Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметінің кешенді жүйесін жетілдіру;
Әлеуметтік қызметтердің бірыңғай нормативтік құқықтық базасы мен стандарттарын пысықтау;
Жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкерлерді даярлау стандарттарын әзірлеу және әлеуметтік қызмет мамандарын кешенді оқыту (әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау);
Қазақсан Республикасында әлеуметтік жұмыс институтын қалыптастыру жағдайын бағалау және проблемаларын анықтау жөніндегі халықаралық ұйымдарды қолдау бойынша мемлекеттік жоба;
«Әлеуметтік жұмыс туралы» заң жобасын әзірлеу;
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қорыту үшін пилоттық жобалар тәжірибесін бағалау және зерделеу;
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі жұмысты үйлестіруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыруға тиіс.