Тамыр Назгүл сыдықбаева



Дата31.12.2019
өлшемі42 Kb.
#54339
Тамыр

Назгүл СЫДЫҚБАЕВА,

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласындағы

16 жалпы орта білім беретін



мектептің мұғалімі

Тәрбиелік сабақтастық
Қай заманда болсын, адамзат алдында түратын басты міндеттердің бірі – есті де еңбексүйгіш, қайырымды да қайратты бала тәрбиелеу. Әр халық өз ұрпағының адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті ар-ожданды болып өсуін қалайды. Бұл мәселені олар өзінің тәрбие-салтына байланысты шешіп отырған. Қазақ халқынынң да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып келген мол тәжірибесі, заңдылықтары бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырады.

Тәрбие тек мектеп қабырғасында ғана болмайтыны анық. Ананың бесік жырынан бастап о дүниеге жөнелгенше адам өмірі үйренумен өтетіндігіне дау жоқ. Жаны таза, адамгершілігі мол, қоғам тірегі бола аларлықтай ұрпақ тәрбиелейміз десек, халықтық педагогикаға оралып, ұлттық тәрбиеге айрықша мән беруге тиіспіз.

Халық педагогикасының басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақты шыдамдылыққа тәрбиелеу. Имандылықты уағыздайтын мұсылман дінінің алғы шарттарымен сәбилерді біртіндеп таныстыра бастау – қазақтың халықтық педагогикасына ешқандай жат құбылыс емес.

Қазір республикамызда Құран қазақшаға аударылып, оқырман қолына тиді. Түрлі шариғат, иманшарт кітаптары да молынан жарық көруде.

Баспасөз беттерінде Құран кәрімнің қасиетті сөздері, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаяны мен уағыз өсиеттері басылып жүр. Құран мәтіндері бір ырғақпен айтылатын діни уағыз нұсқаулар ғана емес. Ол ежелгі Араб тайпаларының басынан өткен тарихи оқиғалары мен әдеби ескерткішінің көркемдік байлығын еске салатын жарқын да айқын сөздер.

Ежелгі 622 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұсылман халықтары тәрбиесіне басшылық етіп келген бұл қағидалы да ұлағатты сөздер халықтар тәжірибесімен байытыла дамытылып, халықтық педагогиканың негізін қалаған түпкі нұсқасы болған. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өнегелі істері туралы баяндалып, таңдаулы хадистері өмірмен ұштастырыла халықтық педагогиканың нұсқалары жасалған. Барлық тәрбие негізі ислам дінімен тікелей байланысты болады. Өйткені адамдарды бір тоқтамға келтіруші әрі бағындырушы бір Алла деп білудің нәтижесінде адамдар қылмыс, күнә жасаудан бас тартатын, өзін инабатты ұстайтын болған.

Халықтық педагогиканың негізін қалаушы кімдер?

Х-ХII ғасырда Орта Азияда феодализм қоғамы дамып, оқуы мен білімі, мәдениеті мен әдебиеті кемелденіп, саясат экономикалық жағынан күшті дамыды. Осы кезде бүкіл адамзаттың мәдениеті мен әдебиетіне жаңа үн беріп байытуышы біртуар алып тұлғалар дүниеге келді. Омар Хайям, әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектері әртүрлі қырынан танылып әлем жұртшылығына мәлім бола бастады. Бұл аты аталған ғалымдар тәрбиенің қай кезден, қандай ортадан басталатынын қадағалап, ұрапққа берілетін тәрбие тек ата-аналар, ұстаздар қауымына ғана міндетті емес, ол бүкіл халықтық іс екенін айқындаған. Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин де осы үлгіден тысқары шыққан жоқ. Олар жалпыға пәрменді тәрбие үшін Алланың бірлігінде пайғамбардың хақтығына көз жеткізіп, иландырып алуды басты мақсат тұтты. Ыбырай Алтынсарин діни тәрбие жөнінде арнайы «Мұсылманшылық тұтқасы» оқу құралын жазған. Онда ол дін жолын таза ұстау қажеттігі хақында Абай ойларымен ортақтаса келетін пікірлер айтады. Абайдың дін-ислам жолын жете меңгеріп, оны аса шыншылдықпен ерекше таза махаббатпен ұстағаны мәлім.

Ұлы Абайдың әйгілі отыз сегізінші, жиырма жетінші сөздері, Алланың өзі де рас, сөзі де рас деп басталатын өлеңі – діни адамгершілік мәселелерін терең қозғаған біртуар дүниелер

Абайдың ислам діні жөніндегі шығармашылығын қозғағанда мұның өзара тығыз байланысты екі қыры бар екендігі байқалады.



  1. Ғұламаның исламның сара жолын түсіндіру, негіздеу жөніндегі салдары ойлары, түйгендері.

  2. Дін-исламды уағыздау, насихаттау, әсіресе, жас қауымды тәрбиелеуге пайдалану. Ал мұсылмандық таза қасиет сипаттарды шәкіртке дарыту.

Абай мұны ғылым-білім үйрену имандылыққа баулумен байланыстырып, бұл істі баланың өте жас сәби кезінен қолға алуды шарт етіп қояды. Бұл ойларын ол тоғыз сегізінші қара сөзінде былай дәйектейді:

«Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімді әу бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша... Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана Алла Тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық секілді ғылым-білімді уйрене білсе деп үміт қылмаққа болады».

Абайдың үйретуі бойынша толық кәміл мұсылман болу – имандылық арқылы келеді. Иман дегеніміз: Жаратқан бір Алланың барлығына, бірлігіне, оның адамдар арасындағы елшісі Мұхаммед пайғамбарға қалтқысыз сену ғана емес, сонымен қатар бұл сенім-білімдерді күнделікті тұрмыста адамдық қарым-қатынасты, мінез-құлықты қалыптастыра білуге үндейді.

Абайдың педагогикасында діни тәрбие адамгершілік, мінез-құлық тәрбиелері бөлінбей қосарлана қатар жүргізілуі негізгі шарт.

Абайдың дін мәселесі мұсылмандық тәрбие жөніндегі қортынды жиынтық ретінде өлеңмен жазылған кесек дүниесі – «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі. Мұнда ол діни педагогикалық ойларын ойлы да әдемі жолдармен кестелейді. Ол нағыз имандылық Алланы кәміл танудан, сезуден, оның Құранда және басқа қасиетті кітапта айтқандарынан мойынұсынудан басталатынын ескертеді.



Алланың өзі де рас, сөзі де рас

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айрылмас.

Өлеңнің қортындысында Абай шын мұсылман болудың шарты ретінде пиғыл, ой, сенім мен істің, жүріс-тұрыстың, мінез-құлықтың сай болуы, дүние-малдың құлы болып кетпеуді еске салып өтеді.

Ұлы ұстаз ақынның мұсылманшылық діни тәрбие туралы қалдырған мол мұрасын бүгінгі күнгі талаптарымен астастыра пайдалану керек-ақ.

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ізгіліктің, адамгершіліктің қайнар бұлағы. Халық педагогикасы – ұлтымыздың тілі мен дінін сақтаудағы бағдаршамы. Оны күнделікті өмірде бағдар ету – ұрпақ тәрбиесіндегі рухани тарихи сабақтастықты үзбеудің бір жолы.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Абай» журналы. Асан Омаров. №4, 60-75-б

  2. «Абай» кітабы. Қара сөздер, өлеңдер. Алматы. «Мектеп», 220-б.

  3. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Абай. Шығармалары, «Мөр»,283-б.

  4. «Бастауыш мектеп» журналы №10, және №7-8.

  5. Х.Дороженов. Инабаттық иірімдері.

  6. «Қазақстан мектебі» журналы №10.

  7. М.Жанболатұлы. «Таным. Талғам. Тағылым». 64-75б.

  8. Ә.Диваев. «Тарту».

Каталог: file -> 2019-01-26
file -> Астрономия Мазмұны
file -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
file -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
file -> Расул гамзатов
file -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
file -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
file -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
file -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
2019-01-26 -> Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет