«Хордалылар типі. Омыртқалылар типтармағы. Құстар класы. Қыртөсті құстар кластармағы» оРындаған СТУДЕНТ: жарылгасынова сабина тобы: Тағам қауіпсіздігі 21-08 ТЕКСЕРГЕН ОҚЫТУШЫ: ахметбеков Н.А Астана 2022 жыл
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Микробиология және Биотехнология кафедрасы
Жоспары:
Хордалылар типі туралы жалпы түсінік
Омыртқалылар типтармағы
Құстар класы
Қыртөсті құстар кластармағы
Хордалылар типі
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты олардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.
Омыртқалылар типтармағы
Омыртқалылар – хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты.Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Жақ сүйектерінің ұстау тамақтарын ұстау қызметтері – төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың өте жоғары дәрежеде шешілген. Осы қажеттіліктің нәтижесінде денесінде қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу процесі күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да ас қорытатын арнайы бездер – бауыр мен ұйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі. Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқалылар тіршілікке қолайлы жердің бәріне таралады. Эволюцияның барысында омыртқалылар бейімделгіш қабілетін анық көрсетеді.