8 тақырып. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі Бухгалтерлік есеп процесінде негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің өзіндік мәні, құжат толтырылуы және нормативтік реттеуі бар бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетудің ұйымдастыру тәртібі
Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді алу бойынша есебі. Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің қозғалысы және есептен шығару. Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді қайта бағалау. Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді іске асыру. Амортизация есептеу.
Негізгі құралдары бағалау: бастапқы, ағымдағы, баланыстық құны, сату құны және жойылу құны. Негізгі құралдардың тозуының есебі.
Негізгі құралдарды жалға беру есебі. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың есебі: қосымша бағалануы және құнының төмендеуі. Қаржылық есеп беруде ақпараттарды ашып көрсету.
Ұзақ мерзімді активтер – бұл өндірістік, әкімшілікмақсаттар немесе арендаға тапсыру үшін қолданылатын, бір жылдан аса пайдалы қызмет мерзімі бар активтер. Негізгі құралдар келесі категорияларға бөледі: жер, ғимарат және құрылыс, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және категориялар мәліметтеріне кірмеген басқа негізгі құралдар.
Ұзақ мерзімді активтерді бағалау үшін алғашқы, ағымдағы, баланстық, өтімділік құны және жетілдіру құны қолданылады.
Материалдық емес актив - бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.
Ұйымдар ғылыми немесе техникалық білімдер, жаңа процестер мен жүйелерді әзірлеу немесе енгізу, лицензиялар, интеллектуалдық меншік, нарық білімі және тауар белгілері (тауар маркалары мен баспа құқықтарын қосқанда) сияқты материалдық емес активтерді сатып алу, әзірлеу, қызмет көрсету немесе нығайту кезінде ресурстарды жиі жұмсайды. Осындай ауқымды санаттар қамтитын баптардың кеңінен тараған үлгілері болып компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, авторлық құқықтар, кинофильмдер, клиенттердің тізімі, ипотекаға қызмет көрсету құқығы, балық аулау лицензиялары, импорттық квоталар, франшизалар, клиенттермен немесе жеткізіп берушілермен қарым-қатынастар, клиенттердің икемділігі, нарықтың үлесі және өткізу құқықтары болып табылады.
Материалдық емес активтің анықтамасы оны іскерлік беделден нақты ажыратуға мүмкіндік беретін бірегейленуін талап етеді. Кәсіпорындарды біріктіру кезінде алынған іскерлік бедел бұл сатып алушы-кәсіпорын болашақта күтілетін экономикалық табысты күту кезінде өздігінен жеке бірегейлендіре алмайтын және бөлек таныла алмайтын активтерден жасалатын төлем болып танылады. Болашақтағы экономикалық табыстар сатып алынған бірегейлендірілетін активтер арасында синергия тиімділігінен немесе жеке өзі қаржы есептілігінде тану талаптарына жауап бермейтін, бірақ кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алушы ақысын төлеуге даяр активтерден туындауы ықтимал.
Әдебиет:
1.Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2.Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
4. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
5. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.