PISA деген не? PISA (Programme for International Student Assessment) – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын, білім алушылардың оқу үлгерімін (қалыптасқан білімі мен дағдыларын) бағалайтын халықаралық салыстырмалы зерттеу. Тестілеу 2000 жылдан бастап үш жыл сайын өткізіліп отырады.
PISA зерттеуінің басты мақсаты не? Бұл зерттеу орта білім алған білім алушылардың сол білімін күнделікті өмірде қолдана алу қабілетін, яғни қоғамда толыққанды өмір сүруге қажет қабілеттерін тексеруге бағытталған. Объективті түрде өтетіндіктен, тестілеу нәтижесі қатысушы елдерге өз білім беру жүйесіне қандай өзгеріс енгізу қажет екені туралы қорытынды шығаруға көмектеседі.