Буынаяқтылар (Артһропода)


Азқылтанақты буылтық құрттар



бет5/7
Дата08.02.2022
өлшемі263,42 Kb.
#98045
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
буынаяқтылар

Азқылтанақты буылтық құрттар, әсіресе топырақта, сондай-ақ тұщы суларда мекендейді. Топырақта тіршілік ететін шұбалшаңдардың маңызы ерекше. Олар топырақтан терең ің қазып, топырақты ауамен, ылғалмен байытады. Бұл әрекет топырақтағы микробтардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Өсімдіктер тамырының топыраққа тереңірек бойлай, бекінуіне жәрдемін тигізеді.
Шұбалшаңдар - нағыз топырақ қопсытқыш жәндіктер. Сондай-ақ шұбалшаңдар - үй құстары мен балықтардың жемі. Суда тіршілік ететін азқылтанақты буылтық құрттардың да пайдасы зор. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп су-қойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді.
Сонымен бірге азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.Денесі біркелкі сақина тәрізді буылтыққа бөлінген шұбалаң тұрықты көпжасушалы жәндіктер буылтық құрттар типіне жатады. Олардың денесі үш қабаттан тұрады. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс - целом деп аталады. Екіжақты симметриялы. Соңғы қуыс әр сақиналы буылтықтарда қайталанады. Сақиналы буылтықтар перде арқылы бөлінгенімен, ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады. Жүйке жүйесінің құрсақтық бағанасы және ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі де бар. Дененің екі қапталындағы әрбір буылтықта будаланған қылтанақта өскіндер - параподиялар орналасқан. Ол құрттың қозғалып жүру мүшесінің қызметін атқарады. Ал сүліктердің денесінде мұндай қылтанақтар болмайды. Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Қосжыныстылары (гермафродит) да бар.[3]
Дереккөздер
Қаңқа[өңдеу]
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Қаңқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет