Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы



Дата18.02.2017
өлшемі195,37 Kb.
#10439
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5148 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2164 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж. N 15, 838-құжат, 2003 ж. N 23-24, 853-құжат);
      2) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 ақпандағы N 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4135 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      2008 жылғы 30 қаңтар

Қазақстан Республикасы   


Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 29 қаңтардағы 
N 40 бұйрығымен бекітілген 

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім
беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу айлық белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.


      2. Педагогикалық қызметкерлер арасындағы оқу жүктемесі тиісті білім беру ұйымының оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлеміне, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуіне және өзге де нақты жағдайларына қарай бөлінеді.
      2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Білім туралы"  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес педагогикалық оқу жүктемесін бөлу құқығы білім беру ұйымының бірінші басшысына беріледі, ол оның нақтылығы және әрбір мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің және өзге де педагогикалық қызметкердің белгіленген көлемді сапалы орындауы үшін жауап береді.
      Педагогикалық жұмыс көлемі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес апталық нормативтік жүктемені ескере отырып сәйкес және ұжымдық, жеке еңбек шарттармен қызметкерлердің келісімі бойынша белгіленеді.
      3. Мектептерде күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін мектептер (сыныптар) мектеп-интернаттарында (кешкі (ауысымдық) мұғалімдерден басқа), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарында ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін мұғалімдердің және кәсіптік лицейлердің, мектептердің, колледж оқытушыларының оқу жүктемесінің көлемін белгілеу жартыжылдықтар бойынша жеке-жеке жылына бір рет жүргізіледі.
      4. Күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) мектептерде (сыныптарда), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарда ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін мұғалімдердің оқу жүктемесі жылына екі рет бірінші және екінші оқу жартыжылдығының басында белгіленеді.
      5. Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан еткен мұғалімдерге белгіленген қосымша ақыларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне айлық тарифтік ставкалардың (лауазымдық жалақылардың) жекелеген қосымша ақылардың және үстемеақылардың мөлшерлерін өзгерту:
      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттында, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалардың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартында өзгеше көзделмесе, біліктілік санатын беру кезінде оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап;
      2) жұмыс стажының көбейген күнінен бастап;
      3) құрметті атақ берілген кұнінен бастап;
      4) білім алған (техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) немесі білімі туралы құжатын қалпына келтірген жағдайда - тиісті құжат берілген кұнінен бастап;
      5) ғылыми атақ берілген жағдайда - Төралқаның немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитетінің диплом беру туралы шешім шығарған кұнінен бастап жүргізіледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Қызметкер жыл сайынғы еңбек ақылы, жыл сайынғы қосымша төлемді еңбек ақылы, әлеуметтік демалыста және экологиялық апат пен радиациялық қауiптi аймақтар бойынша жыл сайынғы қосымша төлемді еңбек ақылы демалыста, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде (оның ішінде жүктілігі мен тууы бойынша) болған жағдайда еңбекақы ставкасы (лауазымдық жалақысын) өзгертілгенде, жаңа тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) есебімен еңбекақы төлеуі - демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздығы аяқталған күнінен бастап жүргізіледі.
      7. Білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, оқытушыларына, тәрбиешілеріне және басқа педагогикалық қызметкерлеріне айлық жалақы ставкалары (лауазымдық жалақылар) апталық нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес төленеді және олардың астрономиялық сағат бойынша жұмсаған жұмыс уақытына қарай белгіленеді. Сабақтар (дәрістер) арасында қарастырылған қысқа үзілістер (ауысулар) мұғалімнің (оқытушының, қосымша білім беру педагогының және басқа педагогикалық қызметкердің) жұмыс уақыты болып есептеледі.
      8. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру мекемелері қызметкерлерінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының


педагогикалық қызметкерлерінің жалақысын есептеу тәртібі

      9. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің жалақысын есептеу кезінде айлық жалақы қолданылады.


      Педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.
      10. Жылдың әр бір айларындағы апталар мен жұмыс күндерінің санына қарамастан, тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы төленеді.
      11. Оқу тоқсандары аралығындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің демалыс күндерін қоспағанда, педагогикалық жұмыс жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүргізіледі.
      12. Оқушылардың жазғы каникулы кезінде жұмысқа басшы немесе педагогикалық қызметкер ретінде қабылданғандарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезең үшін жалақы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген біліктілік санаттарын, білім деңгейін және жұмыс стажын ескере отырып анықталатын тарифтік ставкасы (лауазымдық жалақы) есебінен төленеді.
      13. Сабақ 28 аптаға есептелген оқу жоспары бойынша өткізілетін жалпы білім беру мектептерінің жанындағы кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептердің және кешкі (сырттай) оқыту жекелеген сыныптарының мұғалімдеріне айлық жалақы оқу жылы бойы, сондай-ақ оқу басталғанға дейін бір апта, оқу жылы аяқталғаннан кейін бір апта үшін төленеді.
      14. Ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ғана беріледі.
      Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.
      Сағаттық төлем шартымен жұмыс істейтін және каникул кезінде сабақ жүргізбейтіндерге, бұл уақыт үшін еңбекақы төленбейді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілмеген мұғалімдерге қосымша оқу жүктемесінің шарттары кезінде жалақы ставкасы белгіленген жүктеме нормасын басқа педагогикалық жұмыстармен толықтыратын мынадай жағдайларда:
      бейнелеу өнері, музыка, ән және дене шынықтыру сабақтарын маман педагогтарға бере алатындай жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
      денсаулығына және басқа себептерге байланысты дене тәрбиесі және ән сабақтарын жүргізе алмайтын жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
      шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне, дайындығының шама-шарқына байланысты шетел тілінен, қазақ және орыс тілдерінен сабақ жүргізе алмайтын ауылдық қазақ және орыстан басқа ұлттар бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне;
      орыс және басқа ұлттардың (қазақтық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне;
      қазақ және басқа ұлттардың (орыстық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің орыс тілі мұғалімдеріне;
      селолық мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдеріне, алыс жерлерге орналасқан мектептердің шетел тілінен сабақ беретін мұғалімдеріне, оларға төленетін толық ставка есебіне дене тәрбиесі жөніндегі (дене тәрбиесі мұғалімдері үшін) сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру, жазба жұмыстарын тексеру және сынып жетекшісі (шетел тілі мұғалімдері үшін) міндеттері (міндеттердің бір бөлігі) қоса жүктелген жағдайда, толық төленеді.
      Басқа педагогикалық жұмысқа:
      денсаулығына байланысты мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізу;
      жоқ мұғалімдердің орнына сабақ беру;
      ұзартылған күн тобында тәрбие жұмысын жүргізу;
      басқа оқу-тәрбиелік жұмыстар жатады.
      Мұғалімді сабақ жүргізуден босату және қосымша міндетті жүктеме арқылы жалақыны айлық ставкадан кем мөлшерде төлемеу жөніндегі жағдайлардың бәрі мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді және мұғалімінің сабақ беруден неліктен босатылатындығы әрі жүктемені қандай жұмыстармен толтыратындығы көрсетіледі.
      16. Оқу жүктемесі оқу жылы ішінде мұғалімдерге қатысы жоқ себептермен тарифтеу кезінде белгіленген жүктемемен салыстырғанда азайтылған жағдайда оларға оқу жылының аяғына дейін:
      1) егер қалған жүктеме айлық белгіленген ставкадан жоғары болса - жалақы нақты сағат саны үшін;
      2) егер қалған жүктеме айлық белгіленген ставкадан төмен болса - айлық белгіленген ставка;
      3) егер тарифтеу кезінде оқу жүктемесі айлық тарифтік ставкадан кем белгіленген болса - тарифтеу кезінде белгіленген жалақы төленеді.
      Оқу жүктемесі екінші жартыжылдықта оқу жоспарына байланысты азайған жағдайда бұл тармақ қолданылмайды.
      17. Қосымша білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беретін мектептердегі және басқа да білім беру ұйымдарындағы жұмысы негізгі жұмыс орны болып есептелетін қосымша білім беретін педагогтерге айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді, ал егер негізгі жұмыс орны болып есептелмесе, онда айлық жалақы сабақ өткізілген нақты сағаттар санына қарай және ставканы орташа айлық сағат нормасына бөлу жолымен белгіленеді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі


білім беретін оқу орындарында жалақы есептеудің тәртібі

      18. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында жалақы есептеу кезінде орташа айлық жалақы қолданылады.


      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының оқытушыларына (жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларынан басқа) жыл сайын оқу жылы басталғанға дейін айына орташа жалақы оқытушының сағаттық тарифтік ставкасын оған белгіленген жылдық жүктемеге көбейтіп, шыққан нәтижені 10 оқу айына бөлу жолымен анықталады. Тарифтік сағаттық ставка жалақының тарифтік айлық ставкасын оқу жүктемесінің орташа айлық нормасына бөлу жолымен анықталады. Белгіленген орташа айлық жалақы оқытушыға, кезекті демалыс күндерін қоспағанда, оқу жылы ішіндегі жұмысы үшін төленеді.
      19. Оқу жылы ішінде жұмысқа кірген оқытушыларға тарифтік орташа айлық жалақы осы оқытушының сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейінгі қалған толық оқу айларының оқу жүктемесіне көбейтіп, шыққан нәтижені сол айлардың санына бөлу жолымен белгіленеді. Бұл жағдайда толық емес ай үшін жалақы сағаттық ставка бойынша нақты сағаттар саны үшін төленеді.
      Жұмысқа оқу жылы басталғанға дейін кіріскен оқытушыларға сабақ басталғанға дейінгі жұмысы үшін жалақы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген білім деңгейін және педагогикалық стажын ескере отырып анықталған айлық ставкасы есебінен төленеді.
      20. Оның ішінде, қолданып жүрген заңнамаға сәйкес оқытушылар сабақтан орташа жалақыларын ішінара немесе толық сақтай отырып босаған кезде, оларға белгіленген жылдық оқу жүктемесінің көлемі жұмыста болмаған әрбір толық ай үшін және пайдаланылмаған жұмыс күндерінің санына қарай - толық емес ай үшін 1/10 бөлікке қысқаруға тиіс. Оқытушыларды сабақтан орташа жалақысын сақтамастан босатқан жағдайда да, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған, бала көтерген және босанған жағдайда да жылдық оқу жүктемесі осы тәртіппен жүргізіледі.
      Оқытушы іс жүзінде оқу жұмысын орындаған күндер үшін (мәселен, науқастық парағын берген күн, іссапарға шыққан және іссапардан оралған күн) жүктемені азайту жүргізілмейді.
      21. Егер оқу орнына оқу процесі барлық күнтізбелік жыл бойы жалғасатын болса және осыған байланысты оқытушыларға төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жазғы каникул кезеңінде ғана емес, әр түрлі айларда беріледі, ағымдағы жылдың төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін оқу жүктемесін 1/10 бөлікке азайту жүргізілмейді.
      22. Оқытушыларға оқу жылының басында белгіленген орташа айлық жалақысы көрсетілген жағдайларда азайтылмайды. Оқытушының оқу жылы ішінде азайтылған оқу жүктемесінен тыс орындаған оқытушылық жұмысының сағаттары, азайтылған оқу жүктемесі орындалғаннан кейін, сағаттық тарифтік ставка бойынша қосымша төленеді.
      23. Белгіленген жылдық жүктемеден тыс берілген оқытушылық жұмыс сағаттары оқытушы жылдық оқу жүктемесін аяқтағаннан кейін сағаттық ставкалар бойынша қосымша төленеді. Бұл ақы ай сайын немесе оқу жылының аяғында төленеді.
      24. Жеке оқыту нысанындағы (мәдениет және өнер) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушыларды тарифтеу оқу жылында екі рет: бірінші және екінші жартыжылдықтың басында өткізіледі.
      25. Егер техникалық және кәсіптік білім беру орындарында теориялық сабақтар жылына 39-40 оқу аптасы бойы (10 айлық оқу мерзімімен) жүргізілетін болса, онда жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларына жалақы осы пән бойынша апталық оқу сағаттарының орташа саны есебінен және оқу жоспары бойынша теориялық оқыту апталарының саны есебінен есептеледі.
      26. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында теориялық сабақтар оқу жоспарына сәйкес жылына 27 оқу аптасы бойы (6 айлық оқу мерзімімен) жүргізілген жағдайда, оқытушыларға айлық жалақы оқу жоспары бойынша жылдық оқу жұмысының көлемін 38 аптаға бөлу жолымен белгіленетін апталық орташа оқу жүктемесі есебінен төленеді.
      27. Оқу орындарының штатындағы өндірістік оқу шеберлеріне айлық жалақылар бойынша төленеді.
      Науқастануына, демалыста, іссапарда, оқу жиындарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа себептердің болуына байланысты уақытша жұмыста болмаған өндірістік оқу шеберлерінің орнын басқан жағдайда, сондай-ақ оқу уақытының оқу жұмысы көлемінің жетімсіздігінен оқу орнының штатына шебер штаттық бірлігін енгізу мүмкін болмаған жағдайда, оқу жүктемесі толық болмаған, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытының нормасынан тыс берілген сағаттар үшін өндірістік оқу шеберіне сағаттық ақы төленеді. Бұл жағдайда жалақы мөлшері шебердің айлық лауазымдық жалақысын жұмыс сағаттарының орташа айлық нормасына бөліп, шыққан сағаттық ставканы ай ішінде істелген нақты сағаттар санына көбейту жолымен белгіленеді.

  4. Мұғалімдерге оқытылуы сырттай нысан бойынша жүзеге


асырылатын балалармен істеген жұмысы үшін және ұзақ уақыт
емделетін балаларды оқыту бойынша жалақы есептеу тәртібі

      28. Мұғалімдерге оқытылуы сырттай нысан бойынша жүзеге асырылатын балалармен істеген жұмысы үшін тарифтеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      мұғалімнің оқу жүктемесіне оқу жоспары бойынша екінші жартыжылдыққа есептелген оқу уақытының көлемі, топтық және жекедара консультациялар сағаттары, сондай-ақ ауызша және жазбаша қабылданатын сынақтар сағаты көлемінің 70 пайызы қосылады;
      ауызша және жазбаша сынақ алудың оқу жоспарындағы оқу уақытының көлемі есебінен, оқушылардың 9-дан 15 адамға дейінгі орташа тобы үшін - 12 сағат, ал 16-дан 20 адамға дейінгі тобы үшін - 18 сағат.
      29. Тарифтеу кезінде оқу жүктемесіне қосылған сағаттардың жалпы саны жартыжылдықтағы оқу апталарының санына бөлінеді. Осыдан шығатын оқу жүктемесінің орташа апталық көлемі есебінен мұғалімге айлық жалақы белгіленеді, ол жартыжылдықтың әр түрлі айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан ай сайын төленіп тұрады.
      30. Мұғалімдерді ауруханаларда ұзақ уақыт жатып емделетін балаларды оқытқаны үшін тарифтеу, егер оқушылардың үнемі ауысып отыруы мұғалімдердің оқу жүктемесіне әсер еткен жағдайда, мынадай тәртіппен жүргізілуі мүмкін:
      әр жартыжылдық басындағы тарифтеу кезінде мұғалімнің оқу жүктемесіне оқу жоспары бойынша топтық және жекедара сабақтарға бөлінген барлық сағаттар 100 пайыз қосылмай, осы сағаттар көлемінің 80 пайызы ғана қосылуы мүмкін;
      бұл жағдайда оқытушылық жұмыс сағаттары үшін айлық жалақы ставкасын (жұмыстың ерекше режимі үшін 20 пайызға артатындығын ескере отырып) әр жартыжылдықтың басында нақты жүктемеден 80 пайыз мөлшерінде алған жүктеме көлеміне көбейтіп, белгіленген апталық сағат нормасына бөлу жолымен анықталады.
      Осылайша белгіленген айлық жалақы осы оқу жартыжылдығының әр түрлі айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан келесі жартыжылдықтың басына дейін төленіп отыратын болады.
      31. Әрбір оқу жартыжылдығы аяқталысымен тарифтеу кезінде белгіленген, оқу жүктемесінен тыс орындалған педагогикалық жұмыс сағаттарының ақысы сағаттық ставка бойынша қосымша төленеді.
      32. Қазақ тілінің, ана тілінің, орыс және шетел тілінің, әдебиет, математика пәнінің мұғалімдеріне жазба жұмыстарын тексергені үшін тарифтеу кезінде оқу жүктемесіне енгізілген сағаттары көлемінің жалпы санынан есептелетін қосымша ақы жүргізіледі.
      33. Мектеп мұғалімдерінің созылмалы науқасы бар балаларды жеке-дара үйде оқытқаны үшін, сондай-ақ денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен дене шынықтыру сабағын жүргізгені үшін айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  5. Шағын комплектілі жалпы білім беретін мектептер


мұғалімдерінің штаттық бірліктерін есептеу және еңбекақы
төлеу тәртібі

      34. Оқушылардың жалпы құрамы 20 адамға дейін болатын 2 бастауыш сыныбы, жалпы құрамы 15 адамға дейінгі 3 бастауыш сыныбы, оқушылардың жалпы құрамы 10 адамға дейін жететін 4 бастауыш сыныбы болған жағдайда - оқушылар комплекті-сыныпқа біріктіріледі және оқу жоспары бойынша оқу уақыты көлеміне байланысты жарты ауысымда онымен бір мұғалім айналысады.


      35. Егер 2 бастауыш сыныптағы оқушылардың саны 20 немесе одан да көп адамды құрайтын болса, онда әр мұғалім жеке сыныппен айналысады.
      36. Егер 3 бастауыш сыныптағы оқушылар саны 15 және одан да көп, ал 4 бастауыш сыныпта 10 және одан да көп болса, онда оқушылар екі комплект сыныпқа біріктіріледі және әрқайсысымен жеке мұғалім айналысады.
      Бұл жағдайда 3 бастауыш сыныпта бір мұғалім бір сыныпқа, ал екінші мұғалім сынып-комплектіге сабақ береді. 4 сынып болған жағдайда - екі мұғалім де сынып-комплектіге сабақ береді (іс жүзінде 1 және 3-сыныптар мен 2 және 4-сыныптарды біріктірген дұрыстау деп есептеледі).
      37. Мұғалімдерге айлық жалақы апта ішіндегі оқытушылық жұмыстың нақты сағат санына қарай төленеді, бірақ ол сағат көлемі сынып-комплектіге кіретін сыныптардың оқу жоспарында қарастырылған ең көп көлемнен аспауға тиіс.
      38. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (даму және оқу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (ставкаларына) қосымша ақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі - Үкімет қаулысы) белгіленген мөлшерден 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сондай-ақ сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады;
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Құрамында шағын комплекты сыныптары бар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында сабақ жүргізу және осы сыныптардың (сынып - комплектілердің) мұғалімдеріне еңбекақы төлеу осы Қағидалардың жоғарыда көрсетілген тармақтарында қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  6. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне көбейтуді,


сондай-ақ қосымша ақы мен үстемеақының кейбір түрлерін
белгілеу тәртібі

      40. Үкімет қаулысымен белгіленген көтермелеудің, қосымша ақының және үстемеақының сомалары нақты жүктемеге байланысты:


      1) жалпы білім беретін мектептер мен барлық үлгідегі және түрдегі мектеп-интернаттардың 1-4-сыныптарының мұғалімдерін қоспағанда, мұғалімдер мен оқытушыларға дәптер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін;
      2) мамандандырылған мектептер мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, мектеп-интернат-колледждерде бейіндік бағыттағы пәндер бойынша оқытқаны үшін;
      3) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне, жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу-тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге;
      4) ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының ауылдық жерлердегі мамандарының жұмысы үшін;
      5) дене бітімнің даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен; білім беру ұйымдарында оқуға тиіс ақыл-ойының даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен, психоневрологиялық патологиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін;
      6) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беретін мектептердегі және оқу-консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелердегі балалармен жұмыс істегені үшін;»;
      7) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, пана үйлерінде, мектеп интернаттарда және мүмкіндіктері шектеулі балалар контингенті бар интернат-үйлерде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін;
      8) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін;
      9) білім беру бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттырудан өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілік деңгейі үшін, бірақ Заңнында белгіленген тәртіппен оқу жүктемесі нормативінен көп емес төленеді.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      40-1. Қосымша ақы тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат негізінде жүзеге асырылады.
      Тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған мұғалім еңбекақысына:
      1) бірінші (ілгері) деңгейдегі - лауазымдық жалақысының 100 %-ы;
      2) екінші (негізгі) деңгейдегі - лауазымдық жалақысының 70 %-ы;
      3) үшінші (базалық) деңгейдегі - лауазымдық жалақысының 30 %-ы көлемінде қосымша ақы алады.
      Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен және  тиісті деңгейдегі бағдарламаны растаған мұғалімдерге қосымша ақы:
      1) қаңтар мен тамыз айлары аралығында оқығандарға - ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап;
      2) қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында оқығандарға - келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі.
      2016 жылғы 1 қаңтарына дейін квалификациялық емтихан тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімінің аяқталуына дейін есептеу жасалады.
      Ескерту. 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      41. Барлық үлгідегі және барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың 1-4-сынып мұғалімдеріне оқу жүктемесінің көлеміне қарамастан қосымша ақы беріледі.
      42. Сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы барлық үлгідегі мектеп-интернаттарда қатынап оқитын оқушылардан топтастырылған сыныптарда белгіленеді.
      43. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      44. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.02.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      45. Қосымшаақы мен үстемеақының барлық түрлері ғылыми дәрежесі үшін, түнгі уақыттағы, мерекелік және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін, сабақтан тыс жұмыстары үшін, радияциялық қауіпті аумақтарда және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны, біліктілік деңгейі үшін төленетін қосымшаақыны қоспағанда, сонымен қатар лауазымдық жалақысынан (лауазымдық қызметақыдан) жүргізіледі.
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.08.2013 № 313 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз).

  7. Балалар демалыс лагерлерінің қызметкерлеріне


жалақы белгілеудің тәртібі

      46. Мектептердің, мектеп-интернаттардың және қосымша білім беру ұйымдарының жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарына тұспа-тұс келмейтін кезеңде лагерлерге жіберілетін мұғалімдерінің, тәрбиешілерінің, аға вожатыйларының, қосымша білім беретін педагогтарының, жаттықтырушы-оқытушыларының және басқа да педагог қызметкерлерінің жалақылары толық сақталады.


      Сонымен қоса, бұл қызметкерлерге сауықтыру шараларын өткізу үшін бөлінген қаражат есебінен лагерлердегі лауазымдарына сәйкес немесе сағаттық ақы бойынша жалақы төленеді.
      Білім ұйымдары мекемелерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарына тұспа-тұс келмейтін кезеңде туристік саяхат өткізу үшін жіберілетін (оның ішінде жорықтарға, экспедицияларға, экскурсияларға) мұғалімдері мен басқа да қызметкерлеріне де осындай тәртіппен еңбекақы төленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет