Бюджет қаржысының 2013 жылдың 1 қыркүйегіне игерілуі туралы ақпарат



Дата26.06.2018
өлшемі43 Kb.
#44962
Бюджет қаржысының 2013 жылдың 1 қыркүйегіне игерілуі туралы ақпарат

Ұлан ауданының 2013 жылғы түзетілген бюджетінің кірісі 5143712,2 мың теңге, меншік кірісінің түсімі нақтыланған болжам бойынша 800662,0 мың теңге, бұл жалпы бюджеттік кірістің 16,9 пайызы, трансферттер мен субвенциялар 4165280,9 мың теңге және 2013 жылдың 1 қаңтарына есепті кезеңнің аяғына қалған бюджеттің бос қаржысы 35254,7 мың теңгені құрады.

2013 жылдың 1 қыркүйегіне аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 102,7 пайызға, оның ішінде меншік түсімдер 120,6 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспардағы 464387,7 мың теңгенің орнына 560228,9 мың теңгеге орындалды, 95841,2 мың теңге болжамнан артық түсті.

2013 жылдың 1 қыркүйегіне аудандық бюджеттің шығысы 3389544,9 мың теңгеге орындалды немесе есепті кезеңнің қаржыландыру жоспарынан 91,9 пайызын құрайды .

2013 жылдың 1 қыркүйегіне аудандық бюджеттің шотында 401727,4 мың теңге қалдық қалды, оның ішінде

- 95252,4 мың теңге жеке кірістердің асыра орындалуынан;

- қалған бюджеттік қаражаттардың бөлініп берілмеген бос қалдығы 793,0 мың теңге;

- жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу– 4931,2 мың теңге;

- қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер 202,7 мың теңге.

Барлығы бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерімен игерілмеген қаржы 300750,8 мың теңге, оның ішінде:

- республикалық нысаналы трансфертер сомасы 103275,8 мың теңге;

- облыстық нысаналы трансфертер сомасы 141181,5 мың теңге;

- жергілікті бюджеттен – 56293,5 мың теңге.

2013 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 2295580,9 мың теңге нақтыланған нысаналы трансферт жоспарланды, оның ішінде:

- республикалық нысаналы трансфертер сомасы 1105539,0 мың теңге;

- облыстық нысаналы трансфертер сомасы 1190221,9 мың теңге.

Барлық есепті кезеңге нысаналы трансфертер сомасы 1786934,3 мың теңге, орындалғаны 1542476,9 мың теңге немесе 86,3 пайыз. Игерілмеген сома 244457,4 мың теңге , оның ішінде:

- 43918,3 мың теңге мәдениет нысанының дамытуда жұмыстың орындалғаны туралы актісінің болмағандығына.

-61240,7 мың теңге білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға, оның ішінде:

- 5026,0,0 мың теңге қосымша білім беру мекемелерін орналастыру үшін Касым Кайсенов кентіндегі мектеп ғимаратын қайта жаңартуды бітіріп пайдалануға беру туралы актінің болмауынан игерілмеді;

- 1445,3 мың теңге ауылдарда төрт мектептің құрылысына бөлінген қаражат актінің болмауынан игерілмеді;

-54769,4 мың теңге Ұлан ауданындағы Тайынты ауландағы «Төменгі Тайынты » демалыс базасын балалар лагері етіп қайта жаңартуға бөінген қаржы конкурсты жеңіп алған мердігерлермен сот процессі жүруіне байланысты.

-8737,0 мың теңге төрт мектепте қайта жаңғыртуға бөлінген қаржы мәслихат шешімімен қайта бөлінді;

-24611,0 мың теңге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және сатып алуға жұмыстың орындалғаны туралы актісінің болмағандығына;

- 39599,0 мың теңге мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының жұмыстың орындалғаны туралы актісінің болмағандығына;

-35034,7 мың теңге «Жол картасы» бағдарламасы, оның 19060,0 мың теңгесі республикадан тамыз айына жылжытуына байланысты, 15974,7 мың теңгесі жұмыстың орындалғаны туралы актісінің болмағандығына;

-9522,0 мың теңге инженерлік-транспорт инфрақұрылымның нысанының жөндеуіне, республикалық бюджеттің түзетуіне байланысты;

- 4337,1 мың теңге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы, жұмыстың орындалғаны туралы актісінің болмағандығына;

-209,5 мың теңге мектеп мұғалімдерінің біліктілік санаты үшін және мектепке дейінгі білімнің ұйымының тәрбиешілеріне аумақты үстемақы өлшеміне, қазнашылық басқармасы қайтарды;

-6830,3 мың теңге ара аусылға қарсы вакцинаның болмауынан;

-1932,3 мың теңге дер кезінде интернетке қамбаларда ұйым тізбелерінің жарияланбауынан және ғимаратты жалға алудан үнемделді;

-39,6 мың теңге жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға санының азайуына байланысты үнемделді;

-8194,0 мың теңге негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға конкурстын орындалмауына байланысты;

-251,9 мың теңге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, қазнашылық басқармасы қайтарды.

Күрделі шығындар және инвестициялық жобалар бойынша орындалуы 1161158,3 мың теңге немесе 84,7 пайызға.

Экономика және қаржы



бөлімінің басшысы Р. Манапов
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет