13. «Өндірісте дайын өнімге кеткен шығындардың есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
ТМҚ қозғалысын құжаттау.
ТМҚ бухгалтериядағы және қоймадағы есебіне және онда қолданылатын әдістерге сипаттама беріңіздер.
1) Компания да ТМҚ бойынша мерзім басында қалдық болмаған:
ТМҚ Сатып алынды Бір бірлігінің
сатып алу күні саны өзіндік құны
15.01 2000 2,00
20.07 3000 2,20
03.09 1000 2,30
29.10 5000 2,50
12.12 1000 2,60
ТМҚ соңғы қалдығы-2500 дана. ФИФО әдісі бойынша сатып өткізілген ТМҚ мен мерзім соңындағы қалдығының өзіндік құнын анықтаңыздыр.
2) 20... жылы сауда фирмасы кілем фабрикасынан 600000 теңгеге 100 кілем сатып алды. Оларды тасымалдауға 60000 теңге жұмсалған. Бір кілемнің өзіндік құны – 6600 тг болды. Фирма жыл ішінде 7500 теңгеден 80 кілем сатып өткізді. Жылдың соңында фирмада 20 кілем қалған, оның 5-уі бүлінген. Бүлінген кілемдердің әрқайсысын 3500 теңгеден сатып жіберуге болады. Қалған 15 дана кілемнің әрқайсысын 7500 теңгеге сатуға болады. Жылдың соңында тауар қалдығы баланста қандай құнымен есепке алынады?
14. «Құрама бухгалтерлік құжаттарды құру»тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Төменде берілген әрбір оқиға үшін:
Операция жасалған күнге бухгалтерлік өткізбе беріңіз.
Табысты танудың қай әдісін қолдануға болатындығын анықтаңыз.
Берілгені:
1) Есеп беру мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатындығын есіңізде сақтаңыз.
2005 жылдың 31-желтоқсанында «АРТ» компаниясы арнайы машинаны 500000 тг сатып, 200000 тг қолма-қол алады. Қалған 300000 тг және оның үстіне қосылған 10% 2006 жылдың 31-желтоқсанында алатын болды. «АРТ» компаниясы машинаны 2006 ж. 5-қаңтарында жеткізіп береді. Сатып алушының несие қабылеттілігі жоғары деп саналады, сондықтан төлемді уақытында алу кепілі бар.
2005 ж, 15-қарашада «Барыс» компаниясы Х өнімін 50000 тг сатады. Сатып алушы оның орнына екі дана тауар береді. Сатып алушы тауарларды 2006 ж. 31-қаңтарында жеткізіп беруге уәде береді.
2006 ж. 2-қаңтарында «Айқара» компаниясы ай сайын шығатын «Айқара» газетіне бір жылдық жазылымға 200000 тг жинап алды. Газетке жазылған оқырмандарға бірінші шығарылған басылымды тарату осы жылдың наурыз айына қойыолып отыр.
2) Компания көпір құрылысына 60 млн.теңгеге мәмілеге отырды. Көпір салуға кететін есептелген шығыстар сомасы 50 млн. теңгеге тең. Бірінші жылғы жұмыстарға 9 млн. тг жұмсалды. Компания орындалу пайызы әдісін қолданады. Компания құрылыс жүрген бірінші жылы табыс пен жалпы пайданың қанждай сомасын көрсетуі тиіс?