Тақырыбы:
|
Өзен және көл. 4 сынып
|
Мақсаты:
|
1. Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында оқушыларға бастапқы түсінік беру.
2. Өзендер мен көлдерді тиімді пайдалану, сақтау жөнінде пікір, сенім қалыптастыру.
3. Суды қорғау,халықтық, салт- дәстүрге негізделген экологиялық тәрбие беру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Қазақстандағы өзен және көлдер туралы, табиғи судың таралуы жайында түсінік алады. Топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға делелдер келтіріп, талқылауға үйренеді.
|
Керекті жабдықтар:
|
АКТ, оқулық, ресурстар, маркер, презентация, флипчарт, карта.
|
Сабақтың әдісі:
|
Топпен жұмыс, Венн диограммасы ассоциация.
|
Сабақтаың барысы:
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Кіріспе
|
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды топқа бөлу. А тобы
В тобы
С тобы
Д тобы
2. Ауа- райын бақылау.
|
Стикерге жазылған су аттары арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
Ауа – райын шартты белгі арқылы көрсетеді.
|
І айналым
Қызығушылығын ояту
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Әр топқа тапсырма беріледі.
А тобы:Табиғаттағы су айналымы
В тобы: Жер асты сулары қалай пайда болды.
С тобы: Минералды сулар қалай пайда болады? Неліктен шипалы су деп аталады.
Д тобы:Маңғыстаудағы құдықтар. Топтастыру.
|
Әр топ өз жауаптарын топқа талқылап 1 оқушы шығып қорғайды.
Әр топ өз ойларын айтады.
Бозашы Тұщыбек
Сауысқан Түйе су
Маңғыстау құдықтары
Сам құмы Төңірек шың
Бостан суы Басқұдық
|
ІІ айналым Мағынаны тану
|
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мәтінді өз бетінше ұғыну
2. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен мәтін мазмұны бойынша топтарға тапсырма беру.
Ақ қалпақ – мазмұнын айту.
Қызыл қалпақ – картамен жұмыс.
Сары қалпақ – мәтін мазмұны бойынша жоспар құру.
Қара қалпақ – Менің мәтінге қосарым.
Көк қалпақ –
Мәтін мазмұнын толықтыру, қорытындылау.
|
Мәтін мазмұнын өз бетінше ұғынады.
Ақ қалпақ: Мәтін мазмұны бойынша 1 оқушы шығып әңгімелейді.
Қызыл қалпақ: Мәтінде кездескен өзендерді картадан көрсетеді.
Сары қалпақ: Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастырады.
а) Тұщы судың бірі – өзен.
ә) Өзеннің пайдасы.
б) Көлдің тіршілік үшін маңызы.
в) Көлдердің тұщы немесе тұзды болуы.
Қара қалпақ: Судың зияны туралы пікірлерін айтады.
Көк қалпақ – Мәтін мазмұны бойынша оқушы түсінігін толықтырады, қорытады.
|
ІІІ айналым
Ой қозғау
|
Фишбоун Балық қаңқасын толтыру. Судың қасиеті
Суды ластаушы заттар.
Суды қорғау жолдары.
Адам өмірі мен табиғаттағы өзеннің маңыздылығы
|
Судың қасиеті: Еріткіш, ащы, тұщы, мөлдір, түссіз, сұйық
Суды ластаушы заттар: Теміржол бекеттерінің, завод, автокөліктердің, тамақ қалдықтары, мұнай, өнеркәсіп
Суды қорғау: Қоқыстар тастамау, ысырапсыз жұмасамау, күл төкпеу, өлекселер тастамау, тамақ қалдығын тастамау
|
ІV айналым Ой толғау
|
А тобы: Сәйкестендіру.
Каспий Қызылорда
Арал Алматы
Балқаш Өскемен
Зайсан Ақтау
В тобы: Су туралы мақал- мәтелдер.
С тобы: Тыйым сөздер.
Д тобы: Венн диограммасы өзен мен көлді салыстыру.
|
Теңіздердің қай облыста екенін табады
Мақал- мәтелдер жазады
Су туралы тыйым сөздер жазады.
Оқушылар өзен мен көлді салыстырып, ортақ қасиетін және айырмашылығын жазады.
|
Кері байланыс.
|
Рефлексия. 1.Не білуші едік? 2.Не білдік?
3.Не білгім келеді?
|
Әр топқа қолпаштау көрсету
|
Үйге тапсырма
|
«Су – тіршілік көзі» тақырыбына шағын шығарма жазу.
|
Критерий арқылы топ мүшелерін бағалау.
|