Бухгалтерлік есеп


ә)  Банктердің және банктерден тыс несиелерінен



Pdf көрінісі
бет99/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

ә) 
Банктердің және банктерден тыс несиелерінен.
 
Бұл
 
есептер
№ 3010, 3020 «Банктік қарыздар» пассивті шоттарында бейнеленеді. 
Активтер несиелер нәтижесінде пайда болатындықтан, шаруашы-
лық операцияның жазуы № 1040 шоттың дебетіне № 3010—3020 
шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040 — 3010, 3020 Банктердің келісім шарттары,
есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 3010, 3020) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға несиелер бойынша 


164
кредиторлық қарыздардың көлемі көбейеді). Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында 2005 жылы мамырдың 16 жұл-
дызындағы № 861 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына 
сәйкес, 3000000 теңге сомада банктен қысқа мерзімді несие алынды. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 1210 = 3000000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) 
Қолма-қол ақшаға тауарлар мен бағалы қағаздарды өткізуден.
 
Бұл есептер № 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден 
алынатын кіріс», 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер» пассивті 
шоттарында бейнеленеді. Кірістер активтерді өткізу нәтижесінде 
пайда болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 1040 
шоттың дебетіне № 6110 шоттың кредитінен жасалады. Проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010 — 6110 Кассалық чектер, бағалы
қағаздардың реестрі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 6110) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары, ал 
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға өнім мен бағалы қағаздарды 
өткізудің көлемі көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет