Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді.
Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды. Тек саусақпен санарлық бөлігі ғана қашып құтылды.
Әйтсе де, «Алаш» партиясы және оның айбарлы қайраткерлері ел тарихынан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.
Қорытынды: «Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып табылады. «Алаш» партиясының құрылғанына 2007 жылы 90 жыл толды. Және де бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол – аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан реформалардың нәтижесін, рахатын сезіндіру. Назарларыңызға рахмет!!!