Ғылым-Алланың бір сипаты,ол хакиқат,оған ғашықтық өзі де хақылық һәм адамдық дүр



Дата16.03.2022
өлшемі15,27 Kb.
#135889
Байланысты:
ғылымның гуманистік көкжиектері
РЕФЕРАТ, Retsenziya-na-statyu-po-pravu

Куликова Гаухар, мбт-51, эссе
Ғылымның гуманисттік көкжиектері
"Ғылым-Алланың бір сипаты,ол хакиқат,оған ғашықтық өзі де хақылық һәм адамдық дүр"
Абай Құнанбаев
Абай атамыздың отыз сегізінші қара сөзінде ғылымды-Алланың бір сипаты дейді. Сонда ғылым дегенімз не?, Не себептен Абай ғылымды адамнан жоғары санады?, және осы тұрғыдан біздің ғылымға деген гуманисттік көзқарасамыз қандай деген сұрақтар туындайды.
Ұлтымыздың энциклопедиясы ғылымды болмыс құрылымы мен процессін болжау,түсіндіру,жүйелеу десе Абай ғылымды әр нәрсенің түбін,хикметін яғни себебін білмек,- деп түсіндіреді. Осы орайда ғылымға анықтама беріп оны түсінгендей болдым, ал енді ғылым адамнан қалай жоғары болуы мүмкін?, гуманистік тұрғыдан қарасақ, әлбетте, адамды бірінші орынға қойып қана қоймай тіпті білім алғысы келмейтін адамдардың құндылығын көтеріп жоғары бағалайды. Әлемнің оның ішіндегі Еуропа тарихының мәдениетіндегі елеулі орын алатын Ренессанс дәуірінің ғалымдары құдайды емес, адамды және оның бүкіл әлсіздігіне қарамай бірінші орынға қойып, көкке көтерді. Сонда, гуманисттер деген кім? Мысалы, ғылымның көптеген сыншылары ғылымды адам өмірінде әрі қарай дамуы үшін жәй ғана құрал ретінде санаса, гуманистер керісінше ойлайды. Олар үшін ғылым - бұл жай ғана білім жиынтығы емес, адами құндылықтардың қайнар көзі, прогрессивті адамдық рухтың көрінісі. Шынында да, олар ғылым біздің қазіргі демократиялық өмір салтымыздың маңызды компоненті болып табылады деп есептейді. Гуманистер негізінен Құдай мен табиғаттан тыс идеяны қабылдамайды, бірақ олар өздерін атеист, агностик немесе рационалист ретінде сирек сипаттайды.

Алла тағаланың сипатырының ішінен ғылым мен құдіретті басты орынға шығарған Абай дәл осы екі сипат арқылы яғни, құдірет пен ғылым арқылы Алланы танып білуді ұсынады. Әрине,Алланың құдіретті екені анық.Ол әркімге белгілі ақиқат.Сонда,Абай бізге Алланы,оның екінші сипаты ғылым арқылы танып білу керек деген ой ұстанымын ұсынып отыр. Осы тұрғыдан түйетін ойым , ғылым Алланың сипаты болса, әрине ол адамнан жоғары тұрады . Бұл жерде адамға гуманистік көзқарас жасамау деген сөз емес,керісінше Алланы танып білу арқылы адамдар ғылымның ақиқатына көз жеткізеді.


Батыс ғалымдарының оның ішінде жоғарыда айтылып кеткен Ренессан қозғаушыларының идеологиясы жоқтың қасы десек те болады, олар гуманизімді алға тартып,құдайды жоққа шығарады. Алайды,осы пікірмен келіспейтін яғни гуманизм мен идеологияны қатар ұстанатын ғалымдар да аз емес . Мысалы, Г. Блэкхэм өзінің монографиясында былай деп жазады: «...Барлық гуманистер ғылыми гуманизм позициясында. Олар моралистер, олар этикалық гуманизм позициясында. Олар секуляристер, яғни олар зайырлы гуманизм позициясында тұрады ». Яғни , дінді жоққа шығарып, өздерін ғылымды игерген зайырлы адамдар ретінде санайды деп сырттай сынаған. Бұнымен қоса, Ресей ғалымы Николай Бердяевтің де айтқаны тағы бар: « Атеистік гуманизм диалектикалық түрде антигуманизмге, хайуандыққа айналады Ең соңында, бұл кедейлік пен марксизмге, әлеуметтік жағынан - нацистік Германия мен коммунистік Ресейдің адамгершілікке жатпайтын режиміне әкеледі, онда адам ұлт пен тапқа, билік пен жалпы игілік идеяларына құрбан болады. Кедейлік басталғанан кейін гуманизм жоғалады», - деген.Бердяевтің айтқанынан түсінетініміз, құдайға сенбей , ғылымды алдыға тартып, бірақ кедейлікке ұшыраса, олардың гуманизмдерінен ештеңе қалмайтындығын айтып отыр.
Бұл тұрғыдан менің ойым, атақы ғалымдарымыз салып кеткен ғылымға деген саралы гуманисткалық жолды ұстану. Мысалы Әл -Фарабидің Оның өмір бойы қарастырған және барлық дүниетаным жүйесінің негізіне айналған басты такырыптары - жеке тұлға мәселесі болды: оның адамгершілігін жетілдіру, зияткерлік деңгейін арттыру, бүкіл адамзаттың бостандығы мен бақытына қол жеткізу.Демек, Әл-Фарабидің пікірінше, нағыз билеушінің басты міндеті - тек өзі үшін ғана емесқол астындағылар үшін де шынайы бақытқа ұмтылу. Алға қойылған мақсаттарға жету қабілеті және басқару ол да бір өнердің түрі. Яғни адамдардың ғылымға ұмтылуы үшін, құдайды ұмыту шарт емес керісінше, құдайды тану арқылы ғылымға жақындау деп түсінемін

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет