Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет1/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87



 
Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә.Ж.   
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 
 
Электронды оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2014 



 
УДК 94(574) (075.8) 
ББК 63.3(5 Каз) я 73 
А 93
 
Баспаға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми кеңесі 
және Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған 
 
Пікір жазғандар 
  
 
 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  профессор м.а.  т. ғ. к.-  
 Картаева Т.Е. 
ҚазҰАУ профессоры, саясаттану ғылымдарының  докторы - 
Борбасов С.М

Алматы  ҚызМПУ аға оқытушысы, т.ғ.к. - 
Ахметова Ж.К 
 
        ISBN 978-601-241-491-2                                               
 
Қазақстан  тарихы  пәнінен  электронды  оқу  құралы  Қазақ  ұлттық  аграрлық 
университетінің  барлық  мамандықтан  студенттерге  арналған.  Бұл  басылымда 
ежелгі  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі  кезеңді  қамтитын  Қазақстан  тарихы 
қарастырылады.  Сонымен  қатар  студенттердің  өздігінен  ізденуіне  арналған 
сұрақтар мен тест тапсырмалары көрсетілген. 
  
 
 
 
ISBN 978-601-241-491-2     © Ахантаева Ә.Ж.,  Буйраева Ж.Ө., 2014. 
 
                                           
                                                      



 
АЛҒЫ СӨЗ
 
«Қазақстан тарихы» Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі мамандықтардың 1 курс 
студенттерін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытуға арналған оқу құралы. 
Кеңес  дәуірі  кезеңінде  Қазақстан  тарихы  КСРО  тарихының  мүддесіне  сай  жазылды.  
Қазақ  халқының  мәдени  және    тарихи  мұрасына  айтарлықтай    мән  берілмеді.  Қазақ  халқы 
«тек»  көшпелі  болды,  оларда  «қала»  мәдениеті  болмады  деген  жаңсақ  пікірлер  де  орын 
алғаны белгілі.   
«Қазақстан  тарихы»  курсы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  ұсынысымен  бекітілген 
және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша 
жоғары оқу орнында оқытылады.    
Қоғамның  обьективті  тарих  біліміне  ынта-ықыласы  мен  қажеттігін,  Қазақстан  тарихы  
үрдісінің  үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі  заманға 
дейінгі сабақтастығын жаңа  айқындамалар  тұрғысынан  ашып   көрсету «Қазақстан тарихы» 
пәнінің негізгі 
мақсаты
 болып табылады.  
Пәнді  оқыту 
міндеттері: 
Қазақстан  тарихын  қазақ  мәдениетінің  ажырамас  бөлігі 
ретінде  көрсету;  ежелгі  Қазақстан  тарихын  жан-жақты  сипаттау;  орта  ғасырдағы  қазақ 
жеріндегі  қағанаттардың  тарихын,  монғол  шапқыншылығын,  Қазақ  хандығының  тарихына 
жан-жақты  талдау  жасау;  Қазақстанды  Ресей  империясының  жаулауы,  әкімшілік-әміршіл 
жүйенің  қалыптасуын  көрсету;  жаңа  және  қазіргі  замандағы  Қазақстан  тарихын  сипаттап, 
тәуелсіз Қазақстан тарихын жеке талдау. 
Курсты  меңгеру  нәтижесінде  студенттер 
білуі
  тиіс:  көне  Қазақстан  тарихын, 
мемлекеттілік  туралы  түсінікті,  монғол  шапқыншылығын,  Қазақ  хандығының  тарихын, 
Ордалар  тарихын,  Ресей  империясының  Қазақстандағы  саясатын,  кеңестік  идеологияның 
ықпалын  біліп,  қазіргі  заманғы  тарихымыздың  аса  ауыр  тұстары  кеңестік  әкімшіл-әміршіл 
кезеңмен  сәйкес  келетінін,  осы  кезеңнің  қайшылықты  тұстарының  кейбір  көлеңкелі, 
мәселелерін жаңа көзқараспен сипаттауға үйреніп, кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз 
жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлері 
туралы,  қазақ  жеріндегі  Тәуелсіздік  жылдарында  Қазақстан  әлемдік  қауымдастықтың 
толыққанды  мүшесі  болғанын,  Қазақстанның  2010  жылы  Еуропадағы  қауіпсіздік  және 
ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етуі  туралы  шешім  оның  сенімді  дәлелі  болғаны, 
Қазақстан-2050 туралы мағлұмат алады.   


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет