4. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерешеліктері.
Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмұны, хронологиялық шеңбері мен кезендері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Азия және Африка, Америка, Еуропа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама. Ерте орта ғасыр, орта ғасырлық гүлдену кезеңі. Орталыктанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталық Еуропадағы феодалдық күйреу. Батыс Еуропа мәдениеті. Ұлы географиялық ашулар және отарлық шапқыншылық. Еуропа елдерінің кейінгі отағасыр тарихы. Еуропа елдерінің экономикалық , әлеуметтік және мәдени дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрылымындағы түбегейлі өзгерістер. Реформация, контрреформация, қайта өрлеу сияқты жалпы еуропалық процестер. Еуропалық және Азиялық аймақтардағы экономикалық және саяси дамуға географиялық және климаттық ерешеліктердің ықпалы. Тарих сабақтарында және үй тапсырмасын орындауда оқулық материалдарын пайдалану. Тұрмыс, салт-дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер тұлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға көңіл аудару.
4 Бөлім
Қазақстан Республикасы тарихы оны оқыту әдістемесін қалыптастыру.
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, шығыстық өркениеттің қайталанбас қожайыны үлгілерінен ұрпақтарына қалдырған бабалар даналығы мен бейбіт жасампаздық құндылықтарына қызығушылығын арттыруы және құрметпен қарауды қалыптастыру.
Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жүмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой-елегінен өткізе білу дағдыларын окушылардың бойына-қалыптастыру.
І.Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді қалыптастыру.
Әдіскерлік құрылымдық талдау - мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны. Тарихи білім мен фактілер. Оның Қазақстан тарихын оқыту процесі деп тарихи ұғымды қалыптастыру.Оқушылардың тарихи процес желісін түсінуіне негіз жасау.
2.Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі.
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі және олардың байланысы.Тарихты оқытудың екі түрлі әдістері ауызша және оқу материалын түсіндіру,әрі оқу (оқушылардың таным қызметі).Танымдық қызмет түрлері – варианттары.Әдістеме түрлері: көрнекілік әдісі,әңгімелесу және практикалық (тәжірибелік). Ой қызметі түрлерінің сипаттамасы: пәндік,бейнелеу,схемалық көрнекілік. Қазақстан тарихын оқытудағы әдістемелік тәсілдердің топтары және олардың сипаттамасы.Қазақстан тарихын оқытудың мәселелері.Қазақстан тарихы сабағындағы танымдық міндеттері. Қазақстан тарихы пәнің оқыту.Қазақстан тарихы оқулығының мәтіндерімен жұмыс істеу әдістемесі.Қазақстан тарихын оқытудың әдісі.Қазақставн тарихы көрнекілік құралдарды топтастыру.Көрнекіліктер, бейнелеу көрнекілік,шартты графикалық схемалық көрнекілік,өз қолымен жасалған көрнекілік,оқытудың аудиовизуальдық құралдары.Көрнекілікпен оқытудың тәсілдері.Оқушылардың танымдық қызмет тәсілдері.Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде көрнекілік материалдарын,ғылыми деректерді іріктеп алуы.Тарихи өлкетану материалдарын оқытудағы көрнекілік рөлі.
Бейнелеу (суреті) көрнекілік. Қазақстан суретшілерінің тарихи тақырыптарға салған картиналары,тарихи портреттер, газет, журнал, кітаптардағы тарихи иллюстрациялық материалдар.
3.Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы.
Қазақстан мектептерінде 1920-1930 жылдары тарихты оқыту жайлары.Қазақстан мектептерінде 1940-1950 жылдардың басында оқыту мәселелері.1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басында Қазақ КСР тарихын оқытудың әдістемесі мен мектепте тарихи білім берудің дамуы.Қазақ КСР тарихының жаңа оқулықтары мен бағдарламалары.Қазақ КСР тарихын оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру.Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің ғылыми негізінде теориалық және әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер-тарихшылардың қосқан үлесі.Жалпы білім беретін мектептерден оқу жоспарында жаңа дербес пән «Қазақстан тарихы» курсын енгізуге байланысты Қазақ КСР тарихын оқыту әдістемесіндегі өзгерістер. Қазақстан тарихы пәнінің жаңа бағдарламалары мен жаңа оқулықтары. Қазақстан тарихы мектептерінде оқыту әдістемелерінің болашағы.
4.Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі.
Қазақстан тарихы мектеп ретінде.Мектеп Қазақстан тарихы курсының ғылыми негізіндегі құрылымы.Қазақстан мектептерінде білім берудің қазіргі жүйесі.Қазақстан тарихы курсын оқытудың құрылымы: әр курсты оқытуға бөлетін уақыт.Қазақстан тарихын оқытудың міндетті. Қазақстан тарихы курсының сипаттамасы. Курстардың хронологиялық қалыбы оны кезеңдерге бөлу. Қазақстан тарихы курсының құрылысы. Оқушылардың жас мелшеріне сэйкес тарихи фактілердің жүйесі. Қазақстан тарихы курсының негізгі ұғымдармен дүниетанымдық идеялары. Қазақстан тарихы курсының ұлтаралық қатынастар мәдениетін игерту, адамгершілік және гуманистік мораль нормаларының мүмкіндіктері.
5.Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын оқытудың ерекшеліктері.
Пән және курс мақсаты, негізгі оқу материалы. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы. Көшпенді дала өркениетінің мәнін ашып көрсету. Қазақ халқының материалдық жағынан дамуы. Мемлекеттік және тарихи тұлғалардың тарихтағы орны. Қазақстанның ежелгі тарихының хронологиялық шеңбері. Кіріспе «Тарихқа саяхат», «Қазақстанның орта ғасыр тарихы». Негізгі түсіндірмелік аппарат. Негізгі икем. Хронологиялық рамка. Сабақ жүргізудің интерактивті түрлері. Қосымша мәліметтер. Хрестоматиялар. Қазақстан тарихын оқыту әдісінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы. Көп ұлтты мемлекеттегі жергілікті, аймақтық және ұлттық тарих аралық баланс. Фольклорлық материал. Мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану. Салыстырмалы- тарихи әдістерді пайдалану.
6. Жаңа және жаңаша тарихты оқытудың ерекшеліктері.
Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.Курстың оқушыларды адамгершілікк тәрбиелеудегі ерекшеліктері. Мектепте 8-9 және 10 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні. Олардың сипаттамасы. Курстардың хронологиялық шеңбері, кұрылымы және кезеңдерге бөлінуі. Окушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, тарихи фактілердің жүйесі. Курстардың негізгі ұғымдары мен әлемдік көзқарастарының идеясы. Қазақстан тарихы курсының оқушыларды, жастарды ұлт аралық қатынас мәдениетіне, азаматтану мен гуманистік мораль нормаларына тәрбиелеудегі мүмкіндіктері. Өлкетану материалдарын оқьггудың әдіскерлік жүйесі.
Қазақстан тарихын оқытудағы тарихи білімді қалыптастыру. Мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұнына құрылымдық әдістемелік.
МАЗМҰНЫ
Типтік бағдарлама .....................................................................
Пән бойынша жұмыс бағдарламасы ........................................
Силлабус......................................................................................
Лекция сабағының жиынтығы..................................................
Көмекші және көрнекілік материалдар....................................
СОӨЖ тапсырмалары................................................................
СӨЖ тапсырмалары...................................................................
Аралық қорытынды бақылауды өткізуге арналған
материалдар.................................................................................
Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздануының картасы.................
I.ПӘННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасының Президентінің 2030 жылға дейінгі елді дамытуға арналған стратегиясы табыспен жүзеге асуда. Елбасының бастамасымен Қазақстанның дүние жүзінің таңдаулы елу елінің қатарына кіру жоспары жасалды.
Еліміздің өркендеу, халқымыздың әл- ауқатын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқаруда әрине, алдымызға қойған жоспарлы бағыт- бағдар, белгілі бір межеге жетудің жан- жақты ойластырылған тетіктері болу шарт. Нақ осы тетік – «Қазақстан-2030» даму стратегиясымен ұштасып жатқан, ел Президентінің жыл сайынғы халыққа арнайтын Жолдауы.
«Қазақстан-2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен белгілі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.Демек, Қазақстан тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты студенттерді адамзат баласының оқыту әдістемесінің жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік оқыту әдістемесінің шығармашылық шеберліктерін өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Тарихты оқыту әдістемесі пәнін игеру барысында алға қойылған
мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттер туындайды:
Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Сондықтан студент бойында жоғарғы идеялдық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайныдауға оқытудың негізі формасы сабақтың, әрбір сыныпта тарих пәнін оқыту әдістемесі мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануымыз керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу- тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында студентрдің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр ХХІ- ғасыр компьютер мен интернет жүйесіндегі білім қалыптастыру ғасыры екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Яғни, шегініс жасай беру басқа елдермен білім деңгейіндегі жетістіктеріміздің терезесі тең ел саналуына кері ықпал етеді.
Ұсынылып отырған бағдарламада Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тарих, этноло-гия, саясаттану, антропология, психология, педагогика философия, сияқты гуманитарлық ғылымдармен байланысына баса назар аударылды.
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тақырыптық жоспары.
/ Күндізгі оқу бөлім /
№
|
Тақырыптар
|
Дәріс
|
1
|
Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты
|
2
|
2
|
Мектептегі тарихи білім білім берудін қазіргі жүйесі.
|
2
|
3
|
Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы
|
2
|
4
|
Мектептегі тарихи білімнін қалыптасуы.
|
2
|
5
|
Тарихи құбылыстарды тудыру
|
2
|
6
|
Тарихи түсініктердің қалыптасуы.
|
2
|
7
|
Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінің қалыптасуы.
|
2
|
8
|
Оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер.
|
2
|
9
|
Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсәлдері.
|
2
|
10
|
Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері.
|
2
|
11
|
Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінің байланыстыра оқытуды жетілдірудің ғылыми әдістемелік жолдары.
|
2
|
12
|
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.
|
2
|
13
|
Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.
|
2
|
14
|
Тарихты оқыту процессіндегі білімді бағалау мен баға беру жүйесі.
|
2
|
15
|
Тарих мұғалімі
|
2
|
|
Барлығы:
|
30
|
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тақырыптық жоспары
/Сырттай бөлім/
№
|
Тақырыптар
|
Дәріс
|
1
|
ТОӘ курсының міндеті мен мақсаты
|
2
|
2
|
Қазіргі кездегі мектептік тарихи білім жүйесі.
|
2
|
3
|
Мектептік тарих оқулықтарына мінездеме беру.
|
1
|
4
|
Оқушыларға тарих білімін қалыптастыру
|
1
|
5
|
Тарихи көріністерді сабақ барысында құрастыру.
|
2
|
6
|
Тарихи түсініктерді қалыптастыру.
|
1
|
7
|
Оқушылардың тоқсандық білім сапсының көрсеткіштерін есептеу.
|
1
|
8
|
Әдіс және оқыту әдістемесі.
|
2
|
9
|
Көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар.
|
1
|
10
|
Тарих сабағында баспа мәтіндермен қолдану әдісі.
|
2
|
11
|
Мақсат қою технологиясы
|
2
|
12
|
Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар
|
4
|
13
|
Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.
|
2
|
14
|
Тарих сабағына тыс жұмыстар
|
2
|
15
|
Тарих Мұғалімі.
|
1
|
16
|
Сабақтың талдауы.
|
2
|
17
|
Оқу процессін ұйымдастыру. Жұмыс құжаттарын қорғау және жобалау.
|
2
|
|
Барлығы
|
30
|
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің дәріс
сабақтарының тақырыптары мен жоспары
№1 Дәріс: Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты
Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.
Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеме-нің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Жоспары:
1. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.
Мазмұны
1. Тарихты оқыту әдістемесі, даму ерекшеліктері. Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніндегі танымдық қабілетін дамытуда және білімін сыныптан тыс жүмыстың ролі. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері. Кейбір оқушылардың тапсырманы орындаудағы жекелеген өздік жұмыстары.
2. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты.Тарихты оқыту әдістемесі - мектептегі тарих курсьшының мазмүлын, мақсатын, оқыту кұралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайтын ғылыми педагогикалық пән. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту методикасының орны. Тарихты оқытудың методикалық жүйесінің пайда болуы. Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлар. Тарихты оқыту әдістемесінің тарихи және саяси - әлеуметгік пәндермен байланысы. Тарихты оқытудың зерттеу әдістері. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі тарихи пәндердің ролі. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің казіргі кұрылымы.
Бекіту сұрақтары:
1. ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты қандай?
2. «Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі» қалай жүрді?
3. Оқыту әдісінің қалыптасу сатылары қандай?
Әдебиет:
1. Тұрлығулов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А., 1984
2. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.– Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.
№2 Дәріс: Мектепте тарихи білім берудін қазіргі жүйесі.
Негізгі түсініктер:Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Мақсаты: Тарихи білім беру құрылымын құрастыра отырып, Қазақстанда мектептерде тарихи білім берудін қазіргі жүйесінің ерекшеліктерін көру.
Жоспары:
1. Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы.
2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі жүйесі.
3. Тарих бойынша мектеп бағдарламасына сараптама жасау.
а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме,
б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты
Мазмұны
1.Бұл бағдарламада мектептерде тарихты оқытудың негізгі Мәселелерін қамтиды.
Тарих - жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық курстардың өзегін құрайды.
1965 жылғы 14 мамырда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір дәрістер туралы» Қаулысына сай, КСРО тарихын 7-10 сыныптарына дейін жүйелі курс болып енгізілсе ал «Жаңа және «Қазіргі әлем тарихы» 8-10 сыныптарда оқытылатын болды Мектептегі бағдарламадан шамадан көп, қосьмша материалдың тым күрделі болуы оқу процесінде формализмге әкеліп, оқушылардың ұғынуына қиындық туғызды.
КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 ж. 8 қазандағы «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысына сәйкес, республика мектептерінде «Қазақстан тарихы» алғаш рет КСРО тарихының құрамында курс болып оқытыла бастады. Пәнді оқыту бағдарламасы мектептерге арнап біркелкі етіп жасалып келді.
1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарға жауап бере алмайтыны түсінікті.
Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:
-Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;
-оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;
-мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,
танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;
Авторлар оқыту әдістемесінің бұл типтік бағдарламасын жоғары оқу орындарында білікті маман дайындауға көмегі бар деп сенім артады.
3.Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары.Мемлекеттік стандарт. Бағдарлама жасаудың концентратты принципі.Хронологиялық принцип. Негізгі базалық компонент. Білімділік компоненті. Мазмұндылық компоненті. Жас ерекшеліктерінің есебі. Тарихты оқыту түрлілігі. 5-9 сыныптардың және 10-11 сыныптардың оку бағдарламалары.
Бекіту сұрақтары:
1. Мектептерде тарихи білім беру қалай қалыптасты?
2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі
жүйесі қандай?
Әдебиет:
1.Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
2.Тарих бағдарламасы 5-11 сынып А., 1993 А., 2000
3. Отан тану курсының бағдарламасы. Отан тану курсын оқыту туралы әдістемелік ұсыныстар). А., 1992
№3 Дәріс: Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы. (2 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |