Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет30/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

Әбілқайыр  хандығы.
  ХV  ғ.  20-жылдарында  Қазақстанның  орталық,  батыс  және 
солтүстік-батыс  аймақтарында  тәуелсіз  феодалдық  иеліктер  пайда  болды.  1428  жылы 
Шайбан  ұрпағы  Әбілқайыр  (1428-1468)  осы  аймақтардағы  билікті  қолына  алды.  Ол 
Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс 
Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» 
құрды.  
Әбілқайыр  хандығының  территориясы  батысында  Жайықтан  бастап,  шығысында 
Балқаш  көліне  дейін,  оңтүстігінде  Сырдарияның  төменгі  жағы  мен  Арал  өңірінен 
солтүстігінде  Тобылдың  орта  ағысы  мен  Ертіске  дейінгі  ұлан  байтақ  жерді  алып  жатты. 
Астанасы  –  алғашқыда  Тура,  1431  жылдан  Орда-Базар,  1446  жылдан  Сығанақ.  Халқы  - 
өзбектер  деп  аталған  түрік  тайпалары  (қыпшақтар,  қоңыраттар,  наймандар,  маңғыттар, 
қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі 
саяси  жағдайын  тұрақты  ете  алмады.  Мемлекет  бір  орталықтан
 
басқарылмай  бірнеше 
иеліктерге  бөлініп,  оларды  Шыңғыс  әулетінің  билеушілері  басқарып,  олардың  арасында 
билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.  
Әбілқайыр  хан  өз билігін  нығайтып, жаңа  жерлер  қосып  алу  үшін  көптеген    соғыстар 
жүргізіп  1430  жылы  Тобыл  өзені  бойында  Шайбани  ұрпағы  Махмұт  Қожаханды  жеңді, 
Хорезмді  басып  алып,  Үргенішті  талқандады.  Сырдария  өңіріндегі  далада  Жошы  әулетінің 
Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар
 
қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа 
ханды  тізе  бүктіреді.  Сырдария  бойындағы  Сығанақ,  Созақ,  Аққорған,  Өзгент,  Аркөкті 
жаулап, Сығанақты астана етті.  
ХV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір  ұрпақтарының 
ішкі  саяси  өміріне  араласты.  Бірақта  1457  жылы  Өз  Темір  бастаған  ойраттардан  Сығанақ 
түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.  
Бұл  жағдай  Әбілқайыр  ханның  саяси  беделін  төмендетті.  Нәтижесінде  ХV  ғ.  50-
жылдарының  аяғында  Көшпелі  өзбектер  мемлекетінен  Жәнібек  пен  Керей  сұлтандар 
бастаған  халықтың  бір  тобы  Моғолстанға  көшіп  кетті.  Оларды  жазалау  үшін  1468  жылы 


47 
 
Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін 
Әбілқайыр хандығы  ыдырап кетті.  
Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал  Әбілқайырдың 
немересі  Мұхаммед  Шайбани  (1470-1510)  қазақ  хандарымен  Сырдария  мен  Қаратау 
аймағындағы  қалалар  үшін  ұзақ  соғыс  жүргізді.  Қазақ  хандығы  құрылғаннан  кейін 
Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл 
жерлердегі  билік  қазақ  хандарына  толық  көшті.  ХҮІ  ғ.  басында  көшпелі  өзбектердің  бір 
бөлігі  Шайбанилердің  бастауымен  Мәуереннахрға  көшіп  кетті.  Ондағы  Темір  ұрпақтарынң 
билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. 
Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет