Лекцияда пайдаланылатын слайдтар: 1. Анықтамалықтар терезесі
2. Анықтамалыққа жаңа элемент пен жаңа топты енгізу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
2. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.
3. Журнал Бухгалтер плюс Компьютер 2013 г.
Лекция 4. Құжатттар және құжаттар журналы Құжаттармен жұмыс туралы жалпы мағлұмат
Құжатты енгізу нысаны
Құжаттар журналы
Құжаттармен жасалатын іс-әрекеттер
5.Бір құжат негізінде екіншілерін енгізу
Лекцияның мақсаты: Бухгалтерлік жазбаларды автоматты түрде қалыптастыратын құжаттарды пайдалану және операциялардың саны көп болғанда есеп беруді құрастырумен танысу.
Қарастырылатын негізгі сөздер:құжаттар, төлем тапсырмасы, шот, сенімхат, бухгалтерлік жазбалар, есептеулер ведомосі, кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордері
1. «1С:Бухгалтерия 8.2» типтік конфигурациясы әртүрлі бөлімдер бойынша есепті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Типтік конфигурацияда есепті жүргізу үшін құжаттар пайдаланылады.
«1С:Бухгалтерия 8.2» типтік конфигурациясы әртүрлі құжаттардың кең жиынтығын қамтиды.
Құжаттардың бір бөлігі кәсіпорында пайдаланылатын алғашқы құжаттарды енгізу, сақтау және баспаға шығару үшін ғана арналған: мысалы, «Төлем тапсырмасы», «Шот», «Сенімхат».
Құжаттардың екінші бір бөлігі алғашқы құжаттардағы мәліметтерді енгізуден бөлек автоматты түрде бухгалтерлік жазбаларды қалыптастырады. Оған «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің келіп түсуі», «Есептеулер ведомосы», «Кіріс кассалық ордері», «Шығыс кассалық ордері» және т.б. жатады.
Мұнан басқа бұл конфигурацияда ешқандай мәліметтерді сақтамайтын, тек автоматты түрде бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру үшін ғана қолданылатын бірнеше регламенттік құжаттардың түрлері бар. Мысалы, «Валютаны қайта бағалау» құжаты.
Бухгалтерлік жазбаларды автоматты түрде қалыптастыратын құжаттарды пайдалану бухгалтерлік есепті жүргізуді жеңілдетеді және операциялардың саны көп болғанда есеп беруді құрастыруға дайындайды.
Құжатты енгізу бағдарламаның Бас менюіндегі «Құжаттар» менюі арқылы мүмкін.
2. Құжаттарға мәліметтерді енгізу үшін құжаттарды енгізу нысаны пайдаланылады. Ол деректемелер, пернелер, ауыстырғыштар (переключатели) жиынтығынан тұрады.
Әр бір құжаттың міндетті деректемелеріне- номері мен датасы жатады. Жаңа құжатты ашқан кезде оған кезекті реттік номер автоматты түрде беріледі, ол пайдаланушымен өзгертілуі мүмкін. Құжаттың датасы бағдарламаның жұмыс датасына сәйкес қойылады, бірақ оны өзгертуге болады.
Номері мен датасынан басқа әрбір құжаттың «Комментарий» (Түсініктеме) деген деректемесі болады, оның «Қатар» (Строка) деген түрінде құжатқа еркін түрде қосымша ақпаратты енгізу үшін қолданылады.
Басқа деректемелерімен бірге құжаттың номері мен датасы құжаттың шапкасын құрайды.
Кейбір құжаттардың, сондай-ақ кесте немесе көпқатарлы кестелік бөлігі болады. Онда бухгалтерлік есеп объектілерінің тізімі және мәні (қасиеттері) көрсетіледі. Мысалы, «Материалдардың келіп түсуі» құжаты келіп түскен материалдардың тізімін көрсетеді, сонымен бірге материалдардың саны, бағасы, сомасы мен ҚҚС сомасы көрсетеді. «Есептеулер ведомосы» құжатының кестелік бөлігінде еңбекақысы есептелінген қызметкерлердің тізімі көрсетіледі.
Егер құжатта кесте болса, онда оны толтыру әдісі әр құжат үшін жеке анықталады және кестенің толтырылған қатарларын түзетуге болады.
Құжат нысанына енгізілген мәліметтер бойынша құжаттың баспалық түрі қалыптасады және құжат бойынша бухгалтерлік жазбалар қалыптасады.
3. Енгізілген құжаттар құжаттар журналында сақталады.
Конфигурацияда енгізілген барлық құжаттар тіркелетін жалпы құжаттар журналы, сондай-ақ құжаттың жекелеген түрлері бойынша топтастырылған құжаттар журналы болады. Журналдардың кез-келген түріне бағдарламаның Бас менюіндегі «Журналдар» менюінің сәйкес пункті арқылы кіруге болады.
Құжаттар журналында әрбір құжат үшін жалпы ақпараттан (дата, түрі, құжат нөмірі) басқа, нақты бір құжат үшін өзіндік ерекше ақпаратты да көрсетеді (мысалы: ұйым-контрагент).
Сонымен қатар енгізілген құжат операциялар журналында сәйкес жазба арқылы көрініс табуы мүмкін.
Енгізіліп қойылған құжатты көру және түзету үшін қажетті құжат орналасқан құжаттар журналынан, бухгалтерлік жазбалар журналынан немесе операциялар журналы арқылы мүмкін.
Журналды баспаға шығару. Ағымдағы журналдағы құжаттар тізімін баспаға шығару үшін журналдар терезесінің төменгі жанындағы «Реестр» түймесі арналған, ол журналдың таңдалған интервалымен сәйкес келетін кезең ішіндегі осы журналға енетін құжаттар реестірін қалыптастырады.
Дәл осындай есеп беруді «Сервис» менюіндегі «Құжаттарды өңдеу» режимін пайдалана отырып жасауға болады.
Алынған есеп беруді баспаға шығаруға болады.
Құжаттар журналында қандай-да бір іс-әрекеттерді орындағаннан кейін (жаңа құжатты енгізгеннен кейін), құжаттар реестірін өзекті (актуалды) қалыпқа (жағдайға) келтіру үшін құжаттар реестірі терезесінің жоғары жағындағы «Жаңарту» (Обнавить) түймесін тышқанмен 2 рет басу қажет. Настройка түймесін тышқанмен 2 рет басу «Реестр» түймесін басқан кездегі құжаттар журналының жағдайына сәйкес құжаттарды таңдау шарттары белгіленген «Құжаттарды өңдеу» диалогтық режимін ашады.
Диалогта таңдау шарттарын түзетуге, реестірді қайта қалыптастыруға немесе құжаттармен өзге де іс-әрекеттерді орындауды таңдауға болады. Сондай-ақ баспаға шығарылатын құжат деректемелерінің санын кеңейтуге болады.
Ол үшін «Өңделетін құжаттар түрлері» тізімдегі деректемелері өзгертілуі тиіс құжатты активациялау үшін таңдап, «Настройка» түймесін басу қажет. Пайда болған диалогтық терезеде құжаттар шапкасының барлық деректемелерінің ішінен есеп беруде көрсетілуі тиістерін таңдауға болады.
4. Барлық журналындар нысандарында «Действия» түймесі болады. Бұл түйме таңдалған журналдағы құжатпен орындауға болатын іс-әрекеттер менюін ашады.
Бағыныштылық құрылымы. Бұл пункті таңдау кезінде бағыныштылық құрылымының деңгейлерінен (дерево) тұратын терезе ашылады.
Бағыныштылық деңгейінің бірнеше деңгейі болады. Құжаттар үшін атауы, нөмері, датасы мен сомасы көрсетіледі.
Құжаттардың қозғалысы туралы есеп беру. Жүргізілген, жасалған (проведенный) құжат үшін есеп беруді қалыптастырады, ол құжаттар негізінде қалыптасқан бухгалтерлік жазбалар тізімін қамтиды.
Негіз бойынша енгізу. «Действия» түймесінің бұл меню пункті бір құжат негізінде екінші бір құжатты қалыптастыруға арналған. «Негіз бойынша енгізу» тек жазылған құжат негізінде ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан, жаңа құжат нысанын бұл режимді қолдану кезінде оны алдымен жазып алу қажет. («Записать» түймесі).
5. «1С:Бухгалтерия 8.2» бағдарламасы бір құжаттағы мәліметті екінші бір құжатқа көшіру мүмкіндігіне ие. Ол үшін жаңа құжатты енгізу кезінде «Негіз бойынша енгізу» механизмі қолданылады.
Бұл механизм, мысалы, шығыс накладнойын бұрын көшірілген шоттағы ақпарат бойынша жасауға мүмкіндік береді.
Бір құжат негізінде екінші бір құжатты енгізу үшін құжаттар журналында қажетті құжатқа (негізге) курсорды қойып, журналдың «Действия» менюіндегі «Негіз бойынша енгізу» пунктін таңдау қажет немесе бағдарламаның бас менюіндегі «Действия» менюінің «Негіз бойынша енгізу» пунктін таңдауға болады.
Пайда болған құжаттар түрлерінің тізімінде пернелер немесе тышқан көмегімен қажетті құжатты таңдап «ОК» түймесін басу қажет. Осыдан кейін таңдалған құжат түрі бойынша жаңа құжат ашылады, оның деректемелеріндегі ақпарат негіз-құжаттан көшірілген ақпаратпен толтырылады.
Жаңа құжатқа кезекті реттік номер беріледі. Құжаттың датасы ретінде жүйенің жалпы параметірінде қойылған жұмыс датасы қойылады. (Меню «Сервис»- «Параметры»).
«Негіз бойынша енгізу» режимі жаңа құжат пен негіз-құжат арасында байланыс орнатады. Бұл тек жаңа құжатты енгізуді жеңілдету құралы ғана.