А. Ашетаева, А.С. Пушкин атындағы
ШҚ облыстық кітапханасының кітапханашысы
Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады
(І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары)
Армысыздар, құрметті қонақтар! Биыл, біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры, халықтың біртуар ұлы Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығы. Міне, сондықтан да сіздерге І. Айтықов туралы кітапхана ресурстарын ұсынғым келіп отыр.
Иә,Шығыс Қазақстан өлкесіндегі Ұлан ауданының тарихи сыры тереңде жатыр. Ұлан тарихқа бай өңір. Оның сыры мен жыры әрбір адамды қызықтырады. Міне, осындай ғажайып өлкенің Тарғын кентінің жанындағы Ұранхай өзенінің бойындағы шағын ауылында 1922 жылы 20 қаңтарда Ізғұтты Айтықов дүниеге келген. Үлкендердің айтуы бойынша, сол түні қар жауып, жер аппақ көрпеге оранғандай болып тұрыпты. Дүниеге алғашқы немересі келіп, қуанышы қойнына симай тұрған Айттық ақсақал таңертең тұра терезеден далаға көз салса, ақ қарға бір ғана із түскенін көреді. «Немересінің ізі құтты болсын, атын Ізғұтты қоямын», - деп бірден шешімге келеді.
Ізғұтты Айтықовтың өмір жолын зерттеуде, оның ерлігін бүкіл әлемге паш ету мақсатында жазушыларымыздың еңбектері үлкер роль атқарады. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай (кітаптарды көрсету) осы кітаптарда оның өмірбаяны берілген. Сонымен қатар 1970 жылдың 19 наурызы мен 1988 жылдың 13 ақпанындағы «Өркен» газетінде, 1976 жылдың 2 сәуіріндегі «Комсомол туы» газетінде де оның өмірбаяны баяндалады.
Тарғын орта мектебінің түлегі, мүсінші Талаптан Иманбаев сыйлаған Батыр бюсті – Ізғұттының осы мектептің өлмес, ұмтылмас оқушысы екенінің куәсі ретінде төрге орнатылған.
Мектепте дәстүрге арналған қасиетті мереке – Батыр күнін атап өту сол күні табыс етілетін Батыр партасын жеңіп алу. Батыр партасына отыру дәстүрлі 1966 жылдан қалыптасқан, қабылданған ереже бойынша ол партаға барлық жағынан алда болған сынып ие болып, оған тек үздік оқушылар ғана отыра алады.
Батырдың өмірбаянына арналған фото-альбомда оның суреттері топтастырылған.
1941 жылы 22-маусымда неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, соғыс ашқаны баршаға мәлім. Ер азамат топ-тобымен елін, жерін қорғауға майданға аттанды. Ізқұтты да екінші курстан соғысқа аттанды. Елтай Елғонның «Наймандар», «Жаһандық соғыстың ерлері», «Жеңіс жолында от кешкендер», орыс тіліндегі «От Алтая до Алаколя» деп аталатын еңбектерінің барлығы І. Айтықовқа арналып, оның өмірлік жолы мен ерлігін «Жұлдызыңа сен» повестьіне біріктірген.
Достарыңызбен бөлісу: |