Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Тұтастай алғанда, жүргізілген зерттеу мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді



бет29/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109
Тұтастай алғанда, жүргізілген зерттеу мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1. Қазақстанда 1999 жылдан бастап бастауыш білім мониторингі жүйесі жасалған, ол «сауаттылық», «математика» және «өмір сүру машықтары» деген ұғымдар білім берудің қазіргі заманғы талаптарына сай неғұрлым кең мағынада айқындалған халықаралық тестілеу әдістемесін пайдалана отырып, оқыту нәтижелерін қадағалайды. Осы жобаның шеңберінде индикаторлар жүйесі әзірленді, ол тек балалардың біліміндегі жетістіктерді қадағалауға ғана емес, сонымен қатар осы жетістіктерге әсер ететін факторларды талдауға мүмкіндік береді.

2. 2005 жылы оқытудағы жетістіктерді мониторингілеудің екінші зерттеуі жүргізілді, оның шеңберінде Қазақстанның алты өңірінің 7 қаласы мен 32 ауылының 57 мектебі зерделенді. 57 директорға, 75 мұғалім, 4-сыныптың 1582 оқушысы мен олардың 1514 ата-анасына сұрау салынды. Сондай-ақ Ақмола мен Алматы облыстарындағы негізгі және аға буын оқушыларымен 6 фокус-топтық пікірталас жүргізілді.

3. 2005 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша тұтастай алғанда, қазіргі бастауыш білім беру жүйесі балаларға мектеп бағдарламасына сәйкес келетін қажетті білім жиынтығын береді деп айтуға болады. Төртінші сынып оқушыларына өмір сүру машықтарын оқытудағы жетістіктер 70,5%-ды (яғни 75% оқушы тест есептерін шешті), сауаттылық бойынша - 68,2%-ды, математика бойынша -63,9%-ды құрады.

4. Өмір сүру машықтары бойынша тест басқа екі тестке қарағанда, жақсы орындалды. 1999 жылы осы тест бойынша өте төмен нәтижелер алынған болатын, ал осы жылы жоғары нәтижелер алынды. Тұтастай алғанда, оқушылар жалпыадамзаттық қарым-қатынастар мен жеке қауіпсіздік мәселелерін жеткілікті дәрежеде түсінеді (әлеуметтендіру блогы – 80%). Алайда, табиғат құбылыстары мен тұрған жерінде бағдарлай алуы жеткілікті дәрежеде емес. (62,9%).





Өмір сүру машықтары 70,5

Әлеуметтендіру

80,0

Салауатты өмір салты

70,7

Аурулардың алдын алу және олардың белгілері

70,2

Тұрмыстық машықтар мен құралдардың қолданылуы

68,7

Табиғат құбылыстарын түсінуі мен тұрған жерінде бағдарлай алуы

62,9

Орташа тест көрсеткішімен салыстырғанда, 2005 жылы Өмір сүру машықтары тестінің барлық блоктары бойынша нәтижелер, әсіресе әлеуметтік машықтар бойынша (13,8 баллға), денсаулық және гигиена мәселелерін білу бойынша (5,6 баллға) жақсарды.

5. Сауаттылық жөніндегі нәтижелерді талдау оқушылардың академиялық білімдерінің жақсы екенін (сауаттылық блогы - 72 %) көрсетті, алайда сын тұрғысында ойлау мен шығармашылық көзқарасты қолдануды қажет ететін тапсырмалар мектеп оқушыларын қиналтты. Сөздік блогы бойынша неғұрлым төмен көрсеткіштер алынды, 4-сынып оқушыларының 66 %-ының ғана тілдерін байыту мүмкіндігіне ие болу үшін тезаурусы барынша кең.





Сауаттылық

68,2


Грамматика

72,0

Жазу және ойын жеткізе білу

67,7

Мәтінді оқу және түсіну

66,9

Сөздік

66,3

1999 және 2005 жылғы орташа тест көрсеткіштерінің нәтижелерін салыстыру осы жылы жазу емлесі мен синтаксис бойынша нәтижелердің (6,2 баллға) жақсарғанын, ал сауаттылық тестінің басқа блоктары бойынша нәтижелердің аз да болса, төмендегенін көрсетті.
6. Математика бойынша тестілеу нәтижелері оқушылардың қосу, азайту, бөлу және көбейту мысалдары түрінде сандармен оперция жасау қабілеттерінің өте жақсы екенін көрсетті, оқушылардың 90 %-ға жуығы арифметика және математика тілі блогын өте жақсы меңгергендігін көрсетті. Алайда, математиканы оқытудағы неғұрлым проблемалық жағы есептерді шешу болып табылады. Оқушылардың 44%-ы ғана осы блокты еңсере алмады. Сондай-ақ бір өлшем бірліктерінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру қиындық туғызды, тек 57% оқушы осы блоктың сұрақтарына дұрыс жауап бере алды.




Математика бойынша тест 63,9

Арифметика мен математика тілі

89,5

Логика мен заңдылықтарды іздестіру

64,9

Өлшемдер мен геометрия

57,3

Практикалық есептерді шешу

43,9

1999 жыылмен салыстырғанда, төртінші сынып оқушыларының академиялық білімдері жақсарды. Осылайша, орташа тест көрсеткіштері бойынша салыстырғанда, арифметика мен математика тілі блогы бойынша нәтижелер 13 баллға артты. Алайда, оқушылардың практикалық есептерді шешу (14 баллға), өлшеу және геометрия (8,3 баллға) жөніндегі нәтижелері төмендеп кеткен.

7. 1999 жылы әр түрлі тілдерде оқитын оқушылар топтары арасында тестілерді орындауда неғұрлым мәнді айырмашылық байқалды (қазақ/орыс тілдерінде оқитын – айырмашылығы 9 балл). 2005 жылы төртінші сыныптағылардың тұрғылықты жеріне байланысты айырмашылық байқалды (қала/ауыл – 12,5 балл). Қандай да бір дәрежеде бұл зерттеу үшін биылғы жылы 1999 жылға қарағанда, қаладан неғұрлым шалғай мектептердің (қаладан 100 км қашықтықта) таңдалғанына байланысты.

Орыс тілінде оқитын сыныптардың оқушылары ұлттық тілде оқитын сыныптарға қарағанда, тестінің барлық блоктары бойынша тапсырмаларды өте жақсы орындап шықты. 1999 жылғы нәтижелерге қарағанда, 2005 жылы осы топтардағы тестілерді орындаудағы айымашылық 30 %-ға ұлғайған.

Қалалық оқушылар ауылдық оқушыларға қарағанда, жоғары білім деңгейін көрсетті, оқушылардың осы екі тобы арасындағы айырмашылық 1999 жылмен салыстырғанда, екі есе артты.



Балалардың жеке қауіпсіздік мәселелерінде бағыт-бағдар табу, өз білімдерін есептерді шешуде қолдана білу және сыни тұрғыда ойлау қабілетінің дәрежесін көрсететін тест блоктары бойынша ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушылардың білімдері арасында әжептәуір алшақтық байқалады.







Қала

Ауыл

Орыс

Қазақ

Ер бала

Қыз бала

Орташа балл


Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет