Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» повесінен үзінді «Сенім арту»



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі140,69 Kb.
#47899
түріСабақ
  1   2

Қазақ әдебиеті

Мектеп: КМҚК «Облыстық балалар шипажайы»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Касаинова А.А.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» повесінен үзінді «Сенім арту»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Кейіпкерлер портретін тауып, іс-әрекеттерін әңгімелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Екі кейіпкерді салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • Кейіпкерлер образдарын ашады.

  • Кейіпкерлер іс-әрекетінен қорытынды шығарады;

Бағалау критерийі

  1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

  2. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

Тілдік мақсаттар

  1. Оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

Пәнге қатысты сөздікқор мен тіркестер:

  • Мәтінді оқу барысында кездесетін түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын сөдіктердер арқылы түсінеді: қаңғалақ ойнау, тықсыру, арқырауық, ақжал толқын, жаңқадай ұшыру, шыңырау түбі.

Диалог үшін қолданылатын тіркестер өз пікірлерін қорғауда іске асады: «Сенім арту» тақырыбы төңірегінде өз ойларын айту үшін келесі тіркестерді пайдаланады.

Біздер.....байқадық

Менің ойымша....., ...деп есептеймін, себебі.....

Құндылықтарға баулу

Адамгершілік қасиеттерге баулу арқылы сенімді ақтауға және жауапкершілік сезімін оятуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу


«Қожа есімі», «Алғашқы таныстық», «Бақаның әлегі», «Түбі адам болатын бала» бөлімдеріне қатысты білімдері бар.

Сабақтың барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин


3 мин.

3 мин.


2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі

«Молекула» ойыны арқылы 6 оқушыдан топтастыру.


Қызығушылықты ояту:

Мәтін тақырыбына қатысты «Сөз теннисі» ойыны ойналады. Мұғалім сөз айтып бастап, допты бір оқушыға лақтырады. Ол оқушы ол сөзбен тіркес жасап допты қайтарады. Ол сөз тіркесі арқылы тағы бір тіркес жасалады. Мысалы: Қожа сотқар, сотқар бала, Қожа сотқар бала, бірақ, Қожа сотқар бала, бірақ жақсы, Қожа сотқар бала, бірақ жақсы оқиды, Қожа сотқар бала, бірақ жақсы оқиды. Ол түбі адам болатын бала.



Ой қозғау. Білу.

(Өткен сабақпен байланыстыру)

«Қожа түбі адам болатын бала» - деп Майқанова апай неліктен Қожаға сенім артты?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.


Доп





Сабақтың ортасы

25 мин +


5 мин сергіту сәті


2 мин.

8 мин.


2 мин.

4 мин.

5 мин

5 мин.


2 мин.

2 мин.




Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін сабақата «Менің атым – Қожа» повесінің «Сенім арту» атты бөлімімен таныса отырып, кейіпкерлердің портреті мен іс-әректін мәтіннен табамыз.

С. Мәтіналды сұрақтар:

  1. Сенім деген не?

  2. Сенімді ақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Сендерге сенім артылса, сенім артқан адамның үмітін ақтар ме едіңдер?

Т./Ж. Түсіну.

Тапсырма 1. Мәтінді оқу. ДЖИГСО әдісі. Уақытты үнемді пайдалану үшін, оқушыларды 3 топқа бөліп, түрлі тапсырмалар беріледі.

Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы) өзара анықтап алады.

1-топ. Мәтінді сканерлеп оқып, түсініксіз сөздерді теріп жазады, сөздіктен мағынасын табады: қаңғалақ ойнау, тықсыру, арқырауық, ақжал толқын, жаңқадай ұшыру, шыңырау түбі.

2- топ. Мәтінді сканерлеп оқып, қарама-қарсы кейіпкерлердің суреттелуін тауып жазады, сыныпқа оқып береді. Темір және Қожа. Алдыңғы үзінділерден Жанатастың да суреттелуін алуға болады.

3-топ. Үзіндіні толық түсініп оқып шығады, мазмұнын айтып береді.
Әр топтың баяндамашысы өздерінің жұмыс нәтижелерімен таныстырады.

Топтар бір-бірін өзара бас бармақ арқылы бағалап, қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырады.


С. Талдау.

Тапсырма 2. Мәтіннен кейін сұрақтар қою «Фильм дидактикасы»

  1. Қожа анасына не себепті уәде берді?

Қожаның анасына уәде берген жерін фильмнің үзіндісінен көрсетіледі.

  1. Неліктен Қожа тентектікті қойып, өзгеруге ден қойды?

Сергіту сәті. «Қызықты қимыл қозғалыстары»

(әуен ырғағымен):

-қатып қалу;

-бір бағытқа бұрылу;

-аяқтардың қозғалысы;

-қолды оңға-солға сермеу;



ТЖ. Тапсырма 3. Жинақтау.

Әр топқа бір образды ашу тапсырмасы беріледі.Оқушылар повестегі басты кейіпкерлерді сызбаға орналастырып, олардың образын сипаттайды (Қожа, Жантас, Майқанова, Жанар.)



Әр топтың баяндамашысы өздерінің жұмыс нәтижелерімен таныстырады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Басты кейіпкерлердің образын ашу

1.Кейіпкерлер портретін сипаттай алады.


2.Кейіпкерлерді салыстыру,

суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.



1. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін салыстыра алады.

2.Қарама-қарсы суреттеулерді табады.







Оқулық.



Түсіндірме, синонимдер, диалектологиялық сөздіктер.






АКТ бейнебаян

Фильмнен үзінді.

Интербелсенді тақта.

Әр топқа А3 қағазы, фломастерлер беріледі.



Сабақтың соңы

7 мин



3+2мин

2 мин



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет