«бухгалтерлік саладағы іт» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


«Қаржылық есептілікті құру»



бет38/58
Дата07.12.2022
өлшемі1,19 Mb.
#161729
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ

15. «Қаржылық есептілікті құру» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
1) Төмендегі берілген операциялардың балансқа әсері бойынша түрлерін анықтаңыздар:
1. Компанияның ағымдық шотынан кассаға ақша келіп түсті 120000 тг.
2. Компаничның қызметкерлеріне еңбек ақы есептелінді 130000 тг.
3. Кассадан компанияның персоналына еңбек ақы төленді 112000 тг.
4. Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды 17000 тг.
5. Ағымдық шоттан банктің қысқа мерзімді несиесі қайтарылды 40000 тг.
Баланстың валютасы – 500000 тг.
2) Төменде берілген «Барыс» ЖШС-нің мәліметтері бойынша 01.09.200.. ж-ға бухгалтерлік баланс құрыңыздар:
1. Ғимараттар 440000
2. Жабдықтар 80580
3. Жарғылық капитал 592210
4. Жабдықтаушыларға қарыз 44150
5. Тауар 173400
6. Еңбек ақы бойынша қарыз 18100
7. Материалдар 13360
8. Кассадағы қолма-қол ақша 340
9. Аяқталмаған өндіріс 5380
10.Бөлінбеген пайда 51340
11. Ағымдық шоттағы ақша 113330
12.Басқа да кредиторларғақарыз 11400
13. Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарызы 210
14. Резервтік капитал 109400
3) Төмендегі берілген операциялардың станок жасаушы зауыттың балансына әсері бойынша түрлерін анықтаңыздар.

  1. Қолма-қол ақша кассадан банкке қайтарылды – 8000.

  2. Өндіріске қоймадан материалдар жіберілді– 6000.

  3. Ағымдық шоттан жабдықтаушыларға аударылды – 109000

  4. Станок жасаушы зауыттың станогы басқа ұйымға қайтарымсыз негізде берілді– 49500

  5. «Колос» зауытынан материалдар келіп түсті– 135000

  6. Сатып алушыға тауар тиеп жөнелтілді -157000

  7. Ағымдық шотқа сатылған тауарлар үшін ақша келіп түсті.

Баланстың валютасы – 755000 тенге
8. ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


1 тақырып. «1С: Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы
Кез-келген меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қаржылық есептілікті тапсыру үшін «1С: Бухгалтерия» жүйесін қарастыру, оның «Бухгалтерлік есеп» компоненттер жүйесін қарастыру.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз нақты бір шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект туралы қаржылық ақпаратты жинап, өндеп, пайдаланушыларға беретін жүйе. Шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект – бұл мақсаттардың орындалуына бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобынан тұратын ұйым. Алдарына қойған мақсаттарға жетуге ұйым материалды және еңбек ресурстарын, әр түрлі қызметтер, ғимараттар мен жабдықты пайдаланады. Осы ресурстардың мөлшері туралы ақпарат тиімді жұмыс үшін ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ ұйымның іс-әрекетің бағалау үшін сыртқы пайдаланушыларға да қажет. Осындай ақпаратты бухгалтерлік есеп жүйесі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бухгалтерлік есеп шаруашылық іс-әрекеті мен шешім қабылдайтын тұлғалардың арасындағы байланыс бұыны. Яғни, бухгалтерлік есеп: болашақта пайдалану мақсаттары мен кәсіпорын іс-әрекеті турралы мәліметтерді тіркеу арқылы шаруашылық іс-әрекетті өлшеу; мәліметтерді өндейді, қажетті сәтке шейін сақтап, пайдалы ақпаратқа айналдыру; есеп беру арқылы шешім қабылдайтын тұлғаларрға береді. Бухгалтерлік ақпарат пайдаланушылары келесідей бөлінеді.
Бірінші топ топ – ішкі пайдаланушылар (әкімшілік, меншік иесі, директорлар Кеңесі, менеджердер, кәсіпорындардың басшылары т.б.).
Екінші топ – тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиеберушілер).
Үшінші топ – тікелей емес қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (салық органдары, реттеуші органдар т.б.).
Әдебиет:
1. №234-ІІІЗРК «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы 28.02.2007 жыл.
2. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, №185. 23.05.2011.
3. Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет