PISA тестілеуінің үш басым бағыты бірдей маңызды ма?
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш бағыттың біреуіне ерекше көңіл бөлінеді, яғни тесттің үштен екі бөлігі сол бөлімге арналады. Мысалы, 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты – оқу сауаттылығы, 2003 жылы – математикалық сауаттылық, 2006 жылы жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық болды. Мұндай шара зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және сол жылдардағы осы бағыттағы жетістіктерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды генерациялау жүйесінің басқа екі бағыттан ерекшелегі неде?
Оқу сауаттылығын тексеру бөлімінде көп сатылы бейімдеу тәсілі қолданылады, яғни әрбір келесі блок тапсырмаларының күрделілігі білім алушының алдыңғы блоктарда көрсеткен нәтижелеріне байланысты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |