«бухгалтерлік саладағы іт» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


Лекцияда пайдаланылған слайдтар



бет25/58
Дата07.12.2022
өлшемі1,19 Mb.
#161729
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ

Лекцияда пайдаланылған слайдтар:
1. Төлем тапсырмасы
2. Кіріс кассалық ордер
3. Шығыс кассалық ордер
4. Кассалық кітап


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2.Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
4. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
5. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.


Лекция 8. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі

  1. Сатып алынған негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі

  2. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есептен шығару және ауыстыру

  3. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қайта бағалау

  4. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату

  5. Амортизация есептеу



Лекцияның мақсаты: Бухгалтерлік есеп процесінде негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің өзіндік мәні, құжат толтырылуы және нормативтік реттеуі бар бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетудің ұйымдастыру тәртібі


Қарастырылатын негізгі сөздер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер есебі, амортизация, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қабылдау-тапсыру актісі, есптен шығару актісі.


1. Ұйымның шаруашылық қызметінде негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің алатын ролі жоғары. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер салық төлеушінің бухгалтерлік балансында негізгі құралдар және материалдық емес активтер ретінде есепке алынады және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік есеп процесінде негізгі құралдардың және материалдық емес активтер өзіндік мәні, құжат толтырылуы және нормативтік реттеуі бар бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Осындай кезеңге:

  1. Келіп түскен негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді көрсету және оны ұйымның балансына тіркеу

  2. Амортизация есептеу

  3. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді ауыстыру

  4. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қайта бағалау

  5. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді беру және есептен шығару

Шоттар жоспарына сәйкеснегізгі құралдар бойынша мәліметтерді жинақтау үшін типтік конфигурацияда төмендегі шоттар қарастырылған:
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді ақшаға сатып алуы ұйымға Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің келіп түсуінің кең тараған түрі болып табылады. Ұйымда негізгі құралдарды жеке объект ретінде келіп түсуін тіркеу «1С: Бухгалтерияда» “Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің келіп түсуі” құжаты пайдаланылады. Құжатты былайша қалыптастырамыз:

  • менюдан “Құжаттар/тіркелетін құжаттар есебі” -“ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді ң келіп түсуі” пункті;

  • менюдан “Құжаттар/тіркелетін құжаттар есебі” -“ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді ң келіп түсуі” пункті; “Жаңа” командасы.

Біріншіден кредиторлық қарыз шотын таңдап, активтерді кіріске алуда 3310 – Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу шоты қойылады.
Жабдықтаушы реквизитінде негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сатып алған контрагент көрсетіледі. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің келіп түсуінің негізіне “Негізі” реквизиті көрсетіледі. “Негізі” анықтамасынан біреуі таңдап алынады.
Бөлімше реквизитінде негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді кіріске алатын бөлімшені көрсету қажет ҚҚС дұрыс жатқызу және әрі қарай ҚҚС декларациясын қалыптастыру үшін “Айналым түрін” /жалпы, босатылған, салынатын айналым/ және “Есепке алынатын ҚҚС түрін” көрсету қажет. Кесте бөлімін есептеу тәсілі үшін “Салықтарды есептеу варианты” реквизиті қарастырылған. Құжаттың кесте бөлімі негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді тізімі оның құны көрсетіліп толтырылады/ таңдап алынған салықты есептеу вариантына байланысты сомасы және салық сомасыз/ ҚҚС сомасы және ставкасы автоматты түрде қойылып есепелінеді.
Құжатта қосымша сервисті мүмкіндіктер қатары қарастырылған:
- Жабдықтаушының счет фактурасын тіркеу. Алынған шот - фактураны тіркеу үшін құжатта “шот - фактура” түймесі пайдаланылады.
“Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі” жабдықтаушыдан келіп түскен, жөндеудең соң және монтаждан соң пайдаланылуға жіберу үшін операцияларды қалыптастыруда пайдаланылады.
Құжатты қалаптастыру төмендегіше:

  • менюден “Құжаттар”/”негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есебі бойынша жалпы журнал” пункті “Жаңа” командасы.

  • Құжаттан “ негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің келіп түсуі”- “Қабылдау-тапсыру актісі”

2. “Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді ауыстыру” құжаты негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді өз ішінде ауыстуру бойынша операцияларды қалыптастыру үшін арналған.
Құжатты қалыптастыру мүмкін:

  • менюдан “Құжаттар/ негізгі құралдардың және материалдық емес активтер есебі”, - “ негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді ауыстыру” пункті

  • менюдан “Құжаттар/ негізгі құралдардың және материалдық емес активтер есебі”, - “ негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді өз ішінде ауыстыру” пункті, “Жаңа” командасы

Құжатта ауыстыру бойынша операцияларды қалыптастыру үшін негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қай бөлімшеден қандай бөлімшеге ауыстыратын таңдау қажет. Құжаттың кесте бөлімінде ауысатын негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді көрсетеді.
Негізгі құралдарды физикалық және моральдық жағынан тозуына байланысты есептен шығару кезінде, сонымен қатар төтенше жағдайларға байланысты жою кезінде “негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есептен шығару” құжаты пайдаланылады.
Құжаттың қалыптасуы:

  • менюдан “Құжаттар”/негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есебі, “негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есептен шығару” пункті

  • менюдан “Құжаттар”/негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есебі, “негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есептен шығару” пункті, “Жаңа” командасы

  • “негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату”құжатынан /”Есептен шығару актісі” түймесі/

3.“Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қайта бағалау бойынша операцияларды қалыптастыру үшін ”Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қайта бағалау” құжаты пайдаланылады.
Құжатты қалыптастыру мүмкін:

  • менюдан “Құжаттар/ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер есебі” пункті “Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қайта бағалау”

  • менюдан “Журналдар/ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер есебі”, “Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер бойынша жалпы журнал”пункті, “Жаңа” команда

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер құжатының кесте бөлігінде активтің құнын және тозуын қайта бағалау бойынша құжат қалыптасады. Құжаттың кесте бөлігі “Толтыру” түймесі арқылы толтырылады Осыған байланысты “Жалпы” парағында қосымша активтердің түрлері, топтары, бөлімшелері толтырылады.
4. “Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату ”құжаты сатып алушыларға негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату бойынша құжаттарды қалыптастыруға арналған.
Құжатты қалыптастыруы мүмкін:

  • менюдан ”Құжаттар/ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді негізгі құралдардың және материалдық емес активтер есебі” -“ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату” пункті

  • менюдан ”Құжаттар/ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер есебі” -“Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату” пуннкті “Жаңа” командасы

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату бойынша операцияларды қалыптастыру үшін “Жалпы” парағына келесі реквизиттерді кою керек:

  1. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату бойынша табысты жатқызатын бөлімшені көрсету;

  2. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сатып алушының дебиторлық қарызы есебі шотын таңдау;

  3. “Контрагент” және “Жалпы” реквизиттерін толтыру

  4. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сатуда табысқа жіберілетін кызмет түрін көрсету;

  5. ҚҚС бойынша декларацияны қалыптастыру үшін сәйкес классификатордан “Сату түрін” таңдау;

  6. Құжаттың кесте бөлігін толтыру үшін “Салықтар есебінің варианты” реквизитін таңдау қажет

  7. Тауарларды алуға сенім хат мәліметтерін баспа түрінде көрсету үшін “сенім хат №” “күні”, “кім арқылы” реквизиттерін толтыру қажет.

5. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер объектісі бойынша амортизациясын есептеу айдың 1 күнінен басталады және осы объектінің құны толық өтелгенше немесе есептен шығару кезіне дейін амортизация есептелінеді.
Әр ай сайын амортизация есептеу үшін “Амортизация есептеу” құжаты пайдаланылады.
Құжатты қалыптастыру:

  • менюден “Құжаттар/Регламенттік құжаттар”-“ Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерге амортизация есептеу”;

  • менюден “Журналдар/Регламенттік құжаттар”- “Жаңа” командасы

Бұл құжат “Амортизацияны есептеу” бекітілген белгісімен негізгі құралдардың және материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу үшін колданылады. Әрбір негізгі құралдардың және материалдық емес активтер үшін амортизацияның алгоритм есебі анықтамадағы “Аморизацияны есептеу тәсілі”реквизитімен анықталады.
Амортизацияны есептеу үшін “ОК” түймесін басамыз.
Құжатты қалыптастыру кезінде бухгалтерлік жазуды және соманы қалыптастырады. Құжат кейіннен қайта қалыптастырады. Осыған байланысты жаңа құжаттағы проводкалар алынып тасталады және жаңасы пайда болады.
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтер бухгалтерлік есепте топтарға бөлінеді. Сондықтанда активтерді жеке топтары бойынша амортизация есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет