Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет267/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
263 
ретінде анықтама береді. «1. Ерекше қабілет, кҿркем дарындылық, «кейіпкердің бейнесіне кіру» 
оның кҿмегімен бейнеге ешбір мҽжбҥрлеусіз ену, жеңіл ҿзгерудің еркіндігі. Ҿзін ҧстаудың ерекше 
біліктілігі, мінез-қҧлықтың кҿркемдігі, қимыл-қозғалыстың ҽсемдігі, жҽне т.с.с., ҽдетте артисттерге 
тҽн қасиет. 2. Ҿнер саласында ҽлдекімнің жеткен жоғары шеберлігі. Қандай да бір тапсырманы 
немесе істі орындаудағы жоғары шеберлікті айтамыз» [2, 234 б.]. Сондықтан біз мақаламыздың 
барысында артистизм сҿзін ҿзінің тҥпнҧқасымен айтуды жҿн деп есептедік.
Ҽдетте кҿптеген адамдар артистік қабілет, артистік қасиет сияқты ҧғымдар театр саласында, ҿнер 
адамдарына қатысты айтылатын ҧғым деп тҥсінетіні бҽрімізге белгілі. Ал, оның педагогика сала-
сында қолданылатын мағынасының ерекшеліктері қандай? Мҽселені ҿз дҽрежесінде дҧрыс шешу 
ҥшін біз педагогикалық артистизм ҧғымына берілетін ережелерге тоқталуды жҿн кҿрдік. Педагоги-
када «артистизм» сҿзі педагогикалық шеберлік ҧғымымен тығыз байланысты. Қазақ педагогикалық 
ҽдебиеттерінде жҥргізілген талдауда педагогикалық шеберлік ҧғымына келесідей анықтамалар беріл-
ген. Педагогикалық (кҽсіби) шеберлік – педагогикалық іс-ҽрекетті меңгерудің жоғары деңгейі
[3, 275 б.] делінген, ал, педагогикалық шеберліктің мҽні – бҧл педагогикалық міндеттерді шешуді 
қамтамасыз ететін тҧлғаның білім, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері жҽне жеке қасиеттері 
[4, 5 б.] деп жазылған.
Ж.Д. Ваганова, В.П. Кузовлева, О.С. Булатованың зерттеулерінде педагогикалық артистизм мҧға-
лімнің жеке шығармашылық компонентінің бірі ретінде бҿліп кҿрсеткен. Педагогикалық артистизм 
педагогтың оқушылармен ҥйлесімді ҿзара мақсатқа бағытталған қабілеттілігі ретінде тҥсіндіріледі. 
Сонымен бірге мҧғалім ҿзіне бірнеше рҿлдерді қабылдайды: тҽлімгер, дос, ҽріптес, кеңесші, тындар-
ман, ҽңгімелесуші... 
Ҽдебиеттерді талдай отырып, біз педагогикада қолданылатын артистизм бҧл:
1.
Педагогикалық артистизм – бҧл педагогикалық шығармашылықтың барлық кезеңдерінде қан-
дай да бір белсенділікпен қызмет ететін ерекше қҧбылыс. Артистизмнің рҿлі мен орны тҽрбиешінің 
кҽсіби іс-ҽрекетін жетілдіру барысында ҿзгеруі мҥмкін: ол тҧлғаның жеке қасиеті ретінде кҿрінуі 
мҥмкін, ал, кҽсіби тҽжірибе жинап алған соң, педагогтың барлық жҧмысын қҧрайтын интегралдауға 
мҥмкіндігі бар жҽне оның бҥкіл іс-ҽрекетін синтездеу жолымен алады. Артистизмнің арқасында 
педагогтың іс-ҽрекеті ҿнердің деңгейіне кҿтеріледі. Бҧл қасиеттерінің кҿмегімен педагог баланың тек 
ақыл-ойына ғана ҽсер етіп қоймай, балалардың сезіміне ықпал етеді, оларға дҥниеге деген эмоцио-
нальді-қҧндылық тҽжірибесін беруге мҥмкіндік береді.
2.
Педагогтың тҧлғасының бітісі, оның ҿзіндік ерекшелігі: ҿзгеруге бейімділігі, сҥйкімділік,
ым-ишара мен дауыс ырғағының алуан тҥрлілігі, баяндаушының дарындылығы, басқаларға ҧнау 
қабілеттілігі, ішкі еркіндік сезімі, жан дҥниесінің ҽсемдігі, кҿркем-бейнелік ойлау, бейне байланыс-
тар арқылы стандартталмаған шешімдерге ҧмтылып, талаптану; психикалық жҽне жҥйке жҥйесінің 
ерекшеліктері, тҧлғаның акцентуациясы (К.Леонгард артисттік болмыс ҥшін ынталандырудың 3 
тҥрін бҿліп қарастырады: 1) эмоциялық қозғыштық, 2) мінез-қҧлықтың бітістерін кҿрсетуші, 3) 
интроверттілік; педагогикалық ҥрдіс жағдайында шынайы болатын негізгі импровизацияларға 
қабілеттілік. 
3.
Оқу тҽсілдері мен «техниканың» біртҧтастығы, сабақ ҽлі ешбір ғылым соңына дейін зерттеп 
бітпеген ерекше заңдар бойынша «ойналатын» жағдайлар. Ақпараттың тек мағыналы болуы маңыз-
ды емес, оны таңдау барысында эстетикалық жарқын болуына назар аудару; сҧрақ қою «техника-
сының» жоғары болуы сабақтың ойынға айналуы жҽне сол арқылы сабақтың баланың есінде ҧзақ 
қалуына мҥмкіндік беруі; сабақтың тақырыбына шығу амалдарын ойластыру, оған енуді меңгеру
белгілі бір педагогикалық міндеттерге сҽйкес тҽрбиеші мінез-қҧлқын қҧрастыру.
4.
Педагогикалық шығармашылық тҧжырымдамасы ҿмірдің кҥнделікті бірқалыпты тҧрмыс 
тіршілгі айналасында болмауы тиіс. Импровизация егжей-тегжейлі ойластырылып жҥруі тиіс, ол 
тҽрбиешінің ішкі кҿңіл кҥйін ашады, ал ол ҿз кезегінде артистизмнің негізі болып табылады.
Ал, біздің пікірімізше артистшіл тҽрбиешінің міндеті – балаларға эмоциялық ықпал ете білу, 
олардың жан айқайын шақыру, белгілі бір қобалжу, ой шақыру; балалардың санасы мен жҥрегіне ҿз-
ҿзіне деген сенімділікті бекіту, ҿзінің қарым-қатынасы арқылы ҽсершілдік шақыру; қиялды ойнатуға 
тырысу, ал, ойын – ҽрқашан еркін таңдау болып қала береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет