«бухгалтерлік саладағы іт» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


Лекцияда пайдаланылатын слайдтар



бет19/58
Дата07.12.2022
өлшемі1,19 Mb.
#161729
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

  1. «1С:Бухгалтерия» жүйесі

  2. «1С: Кәсіпорын» жүйесі

  3. Бухгалтерлік шоттар



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. №234-ІІІЗРК «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы 28.02.2007 жыл.
2. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, №185. 23.05.2011.
3. Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
Лекция 2. Константалар
1.Константалар терезесінің тізімі
2. Константаларды түзету (өзгерту)
3. Константалар мәнінің тарихымен жұмыс жасау


Лекцияның мақсаты: «1C: Кәсіпорын» жүйесіндегі константалар, әдетте жүйенің жұмысы барысында мүлдем өзгермейтін немесе өте сирек өзгеретін ақпараттарды қарастыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: константалар, типтік конфигурация, жылдық есептік көрсеткіш, Бас меню, перне, ең төменгі еңбекақы


1. «1C: Предприятия» жүйесіндегі константалар, әдетте жүйенің жұмысы барысында мүлдем өзгермейтін немесе өте сирек өзгеретін ақпаратты сақтау үшін арналған. Мұндай ақпараттың ең қарапайым түрі – кәсіпорын атауы.
Константаларды пайдалану тиімділігі - бір рет енгізілген ақпаратты құжаттар жасау, есептеулер және есеп беру нысандарын қалыптастыру кезінде көп реет пайдалануға болатындығымен түсіндіріледі. Мысалы, кәсіпорын атауын арнайы белгіленген константаға енгізіп, көптеген белгілерді толтыру кезінде оны пайдалануға болады. Кәсіпорын атауында қандай да бір өзгеріс болған жағдайда, оны константада бір реет өзгерту жеткілікті, сол кезде осы константалар қолданған барлық жерде ол автоматы түрде өзгереді.
Константалар мәні типтік конфигурацияда құжаттарды енгізуде, операцияларды автоматы түрде қалыптастыруда, әртүрлі есеп берулерді жасауда қолданылады.
Константалардың бір бөлігі кезеңдік болып табылады. Олардың мәні әр түрлі мерзімге беріледі,яғни константалар мәндерінің өзгеру тарихын сақтайды.
Типтік конфигурацияда пайдаланылатын константалардың тізімін шығару үшін, Бас менюдің «операциялар» менюінен «константалар» пунктін таңдау қажет.
Константалар тізімінің терезесі үш бағанадан тұратын кесте (таблица) болып табылады. «Код» бағанында константалардың қысқаша атауы жазылады. «Атауы» бағанында константалардың қысқаша атауының мазмұны ашылады, «Мәні (свойства)» бағанында константалардың мәні көрсетіледі.
Тізімге төмендегідей константалар жатады (кезеңдік константалар «Мәні (свойство)» бағанында «Пер» белгісімен белгіленеді.



Тізімдегі константалар коды

Константаларда не көрсетіледі

Мәні

Негізгі ұйым

Негізгі ұйым, объектісі




АЕК

Айлық есептік көрсеткіш,табыс салығын есептеуде қолданылатын шегерім

Пер

Жылдық ЕК

Жылдық есептік көрсеткіш

Пер

Ең төменгі ЕА

Ең төменгі еңбекақы қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді

Пер

Ай ішіндегі жұмыс күндерінің саны

----------------

Пер

Ай ішіндегі жұмыс сағатының саны

----------------

Пер

Қайта қаржыландыру мөлшері

ҚРҰБ қайта қаржыландыру мөлшері

Пер

Релиз номері

Қызметін константа (пайдаланушымен өзгертілмейді)




Нөлі жоқ құжаттарының №







Претиксі жоқ құжаттардың №







ИБ претиксі жоқ құжаттардың №







Экологиялық төлемдерді пайдалану

Белгіленген экологиялық төлемдерге сәйкес қызметкерлерінің жалақысын автоматы түрде қайта есептеу үшін «Жалақыны есептеу»контигурациясының құжатымен пайдаланылады.

Пер

Сыртқы баспа нысандарын пайдалану

Ақпараттық базаның ЕхtForms/ PrnForms ішкі сақтайтын құжаттар нысанын шығару үшін константаның «Иә» мәнін басу қажет. Сыртқы файлдарға «Құжаттардың сыртқы нысандары»анықтамалығы арқылы қол жеткізуге болады.




Қосу кезіндегі бақылау

«Бақылау» константасы бағдарламасы қосуды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл константалардың мәнін жойып жіберген, онда бағдарламаны қайта қосу, алғаш қосылған аяқты қабылдайды. Бұл дегеніміз, сізге мәліметтер мен константаларды (қайта енгізуге) ұсыныс жасалады және ұйым туралы мәліметтерді толтыру үшін ашылады.




Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің жаңа ережелерін қолдану сатысы (мерзімі)

ҚР ҚМ №561,11.06.2011 жыл қаулысына сәйкес МЗЖ есептеудің жаңа ережесі қай кезден бастап қолдану керектігі туралы мерзім

Пер



2. Пайдаланушылардың «1С: Предприятия» бағдарламасын пайдалану барысында тізімдегі константалар мәнін тек түзетуге ғана болады. Жаңа константаларды қосу, қажет емес константаларды жою, қолданыстағы қысқаша немесе толық атауын өзгерту тек контигуратор арқылы ғана мүмкін.
Константа мәнін өзгерту үшін өзгертілетін мәні бар кестедегі ұяшыққа курсорды орнатып, Enter немесе Shift+ Enter пернесін басу қажет. Ұяшық түзету режимін көшеді және онда вертикалды сызықша түріндегі текст пайда болады.
Құжатты түзету енгізген сол, түзету ржимі шығу үшін Enter пернесін басу қажет.
3. V константа үшін міндеттер конфигурациясын (настройка) жасау кезінде,оның мәніндегі өзгерістер тарихын анықтау қажеттілігін белгілеуге болады. Мұндай константалар кезеңдік (пер) деп аталады. Мұндай кезде константалар тізімінде оның ең соңғы мәні ғана емес, сонымен 1- ге бұрын болған мәндер және оларды енгізу даталары сақталып тұрады. Мұндай механизм V датаға болған кезең мәнін алуға мүмкіндік береді.
Константалар мәнінің тарихын көру үшін қажетті константа қатарына туралы мына іс - әрекеттің бірін орындау қажет:
- F5 пернесін басу;
- бағдарлама бойынша менюдегі «Действие» менюіндегі «Мәннің тарихы» пунктін талдау қажет.
Мәндер тарихынан терезесі 2 бағанадан тұратын кесте болып табылады, біріншісі – дата, екіншісі – осы датаға константаның мәні. Кестедегі жазулар датасы бойынша сортталады.
Константалар мәліметтерінің тарихы 2 жолмен өзгертуге болады:

  1. константалар тізімінде константаның жаңа мәнін енгізу;

  2. константалар мәліметтеінің тарихы түзілімінде қатарларды түзету және енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет