20
ж. қаңтар айының айналым ведомосы
Шо
ттың №
Шоттың
аталуы
20____ ж. 1
қаңтарына
сальдо
Қаңтар
айындағы
айналымдар
20____ ж. 1
ақпанына
сальдо
Дебет
Кредит
Дебет
Кредит
Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
6
7
8
1010
Кассадағы
теңгемен ақша
20000
—
400000
400000
20000
—
49
1
2
3
4
5
6
7
8
1040
Ағымдағы
банктік
шоттардағы
ақшалар
800000
—
—
740000
60000
—
1310 Материалдар
200000
—
260000
80000
380000
—
1320 Дайын өнім
280000
—
60000
240000
100000
—
2410
Негізгі құралдар
1000000
—
—
—
1000000
—
2420
Негізгі
құралдардың
тозуы
—
300000
—
—
—
300000
3010 Қысқа мерзімді
банктік қарыз
—
200000
200000
—
—
—
3120 Жеке табыс
салығы
—
—
—
100000
—
100000
3310 Жеткізушілерге
қысқа мерзімді
берешек
—
340000
140000
260000
—
460000
3350 Еңбекақы
төлеу бойынша
қысқа мерзімді
берешек
—
400000
500000
500000
—
400000
5010 Жарияланған
капитал
—
800000
—
—
—
800000
5430 Өткен
жылдардағы
пайда (залал)
—
580000
—
—
—
580000
7010
Өткізілген
өнімнің өзіндік
құны
200000
—
240000
—
4400000
—
8010 Негізгі өндіріс
120000
—
580000
60000
640000
—
ЖИЫНТЫҒЫ:
2620000 2620000
2380000 2380000
2640000 2640000
20___ ж. 1 ақпанына шаруашылық құралдары мен олардың
көздері туралы мәліметтер бойынша шоттар немесе айналым ведо-
мостан қорытынды бухгалтерлік баланс құрастырыңыз.
Жиынтықтарды есептеп, баланс активі жиынтығының пассивтің
жиынтығына тең болуын тексеріңіз.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Айналым ведомосындағы жиынтықтардың жұптық тепе-
теңдігі немен себептеледі және оның жәрдемімен қандай қателерді
анықтауға болады?
50
2. Баланс пен шоттардың арасында қандай байланыс бар?
3. Балансты құрастырудан бұрын неге айналым ведомосы жаса-
лады?
4. Айналым ведомосы мен қорытынды бухгалтерлік баланстың
арасында қандай байланыс бар?
18. Кіріспе және қорытынды бухгалтерлік баланстардың
мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау
Қаңтар айында касса және есеп айырысу шотындағы ақшалардың
сомасы қалай өзгергенін талдаңыз, кәсіпорынның кредиторлармен
есеп айырысу мүмкіндігін бағалаңыз.
Материалдар қорының, аяқталмаған өндірістің көбеюі мен
жіберілген өнім қалдықтарының елеулі өсуі фактілеріне баға
беріңіз.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлады ма?
2. Жеткізушілермен есеп айырысуға кәсіпорынның ақшалары
жетеді ме?
3. Аяқталмаған өндірістің көбеюі немен байланысты бо-
луы мүмкін және ол кәсіпорынның алдағы қаржы-шаруашылық
қызметіне қалай әсер етеді?
4. Жіберілген өнім қалдықтарының өсуі немен байланысты және
ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына қалай әсер етеді?
51
II БӨЛІМ.
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
I бөлімше. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
19. Банкіде ағымдағы шот ашу
Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен
немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланысқа
түсіп, олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс
қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық
құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын
төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан
төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыз-
дандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдармен де пайда болады.
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржы-
лардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп
алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құ-
тылу мүмкіндігін береді.
Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің
жәрдемімен қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Есеп айырысу шотын
ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот
ашу жөнінде өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы
туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі),
жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорын-
ның қаржыларын басқарушылардың қолтаңбалары қойылған но-
тариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы
статистикалық органдардан анықтама және есепке қою туралы
салық инспекциясының анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес,
әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша опе-
рацияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір
ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуға құқылы.
Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің
Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған
барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер
беріп тұруға міндетті.
52
Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақ-
шалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар,
кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі.
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі,
еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына
қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес боса-
тылады.
Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша
аударуларын әдеттегіше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы
негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізеді.
Ерекше жағдайларда банк есеп айырысу шотынан мәжбүрлі түрде
ақша қаражаттарын шығыс етеді. Мысалы, салық органдарының
ұйғарымы бойынша төлеу мерзімдері өтіп кеткен салықтар, жи-
наулар және т.б. аударылады. Одан басқа, өзінің келісімі бойынша
ақша қаражаттарын шығыс еті мүмкін, мысалы, банктің несиесін
пайдаланғаны үшін (несие үшін процент), есеп айырысу мен
кассалық қызмет үшін және т.б.
Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар кәсіпорын-
ның шығындарына, ал кәсіпорынның уақытша еркін қаржыларын
пайдаланғаны үшін банктің төлемдері — оның негізгі емес қыз-
меттерінің табыстарына апарылады.
Банктің ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз
ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол
ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.
Төлем тапсырмасы кәсіпорынның есеп айырысу шотынан
алушының есеп айырысу шотына, онда көрсетілген қаржыны
шығыс ету үшін қызмет атқарады.
Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде
есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |