Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет74/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
 
ҚОСЫМШАЛАР 
 
ГЛОССАРИЙ 
Реттік 
№  
Түсініктер 
Мазмұны 




Палеолит 
ежелгі тас ғасыры, (шамамен б.з.д. 800-12 мың жылға 
дейін) 

Мезолит 
орта тас ғасыры, ежелгі тас ғасырынан жаңа тас 
ғасырына өту (шамамен б.з.д. 12-5-мың жылдыққа 
дейін) 

Неолит 
жаңа тас ғасыры, (б.з.д. 5-3 мың жыл шамасы) 
тұтынатын шаруашылықтан (терімшілік, аң аулау) 
өндіретін шаруашылыққа көшу (егіншілік, мал 
шаруашылығы) 

Гоминидтер  (лат.  Homo  – 
адам) 
Примат отрядтарына жатады; қазіргі түрдегі адам 
(Homo Sapiens) және қазбадан табылған адамдар: 
питекантроптар, неандерталь, жоғары примат 
түріндегі австралопитектер. 

Бифастар 
Тастың екі жағы өңделген құралдар; хайуанаттардың 
терісін және ағашты өңдейтін қырғыштар 

Андронов мәдениеті 
Батыс Сібір, Қазақстан және Оңтүстік Орал 
маңындағы қола дәуірінің мәдениеті (б.з.д.ІІ мың 
жылдық); Ачинск маңындағы Андронов селосының 
атауымен аталған; Шаруашылығы: мал 
шаруашылығы және егіншілік 

Беғазы-Дәндібай мәдениеті  Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің мәдениеті; бір 
жағынан андроновтық дәстүрді сақтаған, екінші 
жағынан, жаңа элементтер пайда болған: жерлеудің 
өзіндік дәстүрі, саз балшықтан жасаған ыдыстар, 
әшекейінде геометриялық фигуралар бейнеленді. 

Ахеменидтер 
Ежелгі парсы патшаларының династиясы. Б.э.д. 558-
330 жж. Негізін қалаған КирІІ 

Гуньмо 
Жетісуда тұрған үйсін тайпалары билеушісінің 
титулы 
10 
Қаған 
Қағанат билеушісі, әскери қолбасшы 
12 
Елтебер 
Қарлұқ тайпалары билеушісінің титулы 
13 
Саманидтер 
819-999 жж. Мауереннахр билеушілерінің династиясы 
14 
Жабғу 
Оғыздардың жоғары билеушісі 


180 
 
15 
Қараханидтер мемлекеті 
Шығыс Түркістан, Жетісу және Оңтүстік Тянь-Шань 
территориясындағы ерте феодалдық мемлекет. Х-ХІІІ 
ғ.басы  
16 
Икта 
Қарахан мемлекетінде мемлекет пайдасына алынатын 
салық  
17 
Дешті-Қыпшақ (Қыпшақ 
даласы) 
XI - XV ғғ.араб және парсы деректеріндегі Ертіс 
өзенінен Дунай өзеніне дейінгі, Қырымнан Ұлы 
Болгарға дейінгі жерде қыпшақтар көшіп жүрді; ХІІІ 
ғ.монғол-татарлар басып алды; XVI –XVIII ғғ. 
Қазақстан тек жарты территорины ғана өзіне 
қалдырды, бүгінгі уақытта қазіргі Қазақстан 
территориясы 
18 
Жібек жолы 
Орта Азия арқылы Қытайдан Алдыңғы Азияға 
жүретін сауда керуен жолы  
19 
Цитадель 
(итал.  cittadella,  кішкене 
қала) 
Қаланың  немесе  қамалдың  нығайтылған  орталық 
бөлігі, өз бетімен қорғануға лайықтап жасалған  
20 
Шыңғыс  хан  (Тэмуджин,                 
Темучин)(1155-1227) 
Монғол империясының негізін қалаушы (1206 ж. 
бастап) және ұлы хан, Азия мен Шығыс Еуропа 
халықтарына қарсы жаулау соғыстарын 
ұйымдастырушы  
21 
Ұлыс 
Нақты  территориясы  бар  ру-тайпалық  бірлестік, 
Орталық  Азия,  Сібір  халықтарында  ханға  немесе 
көсемге тиесілі ___________________________________________  
22 
Құрылтай 
Алтын  Ордадағы  билеуші  династия  мүшелерімен 
болатын жалпы жиналыс  
23 
Диван 
Алтын Ордадағы атқарушы биліктің орталық ұйымы 
24 
Әл-Фараби 
Әбу Наср ибн Мұхаммед, философ, ғалым-
энциклопедист, шығыстық аристотелизм өкілі, 
Фарабиде неоплатонизммен «Екінші ұстаз» 
(Аристотельден сейін) аты бар. ұштасқан; Негізгі 
шығармалары: «Музыка трактаттары», «Ізгілікті қала 
тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», 
«Ғылымды жіктеу туралы трактат», т.б.  
25 
Жүсіп Баласағұн 
Ортаазиялық ақын және ойшыл; «Бақыт беретін білім» 
поэмасында аллегориялық формада өзінің 
философиялық, этикалық және саяси көзқарастарын 
мазмұндаған.  
26 
Махмұд Қашғари 
XI ғ.ортаазиялық ғалым-филолог; «Түркі 
халықтарының сөздігі» (1072-74) – көптеген әдеби 
үлгілерді жазған түркі диалектологиясының 
ескерткіші  
27 
Ахмед 
Ясауи 
(шамамен 1105-1166) 
Ортағасырлық  сопылық  ақын;  «Диуани  хикмат»  - 
түркі  поэзиясының  дамуына  ықпал  еткен  (1878 
ж.шыққан).  
28 
Шоқан Уәлиханов 
(1835-1865) 
ағартушы-демократ, 
саяхатшы, 
этнограф, 
фольклортанушы, Орта Азия, Қазақстан, Батыс Қытай 
халықтарының  тарихы  мен  мәдениетін  зерттеуші; 
орыс  демократиялық  зиялыларымен  тығыз  байланыс 
жасаған  
29 
Ыбырай 
Алтынсарин 
(1841-1889) 
педагог-ағартушы,  фольклортанушы,    этнограф; 
қазақтан шыққан алғашқы мұғалім; оның бастауымен 


181 
 
қазақ мектептері ашылды; қазақ балалары үшін қазақ 
және орыс тілінің оқулықтарын жазды  
30 
Абай 
Құнанбаев 
(1845-1904) 
Ағартушы  ақын,  жаңа  қазақ  жазба  әдебиетін 
қалаушы,  лирикалық  және  сатиралық  өлеңдерінде 
әлеуметтік  қатыгездікті  және  надандықты,  ескі 
дәстүрді сынайды;   «Қара сөздерінде»  этикалық және 
философиялық 
көзқарастар 
жинақталған; 
И.А. 
Крылов, 
М.Ю. 
Лермонтов, 
А.С. 
Пушкин 
шығармаларын аударған 
31 
Құрманғазы  Сағырбаев 
(1806-1879) 
Қазақтың  кәсіби  күйшісі;    60  тан  аса  күйі  сақталған 
(өмір  туралы  философиялық  ойлар,  нәзік  махаббат 
лирикасы,  халық  мейрамдарының  ашық  бояулы 
темпераменттік көріністерін бейнелеген) 
32 
Дәулеткерей Шығайұлы  
(1820-1887) 
Қазақтың әйгілі композиторы;  40-қа жуық лирикалық 
мазмұндағы күйлері сақталған  
33 
Тәттімбет Қазанғапов 
(1817-1860) 
 «шертпе»  стиліндегі  күйлерді  жазған  (дыбыстарды 
бір  саусақпен  көрсетеді);  күйлерінің  көпшілігі 
эмоционалды,  көтеріңкі  лирикалы,  туған  өлкенің 
сұлулығын суреттеген  
34 
Ермұхан 
Бекмаханович 
Бекмаханов  
(1915-1966) 
Қазақ  тарихшысы,  «XIX  ғ.  20-40-жылдардағы 
Қазақстан»  монографиясын  шығарған,  онда  онда 
Кенесары 
қозғалысының 
ұлт-азаттық 
сипатын 
дәлелдеген  
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет