Бухгалтерлік есептің математикамен өзара байланысы



Дата07.02.2022
өлшемі13,29 Kb.
#85758
Байланысты:
Математикамен байланысы


Бухгалтерлік есептің математикамен өзара байланысы
Бухгалтерлік есеп− бұл экономикалық ғылым.Оның терминологиясы тарихи түрде қалыптасты.Алғашқы рет бухгалтерлік есеп туралы Бенедитто Контрульи (1458ж.) мен Лука Пачоли (1494ж.) еңбектерінде сөз болады. Олар бухгалтерлік есептің әмбебап әдістемелік ғылым ретінде қарастырылуына алғаш рет негіз қалады. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде іргелі және қолданбалы ғылымдарға сүйене отырып, өзінің санаттарын кұрайды.
Экономикалық ғылымдар қоғамда қалыптасқан өндірістік қатынастарды зертейттін өздерінің негізі ретінде экономикалық теорияны алады. Экономикалық теория өндіріс күштері,ресустары, баға, тауар, акша, табыстар және басқа санаттарды құруға мүмкіндік береді.
Осы санаттардың жіктелуі есеппен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есепте көрсеткіштерді жалпылау және топтастыру үшін статистикалық және экономикалық әдістер пайдаланылады. Дәстүрлі бухгалтерия ереже бойынша орын алған фактілерді зерттейді. Есеп жоспар құру үшін және оның орындалуы барысына бақылау жасау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Яғни, жоспарлау да бухгалтерлік есеппен өте тығыз байланысты.
Қаржы− экономикалык пән. Ол «бюджет», «қаржыландыру», «күрделі салымдар», «салықтар» және басқа түсініктердің табиғаты мен мәнін ашады. Бұл санаттар бухгалтерлік есеп обьектілерін оқуда өз көрінісін табады. Заң ғылымдары шаруашылық үдерістермен шұғылданатын тұлғалардың қызметтерін бақылаумен, осы тұлғалар қабылдаған шешімдердің заңдылығына бақылау жасаумен айналысады.
Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде экономикалық және заң ғылымдары арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.
Бухгалтерлік есепті зерттеу үшін оның терминалогиясына тереңірек үңілуіміз керек. Бухгалтерлік есеп шаруашылық үдерістер туралы ақпарат беретін тіл сияқты бір ғажайып құбылыс. Бухгалтерлік сөз тіркестерін түсіну үшін тіл білу, филология туралы түсініктеріміз болуы керек. Математика−есепті тәжіребе жүзінде жүргізу кұралы, ол бухгалтерге тек қана арифметикалық амалдарды орындау үшін ғана емес,сонымен қатар қандай да бір таза бухгалтерлік үлгілерді құру үшін де қажет болады. Атақты математик Лука Пачоли бухгалтерлік есепті қолданбалы математиканың жеке бір саласы ретінде қарастырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет