Амортизация – активтің құнын қызмет мерзімі ішінде жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі.
Аудит- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген талаптарға сәйкес заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерінің сенімділігі мен шынайылығы жөнінде тәуелсіз пікір қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тексеріс.
Аудитор- кәсіпорынның белгілі бір мерзім ішіндегі қаржылық-шаруашылық қызметі жағдайын тәуелсіз тексеруші тұлға.
Бухгалтерлік баланс- кәсіпорынның шаруашылық қаржысын белгілі бір мерзімге түрлері мен құралу қөзі бойынша жіктеу және олардың жағдайын ақшалай көріністе жалпылау әдісі
Бухгалтерлік есеп- ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады
Бухгалтерлік өткізбе- дебеттелетін және кредителетін шоттарын және тіркелуге тиісті шаруашылық операциясының сомасын көрсете отырып шоттар корреспонденциясын құру
Бухгалтерлік есеп шоттары- шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштеді жіктемелеу, топтастыру және тіркеу белгілері бойынша көрсету тәсілі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары- кәсіпорында жүргізілген барлық шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштерді жалпылайтын және тіркеу үшін қолданылатын, бухгалтерлік есеп шоттарының кодтық жүйесі және реттелген классификатор.
Валюта –белгілі бір елдің (ұлттық валюта) немесе шет мемлекеттің (шетел валютасы).
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігінде немесе халықаралық валюталық бірліктерде көрініс тапқан бір елдің ақша бірлігінің бағасы.
Вексель –иегеріне мерзімі өткеннен кейін борышкерден көрсетілген ақша сомасын талап ету құқығын беретін құнды қағаз түріндегі бектілген нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.
Дебет – шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісі арқылы тіркеу үшін қажетті бухгалтерлік есеп шотының сол жағы. Активті шоттарда –шоттың ұлғаюын, ал пассивті шоттарда шоттың кемуін білдіреді.