Серпімді жіпті бойлай 20м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0,5с. Толқын ұзындығын табыңдар.
Берілгені Талдауы Шешуі
Жауабы: 10м
ІІІ. Өткенді еске түсіру
Физикалық диктант, 5 минут
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
.
Физикалық диктант, 5 минут
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
8.
Домбыра құрылысы.
Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.
Статистикалық тепе-теңдік.
Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
1. Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
2. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
3. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
4. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар.
Инфрадыбыстар –
Ультрадыбыстар –
Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі
Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады. 1 - кесте
Дыбыстың денелердің тербелісі арқылы тарауына қарапайым мысал ретінде қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны келтіруге болады.
Тонның
биіктігі
Тембр
Дыбыс
қаттылығы
Дыбысты
сипаттайтын
физикалық
шамалар
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз.
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз.
Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.
Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.
Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)
1 бел = 10 дБ
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз.
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндері, дБ
2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.
VI.Сабақты бекіту
Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату.
Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?
Жауабы
Жауабы:
Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады.