«бухгалтерлік саладағы іт» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


Лекцияда пайдаланылатын слайдтар



бет29/58
Дата07.12.2022
өлшемі1,19 Mb.
#161729
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. «Орындалған жұмыстардың» құжатын толтыру
2. «Өнім өндірісі» құжатын толтыру
3. «Жұмысты аяқтау» құжатын толтыру
4. «Аяқталмаған өнідіріс» құжатын толтыру


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2.Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
4. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
5. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.


Лекция 12. Регламенттелінген есеп берулер
12.1 Регламенттелінген есеп берулермен жұмысты ұйымдастыру.
12.2 Регламенттелінген есеп берулерді пайдалану.
12.3 Регламенттелінген есеп берулерді құрастыру.
12.4 Есеп беруді құрастыру кезеңі.
12.5 Нысанды түзету пернелері.
12.6 Регламенттелінген есеп берулерді баспаға шығару.
12.7 Регламенттелінген есеп берулердің жаңа нысандарын бағдарламаға енгізу.


Лекцияның мақсаты: Ұйымдардың салық органдарына және өзге де қорларға ұсынуға арналған статистикалық, бухгалтерлік және салықтық есеп берулерінің тәртібі


Қарастырылатын негізгі сөздер: регламенттелінген есеп, есеп беру кезеңі, Бас меню, файл, электронды кестелер, статистикалық есеп, бухгалтерлік есеп, салықтық есеп.



  1. «1С:Бухгалтерия 8.2» жүйесіне регламенттелінген есеп берулердің жиынтығы кіреді. Бұл ең алдымен салық органдарына және өзге де қорларға ұсынуға арналған статистикалық, бухгалтерлік және салықтық есеп берулер. Регламенттелінген есеп берулердің жиынтығы тоқсан сайын жаңартылып отырады және тіркелген бағдарламаны пайдаланушыларға таратылады. Регламенттелінген есеп берулер ағымдағы нормативтік құжаттарға сәйкес өзгертіліп жекелеген файлдар түрінде «сыртқы есеп берулер» түрінде жеткізіледі.

  2. Регламенттелінген есеп берулермен жұмыс жасау режимін шақыру үшін «Есеп берулер» менюіндегі «Регламенттелінген есеп берулер» пунктін таңдаймыз. Экранда «Регламенттелінген есеп берулер» нысаны пайда болады. Терезенің жоғары бөлігінде есеп берулер тобын таңдау үшін арнайы бар. «1С:Бухгалтерия 8.2» кешенінде бір ғана кезеңге арналған регламенттелінген есеп берулердің бір тобы енгізілген. Нақты бір есеп берулермен жұмыс жасау үшін қажетті топты таңдап оған курсорды орнатамыз. Содан кейін «открыть» түймесін немесе тышқанды екі рет шерту арқылы регламенттелінген есеп берулер нысанын ашамыз. Нақты есеп берулердің параметрлер құрамы олардың негізгі бағыты және жұмыс жасау принциптеріне байланысты болады.

  3. «1С:Бухгалтерия 8.2» жүйесінде регламенттелінген есеп берулерді құрастыру «1С:Предприятие» кестелерінің «электронды кестелер» режимінде жұмыс жасау мүмкіндігіне байланысты. Кестенің белгілі бір ұяшығына нәтижелерді енгізгенде кестенің басқа ұяшығындағы мәндер түзетілетін ұяшықпен алгоритмдің байланыста болса, онда автоматты түрде қайта есептеледі. Регламенттелінген есеп берулерді құрастыру нысаны мәліметтерді енгізу режимінде жұмыс жасайтын «кесте – есеп беру» бланкісі түрінде болады. Есеп берулерді құрастыру нысаны есеп беру түріне байланысты. Дегенмен, барлық нысандарға ортақ диалогтық терезенің түймелері мен деректемелері болады.

  4. Есеп беруді құрастыру кезеңінде пайдаланушылардың мүмкіндігі шектеулі. Есеп беруді құрастырукезеңі ретінде тоқсан немесе айды таңдау қажет. Мысалы, есеп беруді 3 тоқсан үшін жасайтын болсақ, ондак «кезең» деректемесінен «айды» таңдау арқылы біз осы тоқсанның кез келген айы үшін есеп беруді қалыптастыра аламыз.

  5. Нысанмен жұмыс жасау кезінде төмендегідей пернелерді пайдалануға болады:

Enter - нысанның ұяшығына мәліметтерді енгізу және оны аяқтау үшін пайдаланады;
, , ,  - кестенің ұяшықтары бойынша қозғалып отыруы үшін;
Tab / Shift + Tab – мәліметтерді енгізуге арналған есеп берулер бланкісінің ұяшықтары бойынша ауысуға арналған;
Home / End – кестенің басы мен соңына курсорды ауыстыру үшін;
Page Up / Page Down – нысанды жоғары – төмен парақтар арқылы ауыстыру үшін;
Ғ6 – диалогтық терезе және нысанның баспалық түріне түзетулерге арналған.

  1. Бағдарламаның бас менюіндегі «файл» менюіндегі «баспаға шығару» пунктін пайдалану арқылы басып шығаруға болады. «Файл» менюіндегі «баспаға шығару» пунктін пайдаланады, егер бланкінің түзету терезесі активті болғанда ғана мүмкін. Оны активті ету үшін осы терезені тышқанмен бір рет шерту қажет. Көппарақты бланкілерді басып шығару үшін «бланк» деректемесінде «бет» қою керек. Нысанның барлық беттерін басып шығару үшін «печать всех» түймесін басу керек.

  2. Регламенттелінген есеп берулер режимі есеп берулердің жаңа нысандарын алу кезінде пайдаланылатын жаңа есеп берулерді бағдарламаға енгізу механизміне ие. Жаңа нысандарды енгізу үшін «загрузить» түймесін басу керек. Осы кезде «файл-архив» таңдау үшін диалогтық терезе ашылады. Осы терезеден қажетті файлдарды таңдаймыз. Осыдан кейін файл – архивтен есеп берулердің жаңа нысандары енгізіледі. Егер осы кезең үшін есеп беру әлі енгізілмеген болса, онда жаңа топ құрылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет