Букетов Қ. Евней Букетовтың белгiсiз қырлары / Қ. Букетов // Ақиқат. 1992. №6. 65-70б. Маған соңғы кезде «Евней Арыстанұлы металлург мамандығын қалай таңдады?»



Дата22.02.2018
өлшемі171,09 Kb.
#38170
Букетов Қ.

Евней Букетовтың белгiсiз қырлары / Қ.Букетов // Ақиқат. - 1992. - №6. - 65-70б.
Маған соңғы кезде «Евней Арыстанұлы металлург мамандығын қалай таңдады?» деген сауал жиi қойылатын болып жүр. Бұған: «ол өмiр бойы металлург болуды армандады», - деп жауап берсем, шындықтан ауытқыған болар ем. Өйткенi ол өзiнiң негiзгi мамандығымен қатар гуманитарлық ғылымдармен де қызыға айналысты. Қарағанды Мемлекеттiк университетiнiң студенттерiмен болған бiр кездесуде Евнейдiң өзiне осындай сауал қойылғанда ол былай деп жауап берген едi: «Ауылдан бiлiм жолына аттанғанымда тiл мен əдебиет пəнiнiң мұғалiмi болмақ ниетте едiм. Бiрақ астанаға келген соң айналамдағы ақылгөй достарым əдебиетпен кез-елген уақытта айналысуға болады» ден кеңес бердi. Екiншiден жағдай биледi де құжаттарымды кен-металлургия институтына тапсырдым».

Ол кезде əрине Евнейдiң металлург мамандығы жөнiнде ептеген түсiнiгi ғана болатын. Кейiннен өз мамандығын құлай сүйгенi соншалық, қаламынан туған «Досыма алты хат» шығармасының бас қейiпкерi де ғалым адам болды. Қазiр қарап отырсам, оның кейiпкерiнiң тағдыры да өзiнiкiне өте ұқсас екен. Сондықтан да кейде ол осы шығармасы арқылы болашақ ұрпаққа өз тағдырын айтып кеткендей болын көрiнедi.

Ағам Евнейдiң өмiрi мен ғылымға сiңiрген еңбегi туралы тиiп-қашып болса да азды-көптi айтылып та, жазылып та жүргендiктен, мен бұл естелiгiмде оның əдебиетке сiңiрген еңбегi, өмiрдегi небiр белгiсiз қырлары туралы ғана əңгiмелемекпiн.
Елуiншi жылдардың басында Евней əдебиеттiң сын саласында еңбек еттi. Республиқаға есiмi белгiлi көптеген қаламгерлердiң шығармаларына жазған рецензиялары республикалық «Социалистiк Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерiнде, тағы басқа мерзiмдi басылымдарда жарияланды. Сондай мақалаларының бiрi - «В.В.Маяковский шығармаларының қазақ тiліндегi аудармасы», «Қаһарлы қару» деп аталады. Бұл екi мақала да Маяқовскийдiң шығармашылығына арналған. Себебi Евней Маяковскийдiң талантына табынып өткен адам. Оны əдеби мұраларынан анғаруға болады. Ал өзi В.Маяковский шығармашылығын былай деп бағалайды: «Адамның iшкi сырын ақтарған көнтеген өлеңдерi мен поэмаларында ақынның кеңес азаматының социалистiк өмiрге ұмтылу жолындағы қиыншылықтары үшiн, əсiресе өткен құлшылық өмiрден қалған бойдағы бықсықтарды шығару үшiн жан-тəнiмен қиналғанын байқаймыз. Сондықтан да ақын жақсылық пен парасаттылық жолында кейде «Көз жасын қөл етiн, шыбын жанын пида етуге» дайын екенiн бiлдiредi.

Мен бұл қүнде уақыт табы сарғайтқан мына бiр суретке қараймын да ойға шомамын. Суретте Евней клубтың шағын сахнасында Маяковскийдiң «Совет паспорты туралы» өлеңiн оқып тұр. Қолын сермеп, үлкен көздерi аларыңқырап, шабыттанып тұрған алып денелi Евней осы бiр қасқағым сəтте Владимир Маяковскийдiң өзiне ұқсан кеткендей болады. Ол дауылпаз ақынның өлеңдерi мен поэмаларын жатқа айтатын. Сондықтан да өзiнiң сүйiктi ақыны өлендерiнiң қазақ тiлiне аударылғанына жайбарақат қарай алмайтын. «Тəржiма туралы ой» мақаласында Маяковскийдi қазақша сөйлеткен қазақ ақындары Т.Жароков, С.Мəуленов, Қ.Бекқожин, Қ.Аманжолов, М.Əлiмбаев тəржiмаларына қеңiнен талдау жасауы сондықтан. Аудармашылар iшiнен Қ.Аманжоловтың тəржiмасын аса жоғары бағалап қана қоймай, ондағы орын алған кемшiлiктердi де жасырмай батыл айтады.

Елуiншi жылдары Ғабит Мүсiреповтың «Оянған өлкесiң дүниеге келiп, оқырмандар арасында жоғары бағасын алды. Евней осындай ойлы да озық шығармаға арнап «Достық бастауы» деген мақала жазды. Ол онда «романның өте көркем, шұрайлы тiлмен жазылғандығын, автордың қазақ тiлiн өте жақсы бiлумен қатар, орыс əдебиетiнiң озық үлгiлерiнен де көп оқып үйренгендiгiн, сондай-ақ Андрей Быков, Миxаил Неволи, шал Шило образдарының сəттi шыққандығын» ерекше атап көрсетедi.

Əсiресе, Мүсiреповтың Андрей Быковы қазақ жұмысшы табының қалыптасуына зор ықпал еткен елеулi тұлға екендiгiне, оны типтiк дəрежеге көтерген жазушы шеберлiгiне тəнтi болады. Сонымен бiрге Бұланбай, Жабай, Шегiрəлi сияқты қазақ жұмысшы табының өкiлдерi дəрежесiне қалай көтерiлгендiгiн нақты мысалдар келтiре отырып көрсетедi.

Əрине, романда сəттi образдармен қатар солғын шыққан кейiпкерлер де бар. Ол - Елизавета Быкова. Евней оны былайша дəлелдейдi: «Марксизм iлiмi ол кезде жұрттың бəрiне түсiнiктi болмады əрi қең тарамады. Осы орайда Ғабит Мүсiрепов Елизавета Быкованың образын сомдауда шындықтан алшақтау кеткен. Өйткенi сол уақыттың қарама-қайшылығы, орыс зиялыларының революциялық жағдайдағы қарым-қатынасы мен рухани дүниесi солардың өкiлi - Елизавета Быкованың бойынан көрiнуi керек едi». Мiне, жас аспирант атақты жазушының шығармасына шындық тұрғысынан осындай баға бередi. Бұл əрине, оқырмандарды елең еткiздi. «Мамандығы металлург адамның мынандай сын айтқанына жазушы Ғабит Мүсiрепов қалай қарайды екен?» деп елеңдеп, құлақ түрушiлер де болды. Алайда парасатты жазушы дəлелдi, салиқалы пiкiрге куанбаса ренжiген жоқ. Сол мақала шығысымен Ғабит аға Евнейге телефон соғып, үйiне келетiнiн айтты. Ол кезде Евней жатақханаға ұқсас бiр бөлмелi үйде тұратын. Ардақты жазушының «үйiңе келемiн» дегенiне Евней алғашында абдырауын абдыраса да қатты куанды. Дереу жеңгем Зүбəйра Дүйсенқызы үшеумiз үлкен қонақты кiшкене пəтерде қарсы алу қамына кiрiстiк.

Жас кезiмнен-ақ Евнейдiң арқасында қазақ зиялыларының озық ойлы адамдарымен, оның iшiнде ақын-жазушылармен, əртiстермен танысып, əңгiмелерiн естiп, тəлiм-тəрбие алып өскен мен үшiн Ғабит Мүсiреповтей көрнектi жазушының бiздiң үйiмiзге келуi естен кетпестей үлқен оқиға болды.

Ол кiсi айтқан уақытында келдi. Ғабит аға əсем киiнген, əдемi, ширақ, толықтау келген адам екең. Көзiнде қара көзiлдiрiгi бар, жадағай костюм киiп, қолына портфель ұстапты. Келген бетте қазақтың ұлттық дəстүрi бойынша отбасымыз бен туған-туысқандарымызды түгел сұрап шықты да Евнейдiң қасында отырған менi нұсқап: «Бұл бала кiм?» деп сұрады. Ол: «Туған iнiм болады» деген соң Ғабит аға маған қайта-қайта қарауын қойып, ашық əңгiмеге қөштi. Əртүрлi тақырыпта, күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiмiзде болып жатқан небiр жағдайлар төңiрегiнде əңгiме қозғалды. Бейне бiр екеуi бiрiн-бiрi бұрыннан бiлетiн ескi таныстар сияқты. Олардың ортақ таныстары да көп екен, əңгiме бiтер емес. Бiрақ əңгiменiң бəрi шай үстiнде, дастархан басында айтылды. Дастархан жиналған соң Ғабит аға портфелiн ашып, одан «Оянған өлке» романын жəне Евнейдiң мақаласы шыққан «Казахстанская правда» газетiн алды. Содан олар романдағы əрбiр кейiпкердiң тағдыры мен iс-əрекетi туралы, əрбiр сөйлемнiң құрылымы жайлы ұзақ əңгiмелестi. Кейбiр тұстарда екеуiнiң арасында қызу нiқiр таласы туып, əркiм өз ойын дəлелдеу үшiн қызбалана сөйледi. Бiрақ екеуi де мəдениеттiлiк пен сыпайылылықтан асқан жоқ.

Сол күннен басталған кездесу кейiннен үлкен достыққа ұласты. Евней Ғабит ағамен кездесудi асыға күтiп, сағынып отыратын. Екi рет Қарқаралыда бiрге дем алды. Əсем, сұлу Қарқаралы тауының етегiнде, көк майса шалғын үстiнде қос ағаның қатар отырып түскен суреттерi сол күндердiң өшпес белгiсiндей.

Иə ақылшы ағаның өзi жоқ болғанымен артында жарияланғаны бар, жарияланбағаны бар дегендей мол мұрасы қалды. Олардың бiразы алдағы күндерде жарық көрмекшi. Таяуда мен оның архивiн ақтарып отырып, қолыма «Əдебиет жəне өнер» (қазiргi «Жұлдыз») жəне «Қазақстан коммунисi» журналдарының 1953 жылғы сандарында жарияланған «Сын жəне библиография» атты мақаласын кездестiрдiм. Оқи отырып ойға кеттiм. Осыдан 35 жыл бұрын жазылған мақаланың көтерiп отырған мəселесi бүгiн де көк ейтестi.

Евней əдебиеттiң мақсаты озық идеяларды дəрiптеп, патриотизмдi, пролетарлық интернационализмдi, xалықтар достығын адамдар бойына ұялату деп түсiнетiн. Сондықтан да ол сын мен библиографияны идеология майданының маңызды саласы дей отырып, оған өзi де мүмкiндiгiнше үлес қосты. Сөйтiп өз өмiрiнде жиырмадан астам сын-мақала жазды. Олар тандамалы жинақтарға, жазушылар мен ақындардың жекелеген шығармаларына, балалар əдебиетi мəселелерiне, драматургияның дамуына арналған едi. Мысалы Тайыр Жароковтың шығармашылығына талдау жасай келiп, кемшiлiктерiн бүкпесiз, ашық көрсетедi. «Т.Жароков творчествосында орын алған олқылықтар кезiнде ақын шығармаларына дұрыс баға берiлмегендiктен, жетiстiгiн көрсетумен бiрге кемшiлiгiн айтпағандықтан, содан ақынның өзiне-өзi тоқмейiлсiп кетуiнен, маркстiк-лениндiк iлiмдi жетiқ меңгермегендiктен» деген пiкiр айтады.

Елуiншi жылдары жазылған сын-мақалалар iшiнен ерекше орын алғаны Ғабиден Мұстафиннiң «Қарағанды» романына жазылған мақалалар болды.

Бiрақ олардың көпшiлiгi шығарманың мазмұнын сыдыртып айтып шығудан аспады. Евней сын-мақалалардағы осындай ең басты кемшiлiктi жоғарыда аты аталған мақаласында батыл айта келiп, кейiпкерлердiң сезiм қатпарларын, жан-дүниесiнiң өсуiн көрсетудегi псиxологиялық иiрiмдерiнiң қалай берiлiп, суреттелгенiне терең талдау жасау керектiгiн, қазақ əдебиетiнде сын мен библиография деңгейiнiң əдебиеттен өте төмен жатқанын ескерттi.

Евней елуiншi жылдары əдебиеттiң драматургия жанрымен де айналысты. Ол қазақ жəне орыс драма театрларының сахналарында қойылған спектакльдерге баға берiп, көн сын жазды. Солардың бiрi С.Мұқановтың «Шоқан Уəлиxанов», Ə.Тəжiбаевтың «Майра», З.Шашкин мен М.Гольдблаттың «Тоқаш Бокин», Ш.Құсайыновтың «Кеше мен бүгiн» спектакльдерiне жазған сын-мақалалары. Айталық, қазақ халқының ойшыл азаматы Шоқан Уəлихановтың өмiрiне арналған пьесаға əдiл баға беру үшiн Евней ең алдымен Сəбит Мұқановтың шығармашылығын толық зерттейдi. Жазушы қаламынан туындаған əрбiр шығарманы бiр-бiрiмен байланыстыра отырып, содан кейiн ғана жоғарыда аталған пьесаға тоқталады. Мұнда ол Шоқан образының дамуын, оның iс-əрекетiн, өсу кезеңiн үш салаға бөле отырып талдайды. Шоқан басындағы қарама-қайшылығы мол оқиғаларды қазақ қалқының тағдырымен байланыстары отырып зерттейдi. Алғашқы саласында Евней Шоқанның жастық шағын əңгiмелей отырып, қазақ халқының мұң-мұқтажын патша əкiмшiлiгi түсiнер, сөйтiн қайырымдылық-пен қарар деген сенiм мен үмiтте жүрген жас ғалымның iшкi жан-дүниесiн ашып көрсетедi. Ал, пьесаның екiншi тарауында Шоқанға бiлiм берiп, қызмет дəрежесiнiң өсуiне көмектескен, бiрақ та өздерiнiң «қол баласы» болады деп сенiм артқан адамдар үмiтiнiң үзiлгендiгi баяндалады. Үшiншi тарау орыс пен қазақ халқының арасындағы ұлы достыққа арналған.

Жалпы алғанда бұл спектакльдiң қойылуы көрермендер көңiлiнен шыққан болатын. Сөйтсе де Евней сынында бiрқатар кемшiлiктер атап көрсетiледi. Мысалы, пьесадағы қосалқы кейiпкерлердiң көптiгi оқиғаның жинақы, ширақ өтуiне кедергi жасайды жəне басқа образдардың сомдалуында да қарама-қайшылықтар кездеседi. Шоқанның орыс достарының бiрi, географ əрi саяхатшы П.Семенов-Тяньшаньский мен С.Дуровтың образдары сəттi шықпаған. Евней бұл жерде басты кiнəнi ең алдымен авторға артады. Оның пiкiрiнше, автор бұл сияқты орыс халқының озық ойлы үлгiлi өкiлдерiн ерекшелеп, даралап көрсетуi керек едi. Сонда ғана олар арқылы Шоқанның да бет-бейнесi ашыла түсер едi.

1955 жылдың басында Евнейдiң «Назым-Хикметтiң «Махаббат туралы аңызы» қазақ сахнасында» деген мақаласы жарық көрдi. Сыншы оның қойылымына толық талдау жасай келiп, суретшi В.Голубовичтiң еңбегiне кеңiнен тоқталды. Режиссердiң ойын, автордың идеясын дұрыс түсiнген суретшi сахнаны бейне бiр сұлулыққа, əдемiлiкке бөлеп жiберген. Сахнадағы сан түстi бояулар ертегiдегiдей көз тартады. Осыларды айта келiп, Евней «Фархад пен Шырын» қазақ драма театры коллективiнiң өскендiгiн ғана емес, олардың шығармашылық мүмкiндiгiн танытқан жаңа жұмыс болды дейдi.

Ол осы жылдың ақпанында Ш.Құсайыновтың «Кеше мен бүгiн» пьесасының қойылуына орай «Өмiрдiң өзектi тақырыбы» деген мақала жазды. Онда Евней қазақ xалқы мəдениетiнiң, оның iшiнде ұлттық зиялылар қатарының өскендiгiн көрсетуге ұмтылған автордың талпынысын қуана құптай отырып, осы тұрғыда жылы пiкiрлер айтады.

Мұнан соң Евнейдiң «Тоқаш Бокин туралы пьеса орыс сахнасында» деген рецензиясы дүниеге келдi. Мүнда ол автордың айтпақ болған идеясының маңыздылығын, халық ерлiгiнiң шыншылдығын, кеңес өкiметiн орнату жолындағы орыс пен қазақ халқының күресiн айта келiп, шығармада автордың алға қойғаң мақсатының орындалғанын баяндайды. Бiрақ басты кемшiлiк орыс актерлерiнiң қазақтар бейнесiн сомдауда ұлттық психология мен салт-дəстүрлердi жетiк түсiнбегендiктен, сахнада оны дұрыс көрсете алмағанын бүкпесiз айтады.

Бұдан кейiн Евней мұндай сындарлы сын тақырыбына ұзақ уақыт қалам тартпады. Оның себебiн естелiктерiнде былайша түсiндiредi: «Өзiңнiң əдебиеттегi алғашқы жұмыстарыңа қалай қарайсың? дегендей сауал қойылған болса, «жақсы» деп жауап берген болар ем. Əдебиет саласындағы алғашқы еңбектерiм аудармалар мен рецензиялардан тұрады. Əрине, олар ерiккеннiң ермегiнен жазылған емес, қажеттiлiктен туған дүниелер. Аудармамен айналысудағы басты мақсатым орыс жəне шетел жазушылары-ның озық шығармаларын орыс тiлiн бiлмейтiн қазақ оқырмандарына жеткiзу болды. Бұл жұмыс маған үлкен қуаныш əкелiп, ерекше бiр рахат сезiмiне бөлейтiн едi. Сондықтан оны бастауын бастасам да, тез тастап кете алмадым. Бiрақ аудармамен айналысу оңай шаруа емес. Ол үлкен қажыр-қайратты, талмай iзденудi, терең бiлiмдi талап етедi. Ал сын саласында айтқан ойларымды қайталай бастағанымды аңғардым да, сын жазуды дереу доғардым. Бiрiншiден өзiмдi, екiншiден өзгенi алдағым келмедi».

Есiме мына бiр оқиға түсiп отыр. Ұмытпасам 1955 жыл болу керек. Бiр күнi Евнейдi Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi шақырып, «Литературная газетаның» республикадағы меншiктi тiлшiсi болуын сұрады. Бiрақ Евней өз мамандығын ұнататындығын, осы салада ғылыми жұмыс жүргiзгiсi келетiнiн айтып, бiрден бас тартты. Дегенмен ол өзiнiң ғылыми еңбегiн əдебиетпен ұштастыруды ұмытқан жоқ. Аударма саласына да бiршама үлес қосты. Оның бұл саладағы ең сүбелi еңбегi И.Василенконың «Артемкасы» болатын. Бұдан кейiн Э.Золяның əңгiмелерiн, белгiлi болгар классигi И.Вазовтың «Езгiде», В.Маяковскийдiң «Қандала» пьесаларын аударып, қазақ əдебиетiнiң аударма саласына өзiндiк үлес қосты. Бұл еңбектердiң бəрi 1955-1959 жылдар аралығында кiтап болып жарыққа шықты.

Алайда осыдан кейiн Евней əдебиет саласындағы қызметiн он жылға жуық саябырлатты. Оның себебiн күнделiктерiнде былай деп түсiндiредi: «Өзiндi өзiң жеңген де бақыт екен. Əдебиет саласындағы жұмыстарыма өзiмнен-өзiм күмəндана бастадым, ой-пiкiр қайталаулар көбейiп бара жатқандай сезiлдi.

Содан өзiмдi-өзiм тынығу керек деп сендiрдiм, бiрақ мəңгiлiкке қоштасып кете алмады. Тың ойлар туындап, бiлiмiм молайған кездерi ерiксiз қалам ұстауға қайта асықтым. Сөйтсем мен үшiн жазу рухани қажеттiлiкке айналып үлгерген екен. Бiлгенiмдi қағазға түсiрдiм, ендiгi оның тағдыры, құрметтi оқырман, сенiң қолыңда. Дегенмен əдебиет саласындағы творчестволық жұмысымның бiраз жыл тоқырауына Қазақтың кен-металлургия институтында оқу бөлiмiнiң проректоры, одан кейiн Қарағаңды химия металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры мiндетiн атқаруым əсер етпей қойған жоқ».

Осы жылдар iшiнде Евней ғылыми жұмысын аяқтап, докторлық диссертация қорғады. Содан 1962 жылы ғана əдебиетке қайта оралды. Демалыста жатып С.Есениннiң «Анна Снегина» поэмасын аударды. Ол көп ұзамай облыстық «Советтiк Қарағанды» (қазiргi «Орталық Қазақстан») газетiнде жарияланды. Кейiннен «Менiң маxаббатым» болып жарық көрдi.

Евней өз өмiрiнде бiраз шетелдерде болды. Соның iшiндегi елеулi сапары -Канададағы Монреальда өткен Дүниежүзiлiк көрмеге қазақстандық делегация құрамында баруы едi. Одан оралысымен «Канада əсерлерi» деген сапарнама жазды. Ол да «Орталық Қазақстан» газетiнде жарық көрдi. Ол өз мақаласына эпиграф етiп өзiнiң сүйiктi ақыны В.Маяковскийдiң «Мен қалай Американы таныдым» деген өлеңi жолдарын алған едi. Бұл сапар жайлы айту үшiн тағы да Евнейдiң өз пiкiрiне жүгiнейiк: «...Мен социализм дəуiрiнде дүниеге келдiм. Сондықтан өзiм өз болғалы нағыз капиталистi көрген емеспiн. Олар менiң түсiнiгiмше осыдан миллион жыл бұрын өмiр сүрген мамонттар мен ихтиозаврлардан бiрде бiр кем емес. Əрине, бұл менiң тарапымнан асыра айтқандықтан болар. Дегенмен Канадаға барасың дегенде осы ойдың ұшқын бергенi анық едi». Одан əрi ол канадалықтар өмiрiнiң жақсы жəне жаман жақтарын таразылай отырып, селолары мен қалаларында-ғы ұқыпты тазалықты, ауыл шаруашылығын ұйымдастырудағы ұтқырлығын, шаруақорлығын тамсана отырып əңгiмелейдi.

Евней əдебиет саласындағы қызметiн өмiрiнiң соңғы кезеңiне дейiн жалғастырды. 1969 жылы қазақ халқының ардақты ұлы, КСРО Ғылым академиясының академигi, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президентi Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың туғанына 70 жыл толуына арнап жазған очеркi орыс жəне қазақ тiлдерiнде басылып шықты. Қаныш аға жайлы ол бұрын да жазып жүретiн, «Жазушы» баспасынан 1975 жылы «Атан қомында туған Адам» деген кiтабы жарық көрдi. Онда ол өнер, бiлiм, мəдениет туралы əр жырлары жазған ой-толғаныстарымен қоса қазақтың белгiлi ғалымдары Қаныш Сəтбаев, Мұхтар Əуезов, Ишанбай Қарағұлов, Əбiқан Бектұровтардың творчестволық iзденiстерiн, талғам-танымын, тапқан жаңалықтарын шұрайлы тiлмен əсерлi əңгiмелейдi. Осы кiтапта Евней əдебиет мəселелерiне ойысып, оның iшiнде əсiресе, ақындық өнер, ақындық дарын хақында өз тұсiнiгiн оқырмандармен бөлiседi.

Кiтаптың алғашқы бетi А.Некрасовтың «Басқа дəстүр, өзге көрiнiс боларын мен сеземiн...» деген қанатты сөзiмен ашылады. Осының өзi-ақ бұл кiтапта Евнейдiң айтар ойын алдын ала паш етiп тұрғандай.

Евней қазақ даласына Ресейден келген саяси тұтқын А.Янушкеевичтiң кейiннен казак, халқы жайлы айтқан мына бiр пiкiрiн өз кiтабына енгiзiптi: «... Ойпырмау, осының бəрiн мен ең даладағы тағы, жабайы деп сипаттама берiлген xалықтан өз құлағыммен естiдiм бе? Бұдан бiрнеше күн бұрын екi топтың өзара айтысқанын көрiп, өмiрi Цицерон мен Демосфеннiң атын естiп көрмеген шешендердiң сөзiне таң қалғандықтан қол шапалақтап едiм. Ендi мiне бүгiн менiң алдымда не оқуды, не жазуды бiлмейтiн, бiрақ өздерiнiң дарынымен таң қалдырған ақындар өз өлеңдерiн оқып отыр. Бұлардың өлеңi менiң жан жүрегiме бойлай жетiп, көп нəрсенi сездiргендей. Мал бағудан басқаны бiлмейтiн, тағы халық дегенi осы ма? Жоқ! Жаратушымыз мынадай қабiлет пен дарын берген xалық өркениеттен аулақ қалуға тиiстi емес. Оның руxы күндердiң күнiнде қазақтың ен даласына келедi, мұнда да жарық сəуленiң оты тұтанады». Евней бұл пiкiрдi өзiнiң кiтабына бекерден-бекер емес, басқа ұлттың алдыңғы қатарлы тонтары өкiлiнiң қазақ xалқына деген iлтипаты мен достығын көрсету мақсатында алып отыр. Мұның бүгiнгi жастар мен болашақ ұрпақты интернационалдық руxта тəрбиелеуде ықпалы зор деп түсiнемiн.

Орыс халқының ұлы ғалымы Дмитрий Иванович Менделеев жайлы да жоғарыда аталған кiтапта бiраз айтылады. Евней өзiнiң яғни металлург-химик болуына тəлiмгер ұстаздарымен қатар Дмитрий Ивановичтiң өнегелi өмiрi де көп əсер еткенiн жасырмайды. Ол жастайынан Менделеевтiң ғылыми еңбектерi мен ашқан жаңалықтарын құмарта оқи отырып. Оның өмiр жолына да үңiледi. Евнейге Дмитрий Ивановичтiң бiр iстi қолға алса тындырмай қоймайтын мақсаттылығы, теория мен iс тəжiрибесiн ұштастыра бiлетiн ұтқырлығы, мiнезiндегi қажыр мен қайрат, айналасына қызығушылы-ғының молдығы қатты ұңайтын. Тiптi кейде бiреулермен əңгiмелескенде Менделеев өмiрiнен мысалдар келтiретiп. Бiрде оның былай дегенi бар: «Мен ұйқымнан бүгiн өте қуанышты сезiмде тұрдым. Себебi түсiмде Меңделеевтiң ашқан жаңа кестесiн мен ашыппын деп ойлаймын. «Жақсыдан — шарапат» дегендей, түс болса да куанып қалдым».

1978 жылы ағамның «Жарқын тағдыр кезеңi» повесiн «Простор» журналы басып шығарды. Шығармада жас ғалымның ғылымға келу жолы баяндалады. Ақиқатқа жүгiнсек, онын шығармаларының оқиғасы оқырманды бiрден өзiне баурап əкетпейдi. Бiрақ бiрте-бiрте жазушы ойының тереңдiгiне көзiңiз жетедi де, қым-қиғаш оқиға желiсiне өзiңiздiң де iлесiп кеткенiңiздi сезбей қаласыз.

Кейiннен Евней осы шығармасына қайта оралып, оның атын «Досқа алты xат» деп өзгерттi. Онда ұстаз бен шəкiрт арасындағы қарым-қатынас, ғылым жолында кездесетiн небiр қиыншылықтар, адамдардың мiнез-құлқындағы түрлi қақтығыстар жайлы терең толғаныспен жазылады. Оқиға негiзiнен Орталық Қазақстандағы ғылым ошағы xимия-металлургия институтында өтедi. Повесть қазақ жəне орыс тiлiнде жазылған. 1989 жылы «Жалын» баспасынан орыс тiлiнде жарық көрдi.

Евней өз өмiрiнде қазақ xалқының екi ардақты ұлы Шоқан Уəлиханов пен Қаныш Сəтбаев туралы көркем шығарма жазсам деп армандап жүретiн.

Осыған орай олардың өмiрiн бiраз зерттеп, очерктер мен мақалалар да жазды. Шоқан Уəлиханов өмiрi туралы жазғаң еңбегi Москваның «Советский писатель» баспасынан шыққан «Пути в незнаемое» деп аталатын сериялық жинаққа ендi. Əрi өзi де осы альманахтың редакциялық алқа мүшесi болатын. Бұл жинақ алдағы уақытта көптеген шет тiлiне аударылып басылмақшы.

Ағамның орындалмай кеткен арманы көп. Солардың бiрi Қаныш Сəтбаев туралы роман жазу едi. Евней оны бастауын бастағанмен, ақыр аяғына жеткiзе алмай арманда кеттi. Романның тек алғашқы бөлiмiн — «Ғалымның балалық шағын» ғана жазып үлгердi.

Жетпiсiншi жылдардың аяғында Евней аударма саласына қайта оралып В.Шекспирдiң «Макбет», «Юлий Цезарь» шығармаларын аударды. Оның бұл аудармалары кейiннен Қарағанды, Шымкент, Қостанайдың облыстық драма театрлары сахналарында қойылды.

Қарағанды сахнасында «Макбеттiң» қалай қойылғандығы əлi күнге дейiн жадымда сақталып қалыпты. Режиссер Жақып Омаров екеуi Шекспирдiң бүкiл шығармасына шолу жасап, сол кездегi уақыт тынысын, автордың айтпақ болган ойын дөп басып, дəл тануға тырысқандарын, сол үшiн талмай iзденгендiктерiнiң сан рет куəгерi болдым. Тiптi спектакль саxнаға тұңғыш рет қойылар күн жақындаған сайын театрға жиi барып, артистердiң ойынын көрiп мазасызданатын. Евней əсiресе артистердiң əрбiр сөздi дұрыс айтпайтындығына қатты күйінiп, «сөз анық айтылмағандықтан, оның дəл мағынасы көрерменге жетпейдi де өнердiң нəрi бұзылады» деп отыратын.

Ақылшы ағам əрi ең жақын досым Евней туралы естелiк жазу ойыма оралғаннан берi есiмдерi елге танымал, дүниежүзiне əйгiлi адамдар өмiрi жайлы жазылған немесе олар жазған естелiктердi көп оқитын болдым. Ондағы ойым аз да болса өзiме тəжiрибе жинақтау болатын. Сондағы байқа-ғаным - талантты, дарынды адамдардың дарынсыз пенделерден көрген қысастығы мен өмiрдегi түрлi əдiлетсiздiктер. Оның себебiн iздеп, əдiлетсiздiкке күйiнген кездерiм де көп болды. Ендi ойлап қарасам, күн мен түннiң алмасуындай, əдiлдiк пен əдiлетсiздiктiң, таланттылар мен талантсыз-дардың өзара күресi де заңды нəрсе екен. Олардың арасында күрес болмаса даму да болмайтын сияқты. Менiң осындай ойға келуiме ағам Евнейдiң басынан өткен мына бiр жағдай себепшi болған едi.

Бiрде республикалық «Ленинская смена» газетiнде «В соавторстве с Хлестаковым» деген тақырыппен Евней жайлы мақала жарияланды. Қалай дегенмен де Евнейдiң əдiлдiгiнiң, талантының мысы басқан болуы керек, автор өз фамилиясын көрсетпей, бүркеншек атпен жазыпты. Мақала авторы Евнейдi бiраз найза ұшына түйреп, оның атына жанға бататындай жайсыз сөздер айтыпты. Сол күнi бүкіл қала, қала бердi республика көлемiнде оны бiлетiн адамдардың бəрi дерлiк дүрлiгiп, «мұнысы несi» дегендер де болды. өзiме де талайлар телефон соғып, мақаланың қандай мақсатпен жазылғандығын түсiне алмағандықтарын айтып, сұрақтың астына алды. Ал мен болсам күнi бүгiнге дейiн Евнейдiң сол күнгi мiнез-құлқына, жiгерлiгiне таң қаламын. Сол күнi Қарағанды облыстық драма театры жазушы Сəкен Жүнiсовтың «Қысылғаннан қыз болдық» спектаклiн қойған болатын. Сəкен Қарағандыға келдi де, Евней екеуi театрға барды. Олардың қасында мен де бар едiм. Спектакль басталғанға дейiн екеуi сыртта бiраз əңгiмелестi. Ал жоғарыдағы мақаланы оқып келген жұртшылықтың Евнейдiң сол күнгi мойымас мықтылығына, жiгерлiгiне таң қалғаны рас. Кездескен таныстарына əдеттегiдей мiнез танытып, қалжыңдасты, əңгiмелерiне араласып, xал-жағдай сұрасты. Ертеңiнде-ақ «Евней Букетов мақаланы құлағына аспастан, театрға келiптi. Не деген мықты адам» деген сөздер қалада гу-гу естiлiп жатты. Басқа тұрмақ менiң өзiм оның мықтылығына таң қалдым. Бiрақ ол: «Менiң iсiм əдiлеттi, оны көпшiлiк оқырман бiледi» дегеннен басқа сөз айтпады.

Осы бiр оқиға оны қамшылағандай болып, тер төгiп еңбек еттi. Аз уақытта бұрынырақта бастаған «Досқа алты xатын» шапшаң аяқтады. Əдетте ңағыз дарындылар өз бойындағы бар бiлiмiн халыққа беру үшiн əдiлетсiздiкпең күресе жүрiп қол жеткiзедi екен ғой. Евней де сондай тағдырды бастан өткердi.
Мен бұл естелiгiмде тағдыры шабыт пен шиеленiске толы болған, жан-жақты дарынды, қазiргi жарқын күндердi көре алмай кеткен Евней ағамның ғылымға сiңiрген еңбегiнен тыс көпшiлiк оқырмандарға онша таныс емес, əсiресе əдебиет пен өнер саласындағы белгiсiз қырлары жөнiнде бiраз сыр шерттiм. Өз туысым туралы асыра айтқым да келмейдi, бiрақ шынымды айтсам Евней сияқты сан қырлы күрделi тұлғаның бойындағы бар қасиеттi жеткiзуге шамамның жетпейтiндiгiн мойындаймын. Ағамның ой-өрiсi Арқаның саржайлауындай кең едi. Бұл жөнiнде менен гөрi журналистер Б.Ыбыраев пен Г.Петров жазған «Қақтығыс» очеркiнде, А.Сухотиннiң «Ритмдер мен алгоритмдер» атты кiтабында айтылған пiкiрлер толығырақ болар-ау деп ойлаймын. Мысалы, А.Суxотин М.Ломоносов, А.Бородин, В.Обручев сияқты iрi тұлғалар жайлы əңгiмелей келiп, Е.Букетовке де тоқталады: «... Букетов болса iрi ғалым ғана емес, - ден жазады ол аталған кiтабында, - көрнектi жазушы, өз тiлiнде бiрқатар көркем шығармалар жазған əрi орыс пен батыс классиктерiнiң озық үлгiлерiн халқына таныстырған адам. В.Маяковскийдiң өлеңдерi, С.Есениннiң «Анна Снегина» поэмасы, Э.Золяның əңгiмелерi мен əлемдiк өнердiң тамаша ңұсқалары республикаға Букетовтың аударуымен кең тараған».

Сөйткен Евнейдi қатыгез ажал 1983 жылдың 15 желтоксанында арамыздан алып кеттi. Орны толмас қазаны оның достары, таныстары, көптеген əрiптестерi мен шəкiрттерi бөлiсiп, қайғымызға ортақтасты. Олардың қайсысы болмасын оның адамгершiлiгiн, қарапайымдылығын, ғұламалығын, мəдениеттiлiгiң, тағы басқа да жақсы қасиеттерiн еске алып əңгiмеледi. Бұрындар Евнейдi тек қаңа туған аға, жақсы дос ретiнде есептеп келген мен ендi оның республика ғылымының сан түрлі саласына, мəдениетi мен өнерiне елеулi үлес қосқан азаматтығының жаңа сыр-қырларын ашып, өзге көзқараспен қарай бастадым. Бұдан соң ағамның есiмiн қайткен күнде де ел есiнде мəңгiлiк қалдырудың қам-қарекетiне кiрiстiм.

Тоқырау заманыңың тоңы жiбiп, 1987 жылдан бастап облыстық, республикалық басылымдарда Е.Букетов туралы естелiктер жазыла бастады.

Қарағанды химия-металлургия институты қабырғасына ескерткiш тақта iлiндi. Қарағанды университетiне, туған совхозына оның есiмi берiлдi. Университеттiң 20 жылдығына орай оның мұражайы жабдықтала бастады. Евнейдiң əдебиет саласындағы еңбектерiн жариялау да қолға алынуда.



Академик Евней Букетовтың есiмiн ел есiнде қалдыру жөнiнде соңғы жылдары атқарылған жұмыстар, мiне, осындай. Алдағы уақытта баспалар оның əдеби мұраларын жарыққа шығаруға қолдарынан келгенше көмектеседi деген сенiмдемiн. Өйткенi ол бiздiң болашағымыз иелерi үлесiне тиген аса мол дүние, зор қазына.
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Амантаев, Ө. Жарты ғасырда жаһан жаңа / Ө. Амантаев // Орталық Қазақстан. 2013. 21 мамыр (№79-80).
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Көбеев Е. Қазақтың біртуар азаматы / Е. Көбеев // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Салықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Оразалықызы, Г. Тұғырлы тұлға / Гүлсім Оразалықызы // Ақиқат. 2006.№11-12. 98-105 б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет