Бюджет қаржысының 2013 жылдың 1 шілдесіне игерілуі туралы ақпарат
Ұлан ауданының 2013 жылғы нақтыланған бюджетінің кірісі 4688959,4 мың теңге, меншік кірісінің түсімі нақтыланған болжам бойынша 793596,0 мың теңге, бұл жалпы бюджеттік кірістің 16,9 пайызы, трансферттер мен субвенциялар 3837933,4 мың теңге және 2013 жылдың 1 қаңтарына есепті кезеңнің аяғына қалған бюджеттің бос қаржысы 35254,7 мың теңге.
2013 жылдың 1 шілдесіне аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,9 пайызға, оның ішінде меншік түсімдер 105,9 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспардағы 391687,0 мың теңгенің орнына 414921,4 мың теңгеге орындалды, 23234,4 мың теңге болжамнан артық түсті.
2013 жылдың 1 шілдесіне аудандық бюджеттің шығысы 2916211,2 мың теңгеге орындалды немесе есепті кезеңнің қаржыландыру жоспарынан 99,0 пайызын құрайды .
2013 жылдың 1 шілдесіне аудандық бюджеттің шотында 57606,7 мың теңге қалдық қалды, оның ішінде
- 23234,4 мың теңге жеке кірістердің асыра орындалуынан;
- қалған бюджеттік қаражаттардың бөлініп берілмеген бос қалдығы 793,0 мың теңге;
- жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу– 4057,7 мың теңге;
- қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер 202,7 мың теңге.
Барлығы бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерімен игерілмеген қаржы 29318,5 мың теңге, оның ішінде:
- республикалық нысаналы трансфертер сомасы 8749,0 мың теңге;
- облыстық нысаналы трансфертер сомасы 13840,0 мың теңге;
- жергілікті бюджеттен -6729,5 мың теңге.
2013 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 2251531,5 мың теңге нақтыланған нысаналы трансферт жоспарланды, оның ішінде:
- республикалық нысаналы трансфертер сомасы 1097054,0 мың теңге;
- облыстық нысаналы трансфертер сомасы 1154477,5 мың теңге.
Барлық есепті кезеңге нысаналы трансфертер сомасы 1376837,0 мың теңге, орындалғаны 1353703,3 мың теңге немесе 98,3 пайыз. Игерілмеген сома 23133,0 мың теңге, оның ішінде:
- 5208,0 мың теңге мәдениет нысанының дамытуда жұмыстың орындалғаны туралы актісінің болмағандығына;
- 5294,0 мың теңге қосымша білім беру мекемелерін орналастыру үшін Касым Кайсенов кентіндегі мектеп ғимаратын қайта жаңартуды бітіріп пайдалануға беру туралы актінің болмауынан, 3338,0 мың теңге Жаңа Қанай, Ізғұтты Айттықов, Приволный ауылдарында мектептің құрылысына бөлінген қаражат игерілмеді;
-3571,0 мың теңге ара аусылға қарсы вакцинаның болмауынан;
-1423,0 мың теңге дер кезінде интернетке қамбаларда ұйым тізбелерінің жарияланбауынан;
-193,0 мың теңге әке-шешенің қамқорлығынсыз қалған жетімнің (бала-шағалардың-жетімдердің) қамқорларының санының азайуына байланысты үнемделді;
-223,0 мың теңге қазнашылық бөлімі қайтарды.
Күрделі шығындар және инвестициялық жобалар бойынша орындалуы 1103522,4 мың теңге немесе 98,8 пайызға.
Достарыңызбен бөлісу: |