Әлеуметтік-экономикалық негіз .
Дене
шынықтыру
жүйесі
қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен,
ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті
негізі - дене шынықтыру жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе
қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі –
адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып,
қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Заң-құқықтық негіз . Дене шынықтыру жүйесі өз жұмысын
бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді.
Ол Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-
бабында нақтылы көрсетілген.
Еліміз егемендігін алған кезеңнен бері дене шынықтыру мен спортты
дамыту туралы көптеген заңдар, қарарлар қабылданды. Олар:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылы шілде айының 6-
жұлдызында қабылданған № 389 – 1 «Білім туралы» заңы.
2. Қазақстан Үкіметінің 1999 жылы желтоқсан айының 2-жұлдызында
қабылданған «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңы.
3. «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2005-2011 жж. арналған
Мемлекеттік бағдарламасы».
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №148
бұйрығымен 11.03.2003 ж. бекітілген «Дене тәрбиесінің мемлекеттік
бағдарламасы».
Дене шынықтыру жүйесі