Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі5,39 Mb.
#83862
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жандосова Жансая. Тарих слайд.
1 Дәріс

«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы

ОРЫНДАҒАН: Жандосова Жансая Жандосқызы

ҚАБЫЛДАҒАН: Бекіш Азамат Әбділқаилұлы


Қ. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Факультет: Экономика және құқық
Мамандық: Менеджмент
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Өскемен қаласы
2020 жыл

Мазмұны:
  • Кіріспе
  • Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
  • Қызметі мен бағдарламасы
  • Қорытынды

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын.
Уақытша укіметтің құлауы
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді.
Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды.
Сөйтіп, бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет