген төлтума мәдениетінен де бұрын, алдымен адамзат тарихының қозғаушы күші болғанына назар аудару керек. Материалдық және рухани мәдениеттің халықтар арасындағы ауыс-түйістігі адамзат өркениетінің бірден-бір кепілі болса, осынау тарихи қажеттіліктің бірінші арба-кеші көшпелілер еді. Күні бүгінге дейін Алтай мен Карпат арасында тарыдай шашылған Скиф қорғандарынан Мысырдың (Египет), Грекияның, Иранның, Ассирияның, Урартудың, Қытайдың, Үндінің өнері мен тұрмыстық заттарының ұшырасуы тегін емес. Қос құрлықты кектей соған сай келетін материалдық және рухани игіліктер қалыптастыру, түптеп келгенде төлтума (самобытный) мәдениетін орнықтыру. Мейлінше аз күш жұмсау арқылы мол өнім алатын мал шаруашылыгы, Л. Н. Гумилевтің сөзімен айтқанда, "әрі қарай шыңдауға көнбейтін биікке көтерілді". Әрине, шыңдалған тек қана шаруашылығы емес еді. Ең алдымен, шыңдалған "адам сапасы" болатын. Кез келген өркениетті қоғамның түпкі нәтижесі сол қоғамдағы адам сапасымен анықталатын болса, көшпелілердің қабілет-күші мен ақыл-парасатының өзара үндесе кемелденуі, сөз жоқ, сол ортадағы өмір салттың әбден реттеле орнығуының нәтижесі еді.
Көшпелілердің осы қасиетін байырғы жиһан кездерден бастап, бүгінгі этнологтарға дейін, барлығы да бірінің ауызына бірі түкіріп қойғандай тамсана мойындайды. Алайда, көшпелілер қоғамындагы адам сапасының тарихи-әлеуметтік сыр-себебі, қоғамдық тетігі арнайы зерттеудің объектісі болған емес. Расыңда, мал шаруашылығын әрі қарай шыңдауға көнбейтін биікке көтерген коғамда, аз күш жұмсау арқылы мол өнім алатын қоғамда, бақташылықпен санаулысы айналысып, ал адамдардың басым көпшілігі, Шоқан айтқандай "мұңсыз-қамсыз" ғұмыр кешкен қоғамда қалайша жүгенсіздік (анархия) бел алып кетпеген? Қалайша азаттығы - алаңғасарлыққа, еркіндігі-егесуге ұласып кетпеген? Қалайша далалықтардың арасында өлім жазасы, тән жазасы, абақтысы болмаған? Қалайша мыңдаған шақырымдық байтақ далаға қанат жайған көшпелілер өздерінік этномәдени тұтастығын сақтай білді? Неге әрбір көшпелі өзінің дәулет мұрасын "өкше басар ұрпағы"- іштен шыққан балалары мен "бөлінбеген еншісі бар"- үйіне келетін қонағына тек бөліп қалдырады? Неге сал-серілерін төбесіне шығарып еркелетеді? Неге домбырасынан басқа дымы жоқ ақын-жырау ханына қасқайып карсы келіп, қабырғасын сөккендей етіп сыл айтады? Неге көшпелілер қоғамындағы адамдар тек қана өздерінің қабілетіне орай еңбек етіп, тірлік жасайды? Неге адам мен қоғам тағдырын шешетін бас тұлға — билер сайланып қойылмай, халық арасынан сұрыпталып шығады? Ең сонында, неге әрбір көшпелі өзінін жеті атасына дейін біліп, жеті атаға дейін қыз алыспайды?...– деген сұрақтардың жауабын ұғындыру тарих мұғалімінің тәлімгерлік шеберлігін қажает етеді.
Міне, көшпелілер мәдениеті, көшпелілер болмысы, көшпелілер феномені деген мәселеге осы сияқты қасиеттерді танып-түсінгенде ғана өзінің сыр-себебін ашуға тиіс. Алайда, бір шындыққа күмәнсіз дем қоюға болады. Ол - көшпелілер қоғамы үшін ғасырлар сынынан өткен салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының сол қоғам өмірін реттеуде, үйлестіруде ұлы міндет атқарғандығы. Түптеп келгенде, кез келген қоғамның, кез келген ұлттың мәдени рухани өресі салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың орнықтылығымен өлшенуге тиіс. Бұл орайда, көшпелілердің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары ұдайы қоғам мүддесімен үндесіп, ұдайы өмір салтты шындауға қызмет етіп отырғандығын көреміз. Міне, қазақтың шежірешілдігі мен тарихи санасының сергектігін осы қасиеттердің аясын оқушыларға танымтыруға болады.
Теңізшінің қолындағы компас сияқты қажеттілік болған. Сары даланы шежірешілдік көшпелі қоғамдағы әрбір қазақ үшін өмір сахынасы етіп, ат үстінде айшылық жерге сапар шегетін қазақтың жолшыбай ұшырасқан адаммен туысындай шұрқырасып табысып, жолшыбай кездескен ауылға өз үйіндей еркінсіп түсуі, ең алдымен сол далада тіршілік құрудың кепілі болған. Сондықтан да, бұл далада адам жатсынбау, бауырмал болу — көшпелі өмір салттың бұлжымас заңына, бұзылмас әдет-ғұрпына айналған. Мұндай әдет-ғұрыпсыз осынау байтақ даланы игеріп, тіршілік құру мүмкін емес еді. Мұның сыртыңда, жаңағы жапан түзде кездейсоқ ұшырасып, шұрқырап табысатын адамы шынында да туысы болып шығатыны, жолшыбай кездескен ауылдың шынында да сүйек-шатыс болып шағатыны рас. "Қарға тамырлы қазақ" дейтін тұрақты сөз тіркесінің мәні сонда.
Осы орайда: "Сонда қалай, тұтас бір ұлттың адамдары бір әулет сияқты өзара қандас туыс болғаны ма?!" деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Дәл солай! Бір ғажабы бұл әрісі көшпелілердің, берісі қазақ ұлтының ғана бойына біткен ерекше қасиет емес. Мұндай қасиет дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі ұлттар мен ұлыстардың баршасына тән. Себебі, кез келген ұлттың өмірінде ұдайы этнобиологиялық тұтастану процесі тоқтаусыз жүріп жатады. Тек, бұл процеске көптеген ұлттар мән бермейді немесе отырықшылыққа байланысты этноинтеграциялық процесс шын мәнінде солғын өтеді. Ал, көшпелілер арасында экстенсивті мал шаруашылығына байланысты этноинтеграциялық процесс мейлінше қарқыңды өтеді және ол процесті әрбір көшпелі қалысыз есіне сақтайды. Міне, көшпелілердің тарихи санасының сергектігінің сыры осында. Көшпелілердің, бәрісі қазақтың елден ерек шежіреші болуының сыры неде? Ол шежірешілдігі кандай қажеттіліктен туған? деген сұрақтардың жауабын ұғындыру тарих мұғалімінің тәлімгерлік шеберлігін қажает етеді.
Қазақтың жеті аталық үрдісін тек қана жеті буын ұрпақта есте сақтай білу, одан әрі қыз алысып, қыз берісу деп жалан түсінуге болмайды. Жеті аталық үрдістен туындайтын қандастық мың-сан жөн-жоралғы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалык нормалар түрінде ұлттық өмір салттың төл-тумалығын орнықтырып отырған. Мұны туысқан аралық қарым-қатынас нормаларынан айқын аңғаруға болады. Біздін бұл шағын еңбегіміз қазақтың туысқан аралык қарым-қатынас нормаларын тәптіштеп жазуды көтермейді. Ол өз алдына бөлек, арналы әңгіме. Сондықтан, туыстық атауларды көктей шолып өтумен ғана шектелеміз. Бұл орайда, қазақ арасындағы туыстық атаулардын молдығы мен қазақ шежірешілдігінің арасында тікелей байланыстың бар екенін атап өткен жөн. Шежірешілдік — құрғақ хронологиясы немесе адам аттарының жалаң тізімі емес. Қазақ шежіресінің тарихи айқындамасы туыстық байланыстарды саралауға негізделген. Демек, туыстық атауларды белгілі дәрежеде шежірелік термин деуге болады.
(ДАТ), біріншіден, ұзақ есте сақталуына, екіншіден , өзара жалғастыру мүмкіндігінің молдығына байланысты көп өзгеріске ұшырамауына, үшіншіден, субъективизмге ұрынбауына, яғни өтіріктің айтылмауына себепші болып отырған. Бұл жөнінде Шокан Уәлиханов былай дейді: "Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да еткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе елен-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай кайталанатынын кайтерсіз. Көшпенді сауатсыз ордадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық",- деген сөздерін оқушылар санасына беру арқылы, тарихты ауызша айту дәстүрімен таныстырамыз.
Қорыта келгенде, ғылымда тарихи түсініктің үш түрі белгілі. Олар өткен кезең туралы түсініктер (материалдық, әлеуметгік-саяси, адамдардың тарихи-мәдени өмірі және т.б.); тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғалар мен кұбылыстың ұзақтығы, бірізділігі); тарихи кеңістік туралы. (оқиғаның нақты әрекет ету орнына тәуелділігі). Бұл түсініктердің бірлігі оқушының тарихи танымына негіз қалайды. Тарихи ұғым деректерді түсіндіру мен жүйелеуде, басқа ұғымдарды қорытуда аса қажет. Жетекші ұғымдардың мазмұнын нақтылап және кеңейту нәтижесі біртіндеп іске асқаны орынды. Бір сабақтан келесі сабаққа өткенде ұғымдардың жаңа қыры ашылып, оның басқа ұғымдардан ерекшелігі, олармен байланысы айқыңдала түседі.
Ұғамдар белгілі бір сабақтастықты сақтау арқылы игеріледі. Далалық ауызша тарихнама дәстүрінің арқасында халықтың тарихи жады мейлінше көне заман естеліктерін әлі күнге есте сақтап отыр. Қазақ тілінде күні бүгінге дейін "әлім-сақтан бері", "сақпанның оғындай", "бесенеден белгілі" деп айтылып тұрақты сөз тіркестері бар. Осынау атаулардың мағынасы Евразия даласында әрісі үш мың жыл бұрын, берісі мың жыл бұрын өмір сүрген сақ, дай (адай, әлім), печенег сияқты ру-тайпалармен тікелей байланысты екеніне күмән жоқ.
Бұл орайда шежіре пәні қазақ тарихының бас оқулығы ретінде Республикада оқу орындарының бәрінде оқытылуы шарт деген пікір білдірушілерде бар. Сонымен бірге ілгері дамудың кепілі болып та саналатын тұжырым оқушылардың санасына берілу керек. Ал оны жеткізу оқытушылардың шығармашылық дағдыларын шеберлігін қажет етеді.
Бекету сұрақтары:
1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері қандай?
2. Тарихи түсініктерді қалай топтауға болады.
3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлартуралы не білесіз?
Әдебиет:
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984
3.Ө.И.Исенов. Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары 3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб.
№7Дәріс Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінін қалыптасуы.
Жоспар: 1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалып-тасуы.
Мақсаты: Тарихты оқыту процесінде оқушыларда дамитын білімнің негізін меңгеру. Ал-ған білімді іс жүзінде көрсете алу қабілетін дамыту.
2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.
3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:
а/ тарихи материялдарды талдау және синтездеу.
б/ тарихи құбылыстарды салыстыру.
в/ қорытынды жасау.
г/ тарихи материалды түсіндіру.
1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы. Казақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: "Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінін әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технолоғияларды жетілдіру болып табылады" — деп көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына, жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөнінде нақты тапсырма беріп ұлттың өрісі білім нәрімен сусынданғанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін үнемі ескертеді .
Сондай-ақ , қазіргі тәжірибеге енген кредиттік оқыту технологиясы-ның ерекшелігі — оқу процесін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік туғызып "жалпыға ортақ білім" парадигмасынан "әркімге арналған білім" парадигмасына қадам жасатады. Осындай ғылыми нәтижелер, қазіргі өркениет деңгейінен қалмай жанарту қажеттіліктерінен туындап отыр.
Бұл оқыту жүйесінің басты мақсаты болашак маманды шығармашы-лық ізденісте, ғылыми деректерге сүйеніп, ойын терең мағынада жеткізе алатын, өзіне де, өзгеге де сыни көзқарастағы білікті маман иесін қалып-тастыру болмақ. Ендеше, қазіргі әлемнің жетекші елдерінін көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды екен. Соған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ, тарих факультетінің "Тарихты оқыту теориясы мен технологиясы" кафедрасы" Тарихты оқыту әдістемесі" пәнінен 4-курс студенттері арасында белгілі бір тақырыптың мазмұнын зерттеудегі оқытудың дербес және топтық түрлерін тиімді пайдалану жолдары жан-жақты қарастырылған. "Голощекин тұсындағы Алаш зиялыларының тағдыры" тақырыбын алдын-ала сту-денттерге жан-жақты дайындалып келуге оқытушы тарапынан тапсырмалар беріледі. Студенттерге алдын-ала тапсырмалар берілмес бұрын, білім берудің нормативтік құжаттарынан бөлек, тақырып мазмұнына сай, тарихи еңбектердің тізімін ұсынған жон. Мысалы:
1. М. Қойгелдиев "Алаш қозғалысы" (көмекші оқу кұралы). Алматы, «Санат», 1995
2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді?». Алматы, «Ана тілі», 1993 ж.
3. Қ. Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда». Алматы, «Ататек», 1995ж.
4. Т. Омарбеков «1920-1930 жылдардағы Қазақстан қасіреті». Алматы, «Санат», 1997 ж. т.б. сол сияқтылар.
Оқытушы интерактивті тақтадан сызбалардағы сұрақ тапсырмаларына, студент-терді топ, жұпқа болу арқылы жауаптар берудегі өзіндік тұжырымдау көзқарастарын тыңдап, бағалайды.
2. Мектепте тарихшы оқыту процесінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.
XXI ғасырдағы тарих сабағынының өзекті мәні, ерекше мақсаты бүгінгі тәрбиеленіп отырған жастың «Өз елінің ұйтқысы, ел тағдырын шешуші ұлтының өкілі» екеңдігін жүрегімен сезіне білуге тәрбиелеу.
Қазақстан егемендігін алып 10 жыл мерзімді бастан өткеріп елеулі жаңа кезеңге иек артып отыр. Ел дербестігіне ие болған бүгінгі жағдайда кешсөз тағдыры басқаның қолыңда болған қазақ ұлты енді басқанын тағдыр тауқыметін мойнына алды. Олай болса Қазақстан республикасынын бет-бейнесі, жеткен жері еңәуелі қазақ ұлтының жетістігімен өлшенеді. Ендеше бұл қазақ ұлтынан бұрынғыдан бірнеше мәрте артық күш-қуат, білім парасатты талап етеді.
Ал бүгінгі езіміз тәрбиелеп отырған жеткіншектер осы талапқа дайын ба деген сауалға жауап беруге келгенде күмілжіп қаларымыз шындық.
Олай болса жастардың ел тағдырын шешуші ұлттың екілі екеңдігін сезініп өсу үшін Абайтанудың өзіндік моделін жасау немесе оның шығармаларын, қара сөздерін тарих, құқық, қоғам пәндеріне үнемі жүйелі қолданып отыру керек. Қазақта күні бүгінге дейін озық ой, парасат, өнер, кәсіптік бағдарға, ұлттык қарым -қатынас, ел билеу, заң, сот, қала берді нарық мәселесі саласына қалам тартып, дәл көрсетіп философиялык ой түнген Абайдан асқан ешкім жоқ.
Соңдықтан Абайдың қара сөздері мен ой толғамдарын тарих, адам және қоғам құқык пәндеріне тәрбие мақсатын белгілегенде үнемі тірек ету қажет деп ойлаймын.
Ұлы ойшылдың қоғамтану, философиялық, саяси-әлеуметтік көзқара-старына арналған есептері көп. Сабақта тек тарихи көзқарастарына байла-нысты өлең, қара сөздерін пайдаланамын. Жыр пайғамбары дүние жүзі ха-лықтарынын арғы-бергі тарихынан хабардар болған, ежелгі дүниетарихын, орта ғасыртарихын жатқа білген.
3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:
а/ тарихи материялдарды талдау және синтездеу.
Оқу атериалына құрылымдық-функциялық талдау.Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық-функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мүғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулыктың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесуі мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталады.
Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал жасаған деректер. Олар сабақ мазмұнынының фатологиялық негізін құрап, тарихи даму процесіндегі маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі талдаудан негізгі қорытынды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің мазмұны мен байланыстарында оқушылардың дүниетанымдық идсялары мсн ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық, мағлұматтар болуы мүмкін. Теориялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып келеді.
Басты деректердің арасында маңызды теориялық мазмұн арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйрснуі оқушылардың сезімдік толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және шығармашылық қиялын дамытады.
Сабақта басты деректерден басқа қосалқы оқу материалдары - қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық жәнс басқа да деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз аттың үстіндс қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгендігін, ал оның ұрпағы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсентгің Римдегі Олимииадалық ойындарда чемпион болғандығын екінің бірі біле бермейді.
г/ тарихи материалды түсіндіру.1. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту оқушыларға Казақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибелерді баяндайтын тарихи білімдер негізін игеру, оқушылардың Отанға, туған жерге, өз ұлтының тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеу, жеке түлғаның қалыптасып дамуында ерекше орын алады.
2.Қазақстан тарихы оқулығындағы маңызды идеялар, ұғымдар мен түсініктер нақтыланғанда көптеген кұбылыстар мен оқиғалардың ішінен білімдік, танымдық-тәрбиелік жағы ең маңызды фактілер мен идеялар: мұнда әсіресе "Отан, туған өлке, Қазақстан – менің Отаным, халықтар арасындағы татулық пен келісушілік, ізгілік, мейірімділік, адамгершілік, өркениеттілік, ұлт-азаттық қозғалыс,тәуелсіздік," т.б. ұғымдарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Басқа ұғымдардың маңызды белгілерін толық, түсінікті ашып көрсете отырып, фактілерді шамадан артық пайдалан-бай,материалды ашып көрсету өзінің игі әсерін тигізетіні дәлелденді.
3.Оқулық компоненттерінің (мәтін, игеруді ұйымдастыру аппараты, иллюстративтік материал, бағдарлау аппараты) үйлесімділігін сақтау, оларды мейлінше тиімді пайдалану отандық тарихты оқытуда жастардың қызығушылығын арттыруға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға негіз бола алады.
4.Бүгінгі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, республикамыздағы мектепті реформалау ісі, педагогика ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар негізінде оқулықты оқыту үрдісінің негізгі өзегі, оқу пәнінің моделі деп қараумен қатар, біз оқулықты жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, елжанды азаматты тәрбиелеуге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға,өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғалық бағдарлы оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырамыз. Оқулық- мемлекеттік білім стандартыньң талабына сәйкес оқу бағдарламаларында анықталған білімнің дайындық деңгейлері мен оқу-әрекет түрлерінің негізделген минимумын дамы-туы тиіс деп түсінеміз. Оқулық алынған терең де сапалы білімнің, білік, дағдылардың негізінде өздігінен дербес білім алатын, ізденетін және өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, өз тәжірибесінде қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |