Білім алушылар үшін
|
Педагогтер үшін
|
Білім беру мекемесі әкімшілігі үшін
|
Сауалнама мақсаты
|
Анкеталық сауалнама жүргізу білім беру мекемесінің әкімшілігіне, жергілікті билік органдарына, саясат қалыптастыруға жауапты ведомстволарға, сондай-ақ жалпы қоғамдастыққа оқу ғимараты мен аумағын тиімді пайдалану және оның базасында ХХІ ғасырдағы оқу-педагогикалық қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері жайлы құнды ақпарат алуға жол ашады.
|
Бұл сауалнамада не жазылады?
|
Білім беру мекемесі туралы жалпы мәлімет, сонымен қоса оқу ғимаратын бөлу және техникалық құралдарды пайдалану жайлы ақпарат.
|
Мазмұны
|
1-БӨЛІМ:
Сіз туралы ақпарат
|
1-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесі туралы ақпарат
|
1-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесінің құрылымы және ұйымдастырылуы
|
|
2-БӨЛІМ:
Сіз пайдаланатын оқу ғимараты мен аумақ
|
2-БӨЛІМ:
Сіз туралы ақпарат
|
2-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесіндегі материалдық-техникалық жағдай
|
|
3-БӨЛІМ:
Жайлылық
|
3-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесінің басшылығы туралы ақпарат
|
3-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдар
|
|
4-БӨЛІМ:
Кеңістікті ұйымдастыру
|
4-БӨЛІМ:
Сіз пайдаланатын оқу ғимараты
|
4-БӨЛІМ:
Жалпы көңіл толушылық деңгейі
|
|
5-БӨЛІМ:
Психикалық-физикалық қауіпсіздік және игілік
|
5-БӨЛІМ:
Жайлылық
|
|
|
6-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдарды пайдалану
|
6-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдарды пайдалану
|
|
|
7-БӨЛІМ:
Жалпы көңіл толушылық деңгейі
|
7-БӨЛІМ:
Психикалық және физикалық қауіпсіздік және игілік
|
|
|
|
8-БӨЛІМ:
Білім беру мекемесіндегі техникалық құралдарды пайдалану
|
|
|
|
9-БӨЛІМ:
Жалпы көңіл толу деңгейі
|
|
Сұрақ саны
|
29
|
39
|
18
|
Анкетаны толтыру уақыты
|
15 минут
|
20 минут
|
10 минут
|
Тұрақты түрде осындай сауалнама жүргізу арқылы білім беру мекемелері физикалық оқу ортасын пайдалану динамикасын бақылап отыра алады. Білім беру ғимараттарын жаңғыртуға бағытталған инвестицияның тиімділігін бағалау үшін де осындай әдіске негізделген сауалнаманы жүргізуге болады. Сауалнамалар білім беру мекемесі үшін ғана емес, жергілікті билік органдары, саясат қалыптастыруға жауапты ведомстволар, сондай-ақ жалпы жұртшылық үшін де пайдалы, өйткені сауалнама оларды оқу ғимараты мен аумағын тиімді пайдалану және оның базасында ХХІ ғасырдағы оқу-педагогикалық қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері жайлы құнды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тағы бір айта кетерлік жайт, анкета әдетте негізгі жағдай (электрмен жабдықтау, санитарлық жағдай, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлгі ортаның қолжетімділігі, интернетке қосылу және оқуға керекті компьютерлердің болуы) туралы үш сұрақтан тұрады.
Сауалнама ғимарат пен аумақты пайдалану, объектілерді, жиһазды, техникалық құралдарды кеңістікте орналастырудың әртүрлі схемасы жайлы деректерді, сондай-ақ ғимарат қолданушыларының температураны, ауа сапасын, шуды және қауіпсіздікті қалай бағалайтыны жөніндегі ақпаратты жинауға мүмкіндік береді.
Әрбір анкета респондентке сұрақты түсіну және оған жауап беру жеңіл болатындай етіп құрылымдалған. Сұрақтардың көбі балл жүзіндегі шкала бойынша бағалауды талап етеді, бірақ бірнеше ашық сұрақ та бар. Деректердің сапасы мен респонденттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптар анонимді түрде болуы керек, яғни респонденттердің жеке ақпараттары жарияланбауы керек.
Білім беру мекемесіндегі анкеталық сауалнамалар білім алушылардың оқудағы жетістігін бағалау құралы болып та, педагогтер жұмысын бағалау құралы болып та саналмайды.
Білім ортасын қалыптастырудың инновациялық жолдары жөніндегі соңғы зерттеу деректері білім беру мекемесін жаңғырту мен қайта жобалаудың білім алушылар үлгеріміне оң әсер ететінін көрсетеді. Деректерге сүйенсек, дұрыс жобаланған, қондырма техникамен жабдықталған ғимараттар оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің қолда бар мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға жол ашады.
PISA 2021 (PISA 2022)
PISA 2021 когнитивті құралының дизайны үшін ұсынылатын өзгерістер 2021 жылы көпдеңгейлі тестілеуді (MST, multi stage testing) оқу сауаттылығы бойынша да, математикалық сауаттылық бойынша да (ал 2024 жылы барлық үш негізгі бағытта да) қолдануға ерекше назар аударады.
Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмаларының басты ерекшелігі көпдеңгейлі тестілеу (MST) болмақ, оның дизайны 2018 жылғы оқу сауаттылығы бағытының дизайнымен ұқсас келеді.
Оқу сауаттылығы бойынша MST 2018 жобасы қайта қолданылады, тек ондағы тапсырмалар жинағы 25%-ға азаяды.
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылыққа келсек, 2018 жылғы бейадаптивті формалар өзгеріссіз күйінде қайта пайдаланылады. «Креативті ойлау» бағыты бойынша тест тапсым атты инновациялық бағытта құралдар бейімдеуге келмейді және олар жаңа элементтерге негізделеді.
Қатысушылардың басым бөлігі PISA 2021 тестілерін компьютерлік сауалнама түрінде өтетін болғанымен, кейбіреулері қағаз форматты пайдалануды жалғастыра береді. Олардың жағдайында қағаз форматтағы тест тапсырмаларының қолда бар қоры пайдаланылады. Онда компьютерлік форматта қолданылатын инновациялық бағыттар мен тапсырмалардың интерактивті функциялары болмайды.
Когнитивті бөлімі
|
Қосымша сауалнама
|
|
Оқу сауаттылығы,
Математикалық сауаттылық,
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық
Креативті ойлау
|
Қаржылық
сауаттылық
|
Білім беру мекемесінің әкімшілігі сауалнамасы
|
Тест тапсырушы сауалнамасы
|
Педагог сауалнамасы
(қосымша)
|
Қосымша сауалнама
|
Ата-ана сауалнамасы
(қосымша)
|
Апробация мақсаттарына мыналар жатады:
2021 жылғы PISA (компьютерлік және қағаз формат) циклі үшін пән параметрлерінің алдыңғы циклдармен салыстырғанда өзгермейтінін бағалау;
Бекітілген тәртіпте адаптивті тестілеу кезіндегі тапсырмалар сипаттамасының өзгермелі тәртіппен салыстырғанда өзгермейтінін бағалау;
Адаптивті дизайнды енгізу үшін математика мен креативті ойлау бағыттары бойынша жаңа тапсырмалардың параметрлері мен сапасын бағалау;
Компьютерлік платформаның жалпы және қатысушылар арасында қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін бағалау.
*PISA 2021 зерттеуінде компьютерлік форматтағы қосымша бағыт ретінде қаржылық сауаттылықты бағалау қайта ұсынылады. Бұл жолы жаңартылған концепцияда ұсынылады. Когнитивті құралдар тенденция элементтерін, сондай-ақ арнайы PISA 2021 үшін әзірленген жаңа интерактивті элементтердің жинағын қамтиды. ЭЫДҰ хатшылығының сұранысы бойынша, қаржылық сауаттылық үш негізгі бағыт бойынша тапсырмалар жиынтығын орындаған, PISA критерийлеріне жауап беретін білім алушылардың белгілі бір тобына қолданылады.
PISA зерттеуі тестілеуге қатысатын білім алушылар мен олардың үлгерімін бағалаудың, оқу орны жайлы ақпарат жинаудың маңызын әрқашан баса көрсетіп келеді. Ол контекстілі ауыспалылардың ауқымды спектрін қамтитын, білім алушылар мен білім беру мекемелеріне арналған анкета көмегімен жүзеге асты. Бұл анкеталардың мазмұны әр цикл сайын айтарлықтай өзгеріп отырғанымен, оны толтыру тәртібі сол күйі қалды: әр білім алушы анкетаны өзі үшін, ал оқу орны әкімшісі мекеме үшін толтырады.
PISA зерттеуі анкеталық сауалнаманың бірнеше халықаралық нұсқасын да қамтиды, бағдарлама қатысушылары оны басшылық үшін таңдауына болады. PISA 2021 тестілеуге қатысатындарға арнап ақпараттық-коммуникациялық технологиямен танысуға арналған анкета, әлеуметтік-экономикалық статус анкетасы, жаһандық құзыреттілік анкетасы және қаржылық сауаттылық анкетасы (осы қосымша модульдің қатысушылары үшін) секілді қосымша анкеталарды ұсынады. Бұдан бөлек, PISA 2021 зерттеуі педагогтер мен ата-аналарға арналған анкетаны да ұсынады.
Білім алушы мен оқу орнына арналған анкета қағаз форматта да, компьютерлік форматта да қолжетімді болады әрі анкеталар режимі қатысушының PISA 2021 зерттеуін басқару үшін таңдаған режимімен сәйкес келеді.
Білім алушыларға арналған қосымша анкеталар бекітілген және ол компьютерлік форматта қолжетімді. Негізгі анкетаны толтырып шыққан соң мынадай анкеталар жіберіледі:
І. Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен танысуға арналған компьютерлік форматтағы анкета (шамамен 10 минут);
II. Компьютерлік форматтағы әлеуметтік-экономикалық статус анкетасы (шамамен 10 минут);
ІІІ. Компьютерлік форматтағы жаһандық құзыреттілік анкетасы (шамамен 10 минут).
Апробацияның тест түріндегі сессиясы (120 минут)
Компьютерлік формат, когнитивті тест
Білім алушыларға арналған анкета
Компьютерлік форматтағы сұрақтар
Білім алушыларға арналған анкета (≈35 минут)
Жалпы элементтер (≈5 минут), оның ішінде жыныс, жас, сынып, білім беру бағдарламасы, иммиграциялық фон.
Ішінара бүркемеленетін блоктар (әрқайсысы ≈30 минут), оны оқушылар кездейсоқ түрде өздері бекітеді.
Қосымша: ақпараттық-коммуникациялық технологиямен танысу анкетасы (≈15 минут)
Қосымша: жаһандық құзыреттілік анкетасы (≈10 минут)
Қосымша: әлеуметтік-экономикалық статус анкетасы (≈10 минут)
Қосымша: қаржылық сауаттылық анкетасы (≈15 минут)
Білім беру мекемелеріне арналған анкета (≈60 минут)
Компьютерлік форматтағы сұрақтар
Бір форма (≈45 минут)
Қосымша: педагогтерге арналған анкета (≈60 минут)
Компьютерлік форматтағы сұрақтар
Барлық педагогтерге арналған сұрақтарды тек жалпы пәндер немесе математика педагогтеріне бағдарлау мүмкіндігі бар.
Педагогтерге арналған негізгі анкета (≈40 минут)
Барлық педагог өздеріне арналған әлеуметтік-экономикалық модульге ие болады (≈20 минут)
Қосымша: ата-анаға арналған анкета (≈35 минут)
Қағаз формат
Дереккөз:
Joseph M. Piro (2019). The primacy of PISA: How the world’s most important test is changing education globally.
Білім ортасының сапасын арттыру жолында күш біріктіру. «Ортақ күштің көмегімен оқу ортасының сапасын жақсарту мақсатындағы анкеталық сауалнамалар» атты ЭЫДҰ әдістері (2018) www.oecd.org/edu/educationtoday
http://www.oecd.org/pisa/pisaproducts/PISA-2022-Integrated-Design.pdf
Жаңартылған білім беру мазмұнының а
Достарыңызбен бөлісу: |