6. «Шартты кәсіпорында мәліметтер мен бастапқы қалдықты енгізу» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Мақсаты – студенттердің шоттарды ашу әдісі, оларға операцияларды жазу тәртібі бойынша білімдерін бекіту және бірнеше мерзім ішінде есеп жүргізу әдісін меңгеру.
Тапсырма. 1-мамырға қалған қалдықтар бойынша шоттар ашыңыз. Және шоттарға 2 айдың бухгалтерлік жазулары тіркелетіндігін ескеріп, әрбір шот бойынша 10 жол қалдырыңыз.
Берілгені:
1-мамыр бойынша шоттар қалдықтары
7. «Еңбекақы есебі бойынша есептеулер»тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Құжаттардың жіктелуі бойынша:
Берілгені:
Кіріс кассалық ордері, төлем тапсырмасы, шығыс кассалық ордер, сенімхат, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, талап, лимиттік-жинақтау картасы,тауарлық-жүк құжаты, сет-фактура, еңбек ақы бойынша төлем ведомосі, кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, материалдардың ішкі қозғалысына арналған накладнойлар, банк үзіндісі.
Талап етіледі:
Бухгалтер лік құжаттарды жіктелу белгілері бойынша топтастыру.
Қате жазуларды түзету бойынша:
кәсіпорын кассасына банктегі ағымдық шоттан еңбек ақы төлеу үшін ақша келіп түсті, сомасы: 215000 тг. Бухгалтерияда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:
Дт-1010 Кт-1030 21500.
Түзету енгізіп, бухгалтерлік есепте бейнелеу қажет.
Жабдықтаушылардан материалдар алынып, қоймаға кірістелді, сомасы: 40000 тенге. Оған бухгалтерияда келесі бухгалтерлік жазу құрылған:
Дт-1320 Кт-3310 40000
Келесі баптар қай шоттарда есепке алынады:
а) монеталар мен валюталар;
б) Қазына облигациялары;
в) депозиттік сертификаттар;
г) Шоттағы қаражатпен жабылмаған чектер (банк үзіндісімен бірге қайтарылған чектер);
д) шетел банкісіндегі депозит;
е) алдағы мерзіммен берілген чек (көрсетілген мерзімге дейін ақша алға болмайды);
ж) ұзақ мерзімді міндеттемелерді өеуге пайдаланылатын ақша қаражаты;
з) жолдағы депозиттер;
и) басқа компанияның 100 акциясы (бір жыл немесе одан да аз мерзім ішінде сатып жіберуге ниеті бар);
к) жинақ шоты;
л) пошта маркалары;
м) іссапар шығындарына берілген аванстар.
Компания 20/12/12 жылы несиеге 20,000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алады. Операцияны шоттарда бейнелеңіз.
28.12.12 ж. жабдықтаушының квитанциясын төлеуге чек жазылып берілді. Операцияны бейнелеңіз.
Жабдықтаушыға чек тек 05.01.05ж. ғана жеткені анықталды. Қаржылық қорытынды есептілікте 2004 жылдың 31- желтоқсанына қалдықтарды дұрыс бейнелеуге қажетті кері бухгалтерлік өткізбе беріңіз.
Енді, шын мәнінде жабдықтаушы чекті 2012 жылдың 29- желтоқсанында алғаны анықталды. Бірақ ол чекті банкке 2013 жылдың 3-қаңтары күні жеткізіп, ақша алғаны мәлім болды. Корректуралық жазу қажет деп ойлайсыз ба? Неге екенін түсіндіріңіз
Қателік келесі айда анықталған. Қатені түзетіңіз