Мектеп жұмысын жоспарлау



Дата10.05.2020
өлшемі79 Kb.
#66930
Байланысты:
реферат


Мектеп жұмысын жоспарлау

Мектеп жұмысын жоспарлау

Жоспары:

1. Жоспарлау туралы ұғым.

2. Жоспардың түрлері.

1. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.

Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.

2. Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады. Жоспардың түрлері:

• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;

• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;

• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;

• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.

Жылдық жоспарлар мамыр-маусым айларында жасалып, тпмыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.

Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық өкімет органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.

Перспективалық жоспарда болатындар:

• Оқушылардың, сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.

• Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер.

• Мұғалімдердің біліктілігін көтеру графигі.

• Құрылыс-жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу, т.б.

• Қаржы, сауда қызметі.

Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын беріледі.

Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының үлгісі:

Құрылымы:

1. Кіріспе:

а) Мөлтек ауданының ерекшелігі және мектеп жұмысына әсер ететін жағдайлар.

ә) Өткен оқу жылындары жұмыстың қорытындыларын қысқаша талдау.

2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс.

3. Озық тәжірибені зерттеу және тарату.

4. Мектептегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар.

5. Оқу-тәрбие процесіне басшылық.

7. Ата-аналармен, демеушілермен, жұртшылықпен жұмыс.

8. Мектептің материалдық-техникалық негізін нығайту. Қосымшалар:

а) кітапхананың жұмыс жоспары;

ә) ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары;

б) балаларға арналған жазғы сауықтыру жұмыстары.

Кіріспе. Шағын аудандарға, оның тұрғындарына, мәдени мекемелерге, мектепке зиян келтіретін қолайсыз жағдайларға қысқаша сипаттама беріледі. Өткен жылғы істелген жұмыстар талданып, жаңа оқу жылының міндеттері белгіленеді. Кіріспеде негізгі мәселелер жазылады: оқушылардың білім сапасы және тәрбиелілігі, білім және тәрбиелік іс-шаралардың деңгейі, т.б. Шешілмеген мәселелер аталып, себептері көрсетіледі. Білім туралы заңның орындалуы қадағаланады. Оқушылардың есебін алу түрлері және мерзімі анықталып, әр учаскеге жауапты адамдар бөлінеді. Балаларға берілетін көмектің түрлері көрсетіледі.

Педагог кадрлармен жұмыс бөлімі

1. Кадрларды орналастыру және міндеттерді бөлу. Мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің жүктемелері анықталады. Басқару циклограммасының міндеті – мұғалімдердің еңбегін реттеу, шамадан тыс күш түсірмеу, жиналыс, мәжіліс, қоғамдық жұмыстарды реттеу.

2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс. Педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс мазмұны анықталып, жұмысқа жауап беретіндер белгіленеді.

3. Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Ашық сабақтар, тәлімгерлік, т.б. жоспарланады.

4. Ғылыми педагогикалық ақпарат арқылы мұғалімдер жаңа педагогикалық әдебиеттермен танысады, әдістемелік бұрыштар ашылады.

5. Оқу-тәрбие процесін басқару. Бөлімде оқу және тәрбие жұмыстарының басты мақсаты көрсетіліп, оған жетуге көмектесетін шаралар нақтыландырылады.

6. Оқу-тәрбие процесін бақылауды ұйымдастыру. Жалпыға міндетті білім беру ісі, мұғалімдердің жұмысы, бағдарламалардың орындалуы, оқушылардың білімінің сапасы, тәрбие жұмысы жоспарланады.

7. Ата-аналармен жұмыс, т.б. Бұл бөлімде ата-аналар арасындағы педагогикалық насихат, ата-аналар жиналыстары, т.б. жоспарланады.

8. Материалдық-техникалық негізді нығайту.

Шағын кешенді мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі:
ЖОСПАРЫ:

1. Шағын кешенді мектептің ерекшелігі.

2. Шағын кешенді мектептегі оқыту.

3. Тәрбие процесі.

1. Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі.

Ауылдық жерлерде шағын кешенді мектептер бар. Аз кешенді бастауыш мектепте қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып - комплект - бір мұғалім - сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін.

Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады.

Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:

• сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;

• бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;

• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;

• сабақ тақырыбының өзара байланысы;

• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;

• сабақтардың кестесін дұрыс жасау;

• тиімді оқыту әдістерін таңдау;

• сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;

• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;

• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;

• барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.

Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тілі пәні мен оқулықтары жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде "үлкен" сабақтың құрамындағы "кіші" сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай "кіші" сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт.

Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:

• бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы;

• өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;

• шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;

• шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.

Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді.

2. Оқу сабақтарының кестесін жасауда негізінен екі тәсіл қолданылады.

Бірінші тәсіл арқылы бір пән бойынша сабақтар біріктіріледі. Мысалы, мұғалім 1, 3-сыныптарда бірінші сабаққа математиканы, екінші сабаққа қазақ тілін қояды.


Апта аттары 1-сынып 3-сынып

Дүйсенбі
Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі


Жұма

Сенбі Әліппе

Математика

Денешынықтыру

Әліппе

Әліппе


Математика
Математика

Әліппе


Еңбекке баулу

Еңбекке баулу

Әліппе

Дүниетану



Денешынықтыру

Әліппе


Математика

Музыка
Әліппе

Дүниетану

Бейнелеу өнері Бөлім 1.02 Анатілі

Математика

Дене шынықтыру

Ана тілі

Математика

Қазақ тілі

Орыс тілі

Математика

Қазақ тілі

Еңбекке баулу

Еңбекке баулу

Математика

Қазақ тілі

Дүниетану

Ана тілі


Математика

Музыка


Орыс тілі

Қазақ тілі

Дүниетану

Бейнелеу өнері


Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді.

Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді.

Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.

Сабақтың құрылымы:

1. Мұғаліммен жұмыс - өздік жұмыс.

2. Өздік жұмыс - мұғаліммен жұмыс.

Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағының құрылымы

1. Ұйымдастыру бөлімі 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Мұғалімнің сұрағына жауап беруге әзірлену, көрнекі кұралмен немесе басқа шағын тапсырмамен жұмыс 2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа материалды түсіндіру 3. Өздік жұмыс

4. Өздік жұмыс. 4. Жаңа материалды түсіндіру

5. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма 5. Өздік жұмыс

6. Үй тапсырмасының мазмұнын өз бетімен оқу және күнделікке жазу. 6. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма


Мұғалім екі сыныптың оқушыларының да іс-әрекетін толықтай бақылап, өздік жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп көмектеседі.

Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, оны қайталаттырады, жүйелетеді.

ІІІағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.

Мұғалімнің мақсаты:

• әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;

• таным процесінің жүйесін бұзбау;

• оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;

• барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;

• білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.

Сыныпты топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім түсіндірген сабаққа мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа материалдарға назар аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын тыңдамауы тиіс.

Бұл күрделі іскерліктер өмірде де керек. Бірақ оларды игеру қиын, көп күшті қажет етеді. Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр болады, себебі оқу тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім сыныптың топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аудару керек.

Бастауыш шағын кешенді мектептегі сабаққа қойылатын жалпы талаптар, сабаққа қойылатын талаптармен бірдей. Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді. Жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері – мұғалім басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Бұл жұмыстар сабақ уақытының 80-90% -ын алады.

Мұғалім басшылығымен және оның тікелей қатысуымен атқарылатын жұмыстар:

• кейбір дайындық жұмыстары;

• бұрынғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалды түсіндіру;

• жаңа материалды әңгімелеу - баяндау;

• түсіндіру, әңгіме, нұсқау;

• эвристикалық әңгіме;

• дидактикалық ойындар;

• жаңа материалды бірінші қабылдау, түсіну, бекіту;

• білім деңгейін диагностикалау;

• меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау және түзету;

• білімді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету;

• материалдарды тақырып бойынша жинақтау.

Мұғалімнің материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ, сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды ұсынады.

Меңгерту процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған:

1) мұғалім оқу материалын түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді;

2) оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылығымен алады;

3) балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық, алгоритм бойынша өз бетімен меңгереді.

2-сыныптан тұратын комплектідегі сабақтың құрылымы:


Сабақ минуттері Сыныптар

2-ші 3-ші

2-3 Оқу жұмысын ұйымдастыру Оқу жұмысын ұйымдастыру

15-18 Мұғалім түсіндіруі және өз басшылығымен бірінші бекітуі Өздік жұмыс

15-18 Өздік жұмыс Мұғалім түсіндіруі және өз басшылығымен бірінші бекітуі

3-4 Қорытынды шығару. Үйге тапсырма беру. Қорытынды шығару. Үйге тапсырма беру.

Бастауыш азығын кешенді мектептегі оқыту әдістеріне көтеріңкі талаптар қояды. Мысалы, қабылдау кезеңіндегі оқыту әдістерінің қызметі:

• жаңа материалды меңгеруге психологиялық жағдай жасау;

• танымдық қызметтің барлық кезеңдерінде оқушыларды ынталандыру;

• сабақта оқушылардың зейінін, қызығушылығын ұйымдастыру;

• оқу материалының мазмұнын ашу;

• оқылған материалдағы себеп-салдар және басқа байланыстарды түсіну;

• білімді жалпы жүйеге қосу;

• оқушылардың танымдық еңбегінің тиімділігі туралы хабардар ету;

• оқыту қарқынын және нәтижелерін диагностикалау;

• нәтижелерді бақылау және түзету;

• оқу процесінде тәрбиелеу.

Шағын кешенді мектепте оқытудың барлық әдістері қолданылады. Бірақ кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік. Бағдарламалық, тәжірибелік, компьютерлік оқыту элементтерін енгізген жақсы.

Сөздік әдістерді мұғалім өз басшылығымен істелетін жұмыста көп қолданады. Әңгіме, әңгімелесу әдістері мұғалімнен өте мұқият әзірлікті талап етеді. Мұғалімнің әдемі, әсерлі, жүйелі сөзімен сабақтың таңырыбын талдауға оқушылардың өздері қатысады.

Жаңа материалды түсіндіруде ауызша баяндау әдісінің көрнекілікпен ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді. Көрнекіліктер қарапайым, әдемі, нақты жасалу керек.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдерін анықтайды. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін анықтап болған соң, жаңа материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты түсіндіріп, білімді тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын көрсетеді.

Сурет, сызба, кесте, заттардың үлгісі сол сәтте оқылып жатқан тақырыпқа сай болу керек. Техникалық оқу құралдарын өте сақтықпен, ақылға қонымды етіп қолданған дұрыс.

Көрнекілікті қолданғанда оқушылар алаңдайды. Сондықтан оларды тек бір тақырып бойынша өтетін сабақтарда қолданып, қызықты бейнематериалдарды, фильмдерді сабақтардан кейін көрсету керек. Тапсырманы дұрыс орындау үлгілері, есептерді шешу алгоритмі, т.б. "Тіректер" сызба, кесте түрінде жасалады.

Уақытты үнемдеу үшін сыныптарды дұрыс біріктіріп, сабақ кестесін дұрыс жасау керек. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап, екіншісі мұғалім басшылығымен өздік жұмыс орындаса, уақытты үнемдеуге болады. Тапсырманы мұғалім алдын ала әзірлеп, әр оқушыға таратады. Сабақтың басында кезекші тапсырма жазылған конвертті оқушыларға таратады. Көбіне тапсырмалар күштілер, орта және нашар оқушылар үшін жасалған. Әр конвертке оқушының аты-жөні жазылады. Орындалған жұмыс конвертке салынып мұғалімге қайтарылып беріледі. Егер өздік жұмыстың жаппай сипаты болса, тапсырма нұсқау тақтаның бір жағына жазылады. Бірнеше сабақтарға арналған тапсырмалар: таңдап көшіру, фонетикалық, грамматикалық талдау, шығармашылықпен баяндау, "кері" тапсырмалар құру.

Сонымен сабақ – шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі нысаны. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады, бірақ өзгешеліктері бар. Сабақ құрылымы:

• мұғалім басшылығымен жұмыс;

• өздік жұмыс.

Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.


Өздік жұмысты ұйымдастыру

Өздік жұмыс – оқушылардың білім, іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы көмегінсіз өткізілетін іс-әрекеті. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзгені байқамауға үйретеді.

Өздік жұмыстар сынып-комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылып, бекіту және қайталауға 60%, 20% жаңа материалды меңгеруге, 20% бақылауға беріледі.

Әр сабақта балаларға тексеретін, дайындайтын, оқытатын программалар беріледі. Тексеретін өздік жұмыстар білім, іскерлік, оларды қолдануды тексеру үшін керек. Тексере - оқытамыз деген ережемен өздік жұмыстар тексеріледі. Тірек білімдер, іскерліктер жаңа оқу материалын қабылдап түсіну үшін керек, сондықтан балаларға фактілерді салыстыруға, ережелерді, іс-әрекет тәсілдерін, қайталауға, алдын ала оқуға және бақылауға, әшекейлі сурет қарауға, көргендерін жазуға, мәліметтер табуға программалар беріледі. Оны дайындық жаттығулары дейді.

Егер оқушының оқу дағдысы жақсы болып, оқығанын түсінсе да өздік жұмысты жаңа білімді меңгеру үшін де қолдануға болады.

Бір сабақтағы өздік жұмыс санының регламенті болмағандықтан, оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек. Оқу материалдың өздік жұмысқа оқушылардың оқу мүмкіндігіне сәйкес келетін материалдар іріктеледі. Іс-әрекет түрін жиі ауыстыру нәтижені нашарлатып, көп уақыт алады. 1-4 сынып оқушыларының өздік жұмыстарының түрлері:

• жаңа материалды оқығанда орындалатын дайындық жаттығулары: оқулық бойынша(қайталау, карточка, кестемен жұ-мыс);

• бұрын меңгерілген білімге үқсас жаңа материалды өз бетімен оқуға мұқият нұсқау беру.

Алгоритмдік кесте, нұсқауларға сүйеніп іс-әрекет тәсілдерін меңгерту мақсатымен жаттығулар орындату, осы арқылы бекіту жүреді:

• жаттығулар;

• оқу материалының барлық бөлімдерін меңгерген соң тексеретін, бақылайтын тапсырмалар беру.

Өздік жұмыстың ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызшаны сирек, тек жағдай болғанда өткізеді. Мысалы, бос бөлме болса, 2-3 бала фонетикалық жаттығулар орындап, жаңа өлеңді айтып, тақпақты жаттап, көрініске әзірленеді. Жазбаша өздік жұмыстарда көрсету, есту, қозғалыс, яғни естің барлық түрлерін жұмыс істету керек. Бір сарынды, іш пыстыратын тапсырмаларды бермеген дұрыс. Өздік жұмысқа берілген уақыттың ұзақтығы тапсырманың көлемі және күрделілігіне байланысты. Оқушылар жаңа материалмен жұмысты бастағанда өздік жұмыс шағын болады. Тапсырманы орындау техникасы төмен болса, жаңа материалды қабылдауға оқушылар әзірлігі болмаса, онда ақыл-ой, тәжірибелік жұмысқа, өздік жұмысқа көп уақыт кетеді.

Бірте-бірте өздік жұмыс ұзақтығын көбейтіп, күрделі тапсырманы өте көп берген дұрыс. Жаттыққан соң оқушылар өз бетімен жұмыс істей алады, бірақ ұзақ уақыттық жұмыс оқушыларды шаршатады. Мақсат - төзімділікті тәрбиелеу, оқушыларға жанашырлық білдіре отырып, оқыту.

Өздік жұмыс тиімділігі оны ұйымдастыруға байланысты. Өздік жұмыстарды жоспарлағанда ескерілетін жағдайлар:

• мақсатын жақсы түсіну;

оның оқу процесі, сабақ құрылымындағы орны мен рөлін анықтау;

• оқушылардың дайындық деңгейлерін, мүмкіндіктерін ескеру;

• белсенді, жеке, деңгейлік тапсырмалар беру;

• өздік жұмыстарды орындау кезіндегі қиындық "кедергілерді" алдын ала жобалау;

• көлемін негіздеу;

• өздік жұмыс мазмұнын түрлендіру;

• викторина, кроссворд, ойын, санамақ, т.б. түріндегі қызықты тапсырмалар беру;

• өздік жұмыс ұзақтығын анықтап, уақыт шығынын бақылау;

• керекті дидактикалық материалдар, атап айтсақ, нқсқау, "тірек"әзірлеу;

• жұмысты тексерудің тиімді тәсілдерін белгілеу;

• өздік жұмыстың қорытындыларын шығару;

• оқушының деңгейіне сүйеніп, оны дамытатын өздік жұмыстарды жобалау;

• өздік жұмысты мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ұштастыру.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімнің нұсқаулары маңызды рөл атқарады. Нұсқау алгоритм, тірек-сызба түрінде беріледі. Балалар өз әрекетінің дұрыстығын мұғалімнің нұсқауларын, алгоритмі мен тірек-сызбасына қарап тексереді. Нұсқаулардың сапасы оқушылардың танымдық қызметін тиімді басқаруға әсеретеді. Нұсқаулар карточкаға, сызбаға, кестеге, тақтаға жазылады.

Үлгі, тірек ретінде дұрыс орындалған тапсырмалар карточкаға жазылып беріледі.

Математика пәнінен оқушыға берілетін алгоритм:

1. Есептің шартын оқы.

2. Егер түсінбесең, тағы да оқы.

3. Есептің шартын, сұрақтарын қайтала.

4. Есептің шартындағы белгілі мен белгісізді табу.

5. Алдымен нені білу керек.

6. Содан кейін нені білу керек.

7. Есепті шығару жоспарын жаса.

8. Есепті шығар.

9. Есептің жауабы.

10. Есепті шығару барысын, жауабын тексер.

Мұғалім уақыт үнемдеу үшін түсіндіретін кейбір материалдарын тақтаға, беретін тапсырмаларын карточкаға жазады.

Ақыл-ой жұмысы мен тәжірибелік жұмыс қатар жүретін тапсырмалар өздік жұмысқа қызығушылықты арттырады. Өмірден алынған есептерді дәптерге жазуға болады.

Оқушылардың іскерлік, дағдыларын жаттықтыратын, бейімділігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыратын тапсырмаларды құрастыру керек.

Оқушыдан шығармашылықты талап ететін шарада, кроссворд, лабиринт, жұмбақ, тесті тапсырмаларында ойын элементтері бар. Коллекция жинау, картамен жұмыс, планшет, құрастыру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын көтеріп, оқушының сирек қателесуіне, тапсырмадан қорықпауына негіз болады.

3. Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі

Шағын комплектілі мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі:

• үлкен қалалардан алыстығы;

• адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар;

• басқа мәдени ошақтардың болмауы;

• байланыстың (теледидар, почта) тұрақсыздығы. Тәрбие жұмысының сапасына тұрғындардың, мұғалімдердің, оқушылардың аздығы әсер етеді. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы, үйірме жетекшісі лауазымдары жоқ. Нәтижесінде мектеп балаларымен және ересек тұрғындармен тәрбие жұмысының орталығына айналып, мұғалім оны ұйымдастырып жүзеге асырады.

Ауылдың жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.

Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, үқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:

• сабақтағы тәрбие жұмысы;

• сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;

• елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.

Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 3-4 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.

Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.

Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер.

1-сыныптағы ақыл-ой тәрбиесінің маңызды бағыты жүйелі оқуға әзірлеу. Маңызды жағдай – балаға сенім арту, оны дамытатын орта жасау. Бірыңғай педагогикалық талап жақсы мінез-құлықты қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесін беру үшін бала өзінің адалдығын, қайырымдылығын, зейінділігін көрсететін жағдаяттар жасалады.

Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты – еңбексүйгіштікті, еңбекті, еңбек адамдарын құрметтеуді тәрбиелеу, мамандық туралы түсінікті көбейту. Ол үшін түрлі әңгімелер өткізіледі. Балалар өздерінің шамасы келетін жұмыстарды атқарады, маңайды, сынып бөлмесін тазалап, ауылды, учаскені көгалдандыруға катысады, гүлдерді күтіп, жеміс-жидек және көкөніс өсіріп, үйірмелерде халқымыздың ұлттық өнерін үйренеді.

Экологиялық тәрбие беру үшін алдымен балаларды экскурсияға апарып, қорғау керек, объектілерді табу керек. Оқушылар оларды қорғауға ат салысады.

Эстетикалық тәрбие беруге табиғатқа экскурсияға бару, қоршаған орта заттары әсер етеді. Эстетикалық тәрбие өнермен тығыз байланысты.

Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.

Әдебиеттер:

1. Шағын комплектілі мектепте оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі. - Орал, 1992

2. Т.Оспанов, Ш.Ққрманалина. Математиканың бастауыш курсын Оқыту әдістемесі. II бөлім. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 96-1176.



4. И.П.Подласый. Педагогика начальной школы. - М.: Владос,

5. Л. К.Мамырова, С.Нүрсейітова. Шағын жинақталған мектеп-білім беру. - Алматы: Ғылым, 2002.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет