16 билет 1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6 тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі - кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады.
2. ХҚЕС (халықаралық қаржылық есеп стаодарты) 16 сәйкес “негізгі құралдар” есебі Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.
Негізгі құрал пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1) Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).
2) Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.
3) Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.
4) Көлік құралдары
5) Басқадай негізгі құралдар.
3. Аудиторлық қортыныдының құрылымы және формалары
17 билет Бухгалертік құжаттау және түгендеу
Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық әрекеттер растаушы құжаттармен рәсімделуі керек. Бұл құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін алғашқы есеп ақпараты қызметін атқарады, сондықтан құжаттандыру бухгалтерлік есеп әдісінің ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерлік құжат (лат. - дәлелдеу, куәлік) дегеніміз - шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалдық жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі сан алуан және әр түрлі шаруашылық әрекеттерін орындаумен бірге жүреді. Өз кезегінде әрбір шаруашылық әрекеті міндетті түрде орындалған шаруашылық әрекеттері немесе оларды орындауға қүқық туралы алғашқы мәліметтері бар есеп құжаттарымен рәсімделеді. Өндіріс және сату процестері, сонымен қатар кәсіпорынның өз ішіндегі және одан тыс жеке бөлімшелері мен әр түрлі қаржылық, шаруашылық, есеп айырысу қатынастары есеп құжаттарының объектілері болып табылады.