Н. А. Байкісіге Мектеп директоры



Дата23.02.2023
өлшемі22,56 Kb.
#169900
түріСабақ
Байланысты:
Марал Пікірлер


№89 мектеп -лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Н.А.Байкісіге
Мектеп директоры
Б.Мухамедиевтен


ПІКІР
Бастауыш сынып мұғалімі Байкісі Н.А. өз мамандығына сай іс-тәжірибесі мол мұғалім. Ол өз ісінің шебері десе де артық болмас. Әріптестерінің арасында беделді. Өзіне тапсырып берген жұмысты аса жауапкершілікпен орындайды. Мұғалім әркез өз мамандығы бойынша ізденіс үстінде жүреді. Инновациялық технологияны меңгерген, сабақтарында тиімді әдіс- тәсілдерді жиі қолданады. Оған дәлел 4-сыныптағы қазақ тілі пәнінен «Біріккен сөз» тақырыбында өткен сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып оқушыларды қызықтырғанда көрдім. Оқушылар критерийлер бойынша білімдерін өздері бағалап отырды. Жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін оңай тәсілдермен жеткізе білді. Сабақ барысында көптеген тапсырмаларды деңгейіне қарай таңдаған. Әсіресе «батпырауық» әдісі, «5 сұрақ», «топтас, ойлан, айт», «сәйкестендіру», «дәлелде» айдары, «Суретпен жұмыс» тапсырмасы көз тартымды, тағы сол сияқты әдістерін жоғары деңгейде қолданып жүр. Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздерін қолдана білді. Ата-аналарымен тығыз байланыс жасайды. Мектептің қандай қоғамдық жұмысы болсын белсене араласады, ешқашан кертартпасы жоқ. Өнерлі, шығармашыл, мұғалім әріптес ретінде ешкімнен көмегін аямайды. Тәжірибесімен бөлісе біледі. Сынып жетекшілік қызметін де белсенді атқарып келеді. Жұмысты талапқа сай жүргізеді. Жалпы мұғалім өз ісіне және педагог – сарапшы санатына лайықты деп есептеймін.

№89 мектеп - лицейінің


бастауыш сынып мұғалімі
Н.А.Байкісіге
мектеп директорының орынбасары
Ш.Б.Калиевадан


ПІКІР
А.Бекенова осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. А.Бекенова - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген жаңашыл ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойын және шығармашылық қабілеттерін, жаңа технологияларды қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жұмыс барысында ізденіп, аудандық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатысады және оқушылары да түрлі байқауларға, қашықтықтан олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Яғни мұғалім өз сабағын үнемі оқушының жан дүниесін сай жоспарлап, тапсырмаларды дұрыс құруы тиіс. Оқушының іс-әрекетін сабаққа сай бағыттауы керек. Сол қасиетті әріптесімізден байқадым. Оқушымен жеке жұмыс жасауы мен балаларды өз білімімен,ақылдылығымен баурап алуы тәнті етті. Қазақ тілінен «Жатыс септік» тақырыбында өткен сабағында әр түрлі тапсырмалар бере отырып,қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардан талап пен тәртіпті қатар алып жүретін ұстаз ретінде көремін.
Ардақ Әшірдің «Батпырауық» әдісі мен білім алушылармен жеке жұмыста «Кім жылдам?» саралау тапсырмалары бәрімізді тәнті етті.
А.Бекенова  білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Әсіресе өткізген сабақтарында жаңа талапқа сай оқушылардың деңгейіне байланысты «Баскетбол» әдісі, «Шашу», «Тик ток», «Wordwoll», «Диктолгосс» әдісі, «Попкорн» сияқты әдістерін жоғары деңгейде қолданып жүр. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген, сондықтан педагог-зерттеуші санатына лайықты деп есептеймін.

№89 мектеп-лицейінің


бастауыш сынып мұғалімі
Н.А.Байкісіге
ата-ана А.Султамуратовадан


ПІКІР
Н.Байкісі балаларымызға білім берудегі жұмысына ата-ана ретінде ризашылығымды білдіремін. Нұркелді ұстаз тәжірибесі мол, білікті шебер ұстаз. Ата-ана ретінде ұстазымыздың сабағына қатысып, оқушыларға жақсы білім беру шеберлігіне көз жеткіздім. Әр сабағында оқушыларды сабаққа қызықтырады. Қазақ тіліндегі «Зат есім» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Ардақ ұстаз сабағында білім алушыға дайын білімді бермей, оның орнына ізденушілігін оятуға тырысып, өз бетінше жұмыс жасауға талап ететінін байқадым. Сабағында ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында психологиялық өлеңді хормен айтты. Оқушыларды топқа бөлу кезінде әр түрлі тапсырмалар берді. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін әрдайым топтың ережесімен таныстырып отырды. Сабағында жаңаша тәсілдерді пайдалана отырып, критериалды бағалау жүйесімен бағалап, оқушылар арасында жұмыс жүргізді. Оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру үшін «Батпырауық», «5 сұрақ» ойыны, «Жұптас, бөліс» әдісі, саралау тапсырмалары оқушылардың деңгейлеріне сай қолданылып отырды. Менің бақылауымша топтық жұмыс барысында оқушылрадың өзара диалогтық қарым-қатынасқа түсуі, тыңдауға, бірігіп жұмыс жасауға өз ойларын ортаға салуға , идеяларды ұсынып, талқылауға үйренетіндері көрініп тұр.
Оқулықтардан басқа қосымша тапсырмалар беріп, оқушының өз бетімен жұмыстануына көп көңіл бөлетіні көңіл толтырады. Оқушыны әділ бағалайды. Мектеппен үнемі байланыс жасап, сабақтар мен іс-шараларға , ата-аналар жиналысына қатысып тұрамын. Ол өте қарапайым, ауылына сыйлы, үлкен-кішінің тілін таба білетін мәдениетті, еңбекқор жан деп білемін. Өзінің жұмысын жақсы меңгерген, білікті маман деп есептеймін. Себебі ұстаздық қасиеттер бойына дарыған, ұйымдастыру қабілеті де жоғары. Балалармен тез тіл табысып, өзіне баурап алады. Сөйлеген сөзі, берген ақылы мен тәрбиесі, жүрген жүрісіде ұстазға лайық. Қай кезде ата-аналар жиналысына барсақ жылы көңілмен қарсы алады. Әр түрлі әдістерімен, қызықты ойындарымен ата-аналарды қуантып жүреді. Сабақ өткізіп жатқан кездерін де көрдім. Балаларымыздың көңіл-күйіне қарап, тазалықтары мен тәртіптеріне көп көңіл бөліп жүреді.
Мен ата-ана ретінде Нұркелді ұстаздың еңбегін бағалаймын. Болашақта балаларымыздың тәрбиелі, өнегелі болып өсетініне сенім артамын.

№89 мектеп-лицейінің


бастауыш сынып мұғалімі
Н.А.Байкісіге
әріптесі К.С.Мукушевадан


ПІКІР
Н.А.Байкісі – білімді ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойын және шығармашылық қабілеттерін, білу, түсіну, айтылу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оған дәлел жаратылыстанудан «Заттың қасиеттері» тақырыбындағы сабағы. Ардақ Әшір сабағында білім алушыға дайын білімді бермей, оның орнына ізденушілігін оятуға тырысып, өз бетінше жұмыс жасауға талап ететінін байқадым. Сабағында ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында психологиялық ширату жаттығуын орындады. Оқушыларды топқа бөлу кезінде әр түрлі тапсырмалар берді. Топтық жұмысы тиімді болуы үшін әрдайым топтың ережесімен таныстырып отырды. Сабағында жаңаша тәсілдерді пайдалана отырып, критериалды бағалау жүйесімен бағалап, оқушылар арасында жұмыс жүргізді. Жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізеді. Оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру үшін «Батпырауық», «5 сұрақ» ойыны, «Жұптас, бөліс» әдісі, саралау тапсырмалары оқушылардың деңгейлеріне сай қолданылып отырды. Кері байланыста «Тир» әдісі тіпті тамаша көрсетілген.
Шәкірттері республика көлемінде жетістіктерге қол жеткізіп, қуанышқа бөленуде. Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті, әрі балаға ұғымды өткізетіні ұнайды. Сабақта әр түрлі ойындар, АКТ, көрнекіліктер арқылы өткізеді. Жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізеді.
Нұркелді Аманкелдіұлы  білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Ұжымда әріптестері арасында беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген шебер ұстаз.

№ 89 мектеп-лицейінің


бастауыш сынып мұғалімі
Н.А.Байкісіге
бірлестік жетекшісі
---

ПІКІР
Н.А.Байкісі – білімді ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойын және шығармашылық қабілеттерін, білу, түсіну, айтылу технологиясын қолдана отырып, музыка пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оған дәлел әдебиеттік оқу пәнінен «Бейбарыс сұлтан» тақырыбындағы сабағы. Ардақ Әшір сабағында білім алушыға дайын білімді бермей, оның орнына ізденушілігін оятуға тырысып, өз бетінше жұмыс жасауға талап ететінін байқадым. Сабағында ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында психологиялық ширату жаттығуын орындады. Оқушыларды топқа бөлу кезінде әр түрлі тапсырмалар берді. Топтық жұмысы тиімді болуы үшін әрдайым топтың ережесімен таныстырып отырды. Сабағында жаңаша тәсілдерді пайдалана отырып, критериалды бағалау жүйесімен бағалап, оқушылар арасында жұмыс жүргізді. Жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізеді. Оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру үшін «Батпырауық», «5 сұрақ» ойыны, «Жұптас, бөліс» әдісі, саралау тапсырмалары оқушылардың деңгейлеріне сай қолданылып отырды. Кері байланыста «Тир» әдісі тіпті тамаша көрсетілген.
Шәкірттері аудандық, облыстық, республика бойынша қашықтық көлемінде жетістіктерге қол жеткізіп, қуанышқа бөленуде. Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті, әрі балаға ұғымды өткізетіні ұнайды. Сабақта әр түрлі ойындар, АКТ, көрнекліктер арқылы өткізеді. Жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізеді.
Нұркелді Аманкелдіұлы  білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген шебер ұстаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет