Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2.Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
4. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
5. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.
Лекция 9. Материалдар есебі. Материалдардың келіп түсуі.
Материалдардың ішкі қозғалысы.
Материалдарды сыртқа жөнелту.
Материалдарды есептен шығару.
Лекцияның мақсаты: Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды рәсімдеу тәртібі және ішкі қозғалысын рәсімдеу негізінде материалдардың қай қоймадан босатылып қайсысына кірістелетіне көрсету.
Қарастырылатын негізгі сөздер: материалдар, айналым түрі, салықсыз сомасы, өткізу түрі, кредиторлық қарыз, жеткізушілер, сенімхат.
1. «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында материалдардың бухгалтерлік есебі бойынша өзіндік мәні құжаттың рәсімделуі және нормативтік реттелуі бар бірнеше сатына бөліп қарастыруға болады:
1) материалдардың келіп түсуі;
2) материалдардың ішкі қозғалысы;
3) материалдарды өндіріске босату;
4) материалдарды сыртқа сату.
Материалдардың ұйымға келіп түсуін «Материалдардың келіп түсуі» құжатымен рәсімдейміз. Құжатты мына әдіспен қалыптастырады:
1) Құжаттар/ Материалдар есебі менюіндегі «Материалдардың келіп түсуі» пункті.
2) Журналдар/ Материалдар есебі менюіндегі «Материалдардың келіп түсуі» пунктінің жаңа бұйрығы.
Материалдардың келіп түсуін рәсімдеу үшін құжаттық «Жалпы» парақтарда мына деректемелерді толтыру қажет:
Материалдар кіріске алынатын қойманы көрсету.
Материалдар кіріске алынатын кредиторлық қарыздар есебінің шотынтаңдау.
«Контрагенттер» және «Негіз» деректемелерін сәйкес анықтамалықтарға жеткізушілер және олармен есеп айырысу түрін көрсету.
ҚҚС дұрыс есептеу мақсатында «Айналым түрі» және «Есептелуі тиіс ҚҚС түрі» пунктін толтыру.
Егер кредиторлық қарыздар шоты валюталық болса онда валюта түрі мен бағамын көрсету.
Құжаттың кестелік бөлігі саны мен бағасы көрсетілген материалдар тізімімен толтырылады. Материалдар тізімімен толтырылады. «Сомасы», «Салықсыз сомасы», «ҚҚС деректері автоматты турде есептелінеді»
Жеткізішілерден материалдар алынғанда мынадай негізгі шоттар корреспонленциясы қалыптасады.
Жеткізушілерден материалдар алынды Дт 1310 Кт 3310
2. Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды рәсімдеуде «Материалдардың қозғалысы» құжаты пайдаланылады. Құжатты екі әдіспен қалыптастырады:
1) Құжаттар/ Материалдар есебі – Материалдар қозғалысы
2) Журналдар/ Материалдар есебі – Материалдар қозғалысы – жаңа
Материалдардың ішкі қозғалысын рәсімдеу негізінде материалдардың қай қоймадан босатылып қайсысына кірістелетіне көрсету қажет. Құжаттың кестелік бөлігін толтытыруда материалдардың тұһүрі мен санын таңдау қажет: «Таңдау» түймесі көмегімен «Босатылатын» қоймадағы материалдардың қалдықтары кестеге автоматты түрде түседі. Егер кестені тазарту қажет болғанда «Тазарту» түймесін пайдаланады.
Материалдардың ішкі қозғалысы кезінде мынадай бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 1310 (цех) Кт 1310 (қойма)
Құжаттың диалогтық терезесінде мынадай түймелер орналасады:
Қалыптасу
3. Егер кәсіпорын өз қызмет түрін өзгертсе немесе өнім өндірісін тоқтатса осы мақсатқа сатып алынып бірақ пайдаланылмаған материалдарды сатады. Құжатты екі әдіспен қалыптастырады:
1) Құжаттар/ Материалдар есебі – Материалдарды өткізу
2) Журналдар/ Материалдар есебі – Материалдарды өткізу – Жаңа
Материалдарды өткізу кезінде құжаттың «Жалпы» парағында мына деректемелерді толтыру қажет:
Материалдар босатылатын қойманы және өткізуден түскен кірістітің қай бөлімге кірістелетінін көрсету.
Материалдарды сатып алушылардың дебиторлық қарыздар есебінен шотынтаңдау (1210).
«Контрагенттер» және «Негіз» деректемелерін толтыру
«Материалдарды өткізуден түскен түсімнің» қандай қызмет түріне жататынын көрсету
«Өткізу түрі» деректемесін толтыру арқылы жіктемені таңдау
Құжаттың баспалық нысанында көрініс табуы үшін сенімхаттың номерін, қашан және кім арқылы алынғаны туралы деректемені толтыру
4. «Материалдар есептен шығару» құжаты материалдарды шығынға есептен шығару бойынша операцияларды рәсімдеуге арналған. Құжатты мына әдіспен қалыптастырады:
1) Құжаттар/Материалдар есебі – Материалдарды есептен шығару
2) Журналдар/Материалдар есебі – Материалдарды есептен шығару – Жаңа
Құжат материалдарды өндірістік, әкімшілік және басқа да шығындарға есептен шығаруға арналған. Құжат бойынша операцияларды рәсімдеу үшін материалдардың қай қоймадан есептен шығарылғанын көрсету қажет.
«Комиссия» түймесі құжатта комиссия мүшелерінің аты-жөнін және қол қоюы үшін толтыруға арналған. Материалдарды есептен шығару кезінде мынадай шоттар корреспондент бөлінеді. Дт 8110 Кт 1310