10. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша мамандандырылған білім алушының дайындаудың басты шарты зерттеу жұмысын орындауды ұйымдастыру. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаумен кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауда таңдалған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді оқуда, зерттеу жұмыс жоспарын құруда және оны жазуда студенттерге көмек көрсету мақсатында беріледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметін жетілдіруге, шаруашылықтың қаржылық жағдайын басқару және өзінің ұйымдастыру бойынша білімін тереңдетіп және кеңейтуге мүмкіндік береді
1. Зерттеу жұмысын орындауға келесі міндеттер қойылады:
- мамандық бойынша теориялық білімін кеңейту және нағыз қаржы – экономикалық міндеттерді қарауда қолданылатын тәжірибе қабілеттілігін бекіту;
- өзіндік жұмысты дамыту қабілеттілігі мен берілген мәселені шешуде зерттеу әдістемесін үйрену;
- нарық шартына байланысты проблемаларды қоюды үйрену және оны басқаруды ұйымдастырудың әртүрлі тәжірибелік жағынан зерттеу.
2. зерттеу жұмысына қойлатын негізгі талаптар:
- зерттеу жұмысының теориялық сұрақтарын зерттелетін мәселе бойынша Қазақстан Респбуликасының заңдарын және нормативтік актілерін, статистикалық жинақтар мәліметтерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ұйымдарға есеп беру материалдарын пайдалана отырып, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесімен байланыстыру қажет;
- алынған білімді және жұмыс нәтижесін мазмұндау сауатты және логикалық жүйеде болуы қажет. Аналитикалық кестелер мен есептердің сандық мәліметтерін белгілі бір талдаумен, жалпылаумен және қорытындылармен жүйелеу қаже;
- кәсіпорынның нақты материалдарын талдауға арналаған, яғни есептеу талдау бөлігін қамтитын тарау теориялық тарау болуы қажет;
- зерттеу жұмысында пайдаланылатын әдебиеттер тізімін дұрыс безендіру керек. Статистикалық және түрлі авторлардың материалдарын пайдаланудың барлық жағдайына оларды жариялау көздерін, еңбектің аты, баспасы, басылған жылы мен орны, бетімен сілтеме жасалуы талап етіледі.