Дебиторлық борыш- басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы немесе кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады.
Дебитор-дебиторлық борышы бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалар.
Есеп саясаты-бұл бухгалтерлік есепке алу және есептемесін ашу үшін олардың қағидаттары мен негіздеріне сәйкес субъектінің басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.
Жал –келісім-шартқа сәйкес, белгілі бір төлемге мүлікті уақытша пайдалануға беру. Мүлкін уақытша пайдалануға беруші жақ жалға беруші деп аталады, ал алушы жақ жалгер деп аталады.
Күмәнді талаптар- келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмеген дебиторлық борыш.
Капитал- бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері.
Міндеттемелер- бұл тұлғаның басқа бір тұлғаның пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі.
Негізгі құрал- кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтер.
Өтімді активтер - тез арада алдын – ала белгілі ақша сомасына айнала алатын активтер. Пайда- есепті кезеңде активтердің көбеюі не міндеттемелердің азаюы.
Төлем валютасы –жабдықтаушы мен сатып алушы арасында келісілген тауарды, көрсетілген қызметтерді, несиені өтеу валютасы төлеу
Шығындар- кезеңдері нақты анықталған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен есебінен есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды.