ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«Бекітемін»
Мектеп директорының
міндетін атқарушы:
« __ »_____________
Байтасова Ұ.Б.
№34 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ
2010 – 2011 оқу жылына арналған
оқу-тӘрбие жұмысының жоспары
Астана 2010
№34 орта мектебінің 2008-2009 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы
Жалпы мәлімет.
№34 орта мектеп «Өндіріс» кентінің аумағында шет аймақта орналасқан. Ашылған уақыты 2002 жылдың қыркүйек айы. Мектепте 42 жоғары білімді, 8 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. 2008-2009 оқу жылын 35 сынып комплектісі, (оның ішінде біреуі- мектепалды сыныбы) 740 оқушымен бастады. Сыныптар толықтылығы – 21,8. Оқушылар санының күрт өсуіне байланысты мектебіміздің бастауыш буынынында 3 ауысымда 6 күндік жұмыс кестесімен жұмыс ұйымдастырылды. Өткен оқу жылымен слыстырғанда 2008-2009 оқу жылында оқушылар саны 128 оқушыға артып отыр. Жыл бойы мектебімізге 45 оқушы сырттан келіп, 72 оқушы басқа мектептерге орын ауыстырды. Оқу жылын 713 оқушы , 51% сапа көрсеткішімен аяқтадық.
Мектептің материалдық техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда.Мектепте 1 спорт зал(140 м2), акты залы (70 орындық),
1 кітапхана 8500 дана оқулықпен, 900 дана әдеби кітаптармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны -14, асхана 60 орындық көлемінде, 1 медициналық қызмет кабинеті, 2 мультимедия кабинеті, 2 информатика кабинеті , 1химия, 1физика кабинеттері бар.
Оқу үрдісінің қорытындысы.
1-4 сыныптар бойынша жыл басында 297 оқушы болды, оқу жылын 280 оқушы аяқтады. Олардың 63-сы оқу озаты, 90 – екпінділер. Бастауыш мектеп бойынша білім сапасы – 54,6%. 2007-2008 оқу жылымен салыстырғанда оқу озаты - 7 оқушыға артса, екпінділер саны– 5 оқушыға кеміп отыр, әйтсе де білім сапасы – 0.9 % көтерілген.
5-9 сыныптар бойынша жыл басында 405 оқушы болды, оқу жылы соңында 397 оқушы қалды. Солардың ішінде 41 оқушы
оқу озаты, 148 оқушы – екпінді, білім сапасы - 47,6 %. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқу озаты 14 оқушыға артқан, ал екпінділердің саны 34 оқушыға көбейіп, білім сапасы - 12,9 % -ға жоғарылаған.
10-11 сыныптарда - жыл басында 38 оқушы болса, оқу жылын 36 оқушы аяқтап отыр. Білім сапасы – 51 %, өткен жылмен салыстырғанда 21,1 %- ға артып, жоғары сынып оқушылары үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Оқушылардың білім деңгейінің жоғарылауына оқу - тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылуы мен мектепішілік бақылаудың жүйелі жүруі және білікті мамандардың тұрақтануы оң әсерін тигізді. Сондықтан жаңа оқу жылында да пән мұғалімдері оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту және тиянақтау жолындағы жемісті жұмыстарын жалғастыруды дәстүрге айналдыру қажет
Жалпы мектеп бойынша 107 оқу үздігі, 257 оқу екпіндісі аяқтап, 51 % білім сапасын көрсетіп отыр, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 8,7 %- ға артық нәтиже .
1-кесте. Мектеп сыныптарының кейінгі үш оқу жылдарындағы
оқушылар санының өзгеруінің және сыныптардың оқушылармен жинақталуының салыстырма кестесі
Оқу жылдары
|
Оқушылардың саны
|
қыздар
|
ұлдар
|
Барлық сынып саны
|
Бір сыныптағы оқушылардың орташа саны
|
2007-2008
|
712
|
296
|
416
|
34
|
21
|
2008-2009
|
740
|
335
|
405
|
35
|
20
|
2009-2010
|
|
|
|
|
|
2-кесте. Мектеп оқу үздіктерінің, екпінділерінің және “Алтын белгі” мен үздік аттестат
иегерлерінің санының кейінгі екі жылдың салыстырмалы кестесі
Оқу жылдары
|
Оқу үздіктері
2-11 сыныптар
бойынша
|
Екпінділер
2-11 сыныптар
бойынша
|
Үздік куәлік иегерлері, негізгі мектеп бойынша
|
«Алтын белгі» иегерлері
|
2007-2008
|
85
|
217
|
|
-
|
2008-2009
|
107
|
257
|
|
-
|
2009-2010
|
|
|
|
|
Эксперимент нәтижесі туралы жалпы мәлімет.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың сәуірдің 2-нен №273 2007 жылдың ақпанның 15-нен №56 бұйрығы бойынша орта мектептерде шет тілін 2-сыныптан бастап эсперименттік оқытуды жалғастыру және ұйымдастыру, орта мектептердің бастауыш сатысында шет тілін сапалы оқыту және 12 жылдық оқытуға көшуге дайындық мақсатында мектепте 2а,ә, 3а,ә,б, 4а,ә,б, 5а,ә сыныптары бойынша эксперимент жұмысы жалғастырылып отыр.
Эксперименттік сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдер тәжірбие алмасу мақсатында мектепішілік, қалалық семинарларға, курстарға қатысып, пікір алысуда.
Мектептегі оқушылардың жай-күйін бақылай отырып екі сыныпты салыстырсақ, алаңдатушылық туғызбайды
2А сыныбы бойынша тест қорытындысы 87% .
Ауызша-93 %, жазбаша -87%, оқуы-81%, аудир.-75%
2Ә сыныбы бойынша тест қорытындысы 72%.
Ауызша-94%, жазбаша -83%, оқуы-77%, аудир.-88%
2 А сыныбы (16 оқушы), мұғалімі Хусаинова Р.С. – жылдық бойынша сапа - 82%.
2 Ә сыныбы (18 оқушы), мұғалімі ХусаиноваР.С. - жылдық бойынша сапа - 88%
Жалпы 2-сынып оқушыларының сабаққа қатысуы, арнайы пәндерді оқуға қызығушылығы жоғары, материалды меңгеруі тиісті деңгейде.
Мемлекеттік аралық бақылау қорытындысы
4,9 сыныптарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жылғы 26.12.2008ж. №1510 бұйрығы және ББ-ның 05.01.09.ж. №15 бұйрығы негізінде МАБ (мемлекеттік аралық бақылау) 14 наурыз күні өтті. МАБ- ты ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес 4 сыныптар қазақ тілінен, 9 сыныптар орыс тілі, ағылшын, география пәндерінен аралық бақылау сынығын тапсырды.
4 сыныптар бойынша барлығы 65 оқушы бақылаудан өтіп, төмендегі көрсеткішке қол жеткізді . 4 сыныптар бойынша орташа балл: 16,7 %
4 а сыныбы – 16,2 %
4 ә сыныбы – 16,9 %
4 б сыныбы – 17 %
9 сыныптар бойынша 82 оқушы аралық бақылауға қатысып, төмендегі нәтижені көрсетті.
9а сыныбы - орташа балл - 59,5
9ә сыныбы - орташа балл - 64,7
9б сыныбы – орташа балл - 64,3
9в сыныбы - орташа балл - 79
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы
2008 -2009 оқу жылы
Жалпы оқушылар саны: 15, ҰБТ тапсырғандар саны: 11, Дәстүрлі емтихан тапсырғандар: 2, Емтиханнан босатылғаны: 2.
№
|
Пәннің аты
|
Барлығы
|
Бағалары
|
%
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
1
|
Қазақ тілі
|
11
|
4
|
6
|
1
|
91
|
2
|
Орыс тілі
|
11
|
3
|
5
|
3
|
72,7
|
3
|
Математика
|
11
|
-
|
1
|
10
|
9
|
4
|
Қазақстан тарихы
|
11
|
3
|
5
|
3
|
72,7
|
Барлығы:
|
44
|
10
|
17
|
17
|
61,4
|
5
6
7
8
|
Таңдау пәндері:
Қазақстан географиясы
Физика
Биология
Дүниежүзі тарихы
|
5
3
2
1
|
-
-
-
-
|
3
1
1
1
|
2
2
1
-
|
60
33,3
50
100
|
|
Барлығы : / таңдау пәндері бойынша/
|
11
|
-
|
6
|
5
|
54,5
|
|
Жалпы нәтиже:
|
55
|
10
|
23
|
22
|
60
|
Биылғы оқу жылында бітірушілер саны – 15 , оның ішінде 2 оқушы денсаулығына байланысты ББ-ның 25.05.09. №380 бұйрығына сәйкес және мектептің 26.05.09. № 180 бұйрығы негізінде емтиханнан босатылды.
Олар : Айтпанбетова Марал, Тәжмағанбетов Нұрсұлтан.
Дәстүрлі емтихан тапсыруға 2 оқушы тілек білдірді. Олар: Сасанов Мерей және Мусин Жанат.
Тестілеуге қатысқан барлық оқушы өз білім деңгейлерін көрсетті.
Ең жоғарғы балл - 90, Бектемірова Айжан
Ең төменгі балл - 43, Құмаров Нұржан
Жекелеген пәндер бойынша (ҰБТ) тестілеу сапасы төмендегідей:
1. Қазақ тілі -11 оқушы тапсырды, сапасы - 91 %, Мұстафина Д.О.
2. Қазақстан тарихы -11 оқушы , сапасы -72,7 %, Досмағанбетова Қ.Ж.
3. Орыс тілі -11 оқушы тапсырды, сапасы – 72,7%, Алдажарова Қ.А.
4. Математика -11 оқушы , сапасы – 9 %, Исаев Қ.Ж.
5. Таңдау пәндері:
Дүниежүзі тарихы 1 оқушы, 100 %, Досмағанбетова Қ.Ж
География - 5 оқушы, сапасы – 60 %, Кішібаева С.Б.
Биология - 2 оқушы, сапасы - 50 %, Күлбаева А.С.
Физика - 3 оқушы, сапасы - 33,3 %, Кенжеханова М.С.
Таңдау пәндерінің жалпы сапасы – 54,5 %
2008-2009 оқу жылында жалпы мектеп бойынша 70,4 % көрсеткішке қол жеткіздік.
Соңғы 3 жыл бойынша нәтиже төмендегідей:
-
2007
|
2008
|
2009
|
73,5%
|
77,14%
|
70,4%
|
Қорытынды:
Өткен оқу жылымен салыстырғанда 7,1 %-ға төмен нәтиже көрсетіп отырмыз. Салыстырмалы кестеге назар аударсақ:
р/с
|
Пән аттары
|
2007-2008 о/ж
|
2008-2009 о/ж
|
Айырмасы
|
1
|
Қазақ тілі
|
85,7 %
|
90,9 %
|
+5,2 %
|
2
|
Қазақстан тарихы
|
85,7 %
|
72,7 %
|
-13 %
|
3
|
Орыс тілі
|
71,4 %
|
72,7 %
|
+1,3 %
|
4
|
Математика
|
28,6%
|
9%
|
- 19 %
|
Таңдау пәндері
|
5
|
География
|
100 %
|
60 %
|
- 40 %
|
6
|
Дүниежүзі тарихы
|
-
|
100 %
|
-
|
7
|
Биология
|
-
|
50 %
|
-
|
8
|
Физика
|
-
|
33,3
|
-
|
Ұсыныс:
1. Сапа көрсеткіші өте жоғары пән мұғалімдері: химия пәні мұғалімі Фазылова Д.С,қазақ тілі мұғалімдері Садвакасов О.Ғ, Үктаева М.А, бастауыш сынып мұғалімдері Мусина Н.П, Тілеубекова Ж.Н, математика пәні мұғалімі Нұғманова А, және сапа көрсеткіші төмен көрсеткен пән мұғалімдері бастауыш сынып мұғалімдері Тезекбаева І, Хамзина Ә.А, сабақтары жыл бойы бақылауға алынсын.
2. Аталған пәндер бойынша оқушы білімінің сәйкестігін анықтау барысында әкімшілік тақырыптық тексерістер жүйелі жүргізіліп, негізгі пәндерден қиындылар алынып, салыстырмалы сараптамалар жасалсын.
3. Әр пәннен ай сайын бақылау, тест жұмыстары алынып, сараптама жасап отыру дәстүрге айналсын.
4. Осы ұсыныстардың орындалуын қадағалау ӘБ жетекшілеріне міндеттелсін.
Қорытынды сараптамалар оқу ісі орынбасарларының отырыстарында қаралсын.
6. 4, 9 сыныптардың сынып жетекшілері МАБ-қа дайындық жоспарын дайындап, нақты жоспар бойынша жыл бойы дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.
7. 11 сыныпта тестілеуге енетін пәндерден ҰБТ-ға дайындық жоспары дайындалып, нақты жоспар бойынша жыл бойы дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.
8. Бастауыш және негізгі мектеп, негізгі мектеп пен жоғары мектеп арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөлінсін;
9. Оқушылардың білім, білік , дағдыларын дамыту және тиянақтау жұмыстарын үнемі басшылықта ұстау
10. Озық іс-тәжірибелерді тарату және тиімді пайдалану.
Қолданбалы және таңдау курстарының жүргізілуі туралы мәлімет.
Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғары сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылды.Бағдарлы оқыту оқушылардың қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған.10А,11А сыныптары қоғамдық –гуманитарлық бағытта, тарихи-филологиялық профиль бойынша оқытылады. . Осы мақсатта 10,11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қолданбалы курста «Қазақстан елінің тарихына саяхат», « Русская орфография», «Іс жүргізу» «Шешендік өнер», «Әдебиеттануға кіріспе» сабақтары өтілді.
Таңдау курстарына «Экология бағдарламасына» 5,6,8-сыныптарда -1 сағат 9 сыныптарда -0,5 сағат, «Абайтану», «Сәкентану», -0,5 сағаттан «Астанатану»,8–сыныптарда 0,5 сағаттан өтіледі. 1 сыныптарда «Көркем жазуға», «Тіл дамытуға» 0,5 сағаттан, 2сыныптарда «Абайтануға» 0,5 сағаттан бөлінді.
Қолданбалы курстар сабақ уақытында, ал таңдау курстар сабақ уақытынан тыс уақытында арнайы жасалған кесте бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отырды. Оқу-әдістемелік кешендері бағдарламасы, сабақ жоспарлары тиісті деңгейде жасалынған.
Жалпы қолданбалы курстардың берілуі қанағаттанарлық.
Қолданбалы курстарды жүргізу барысындағы туған қиыншылықтар:
Баспадан арнайы басылып шыққан оқу-әдістемелік кешендердің болмауы;
Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың аздығы;
Ұсыныс:
Қолданбалы және таңдау курстарын жүргізетін мұғалімдер өз курстары бойынша оқу-әдістемелік кешендерін, сабақ жоспарларын, бағдарламаларын баспадан басылып шығарылуын қамтамасыз етсе.
№ 34 орта мектебінің 2009 –2010 оқу жылындағы
атқарылған ғылыми-әдістемелік жұмысының есебі
№ 34 орта мектебі Астана қаласының Сары – арқа ауданының Өндіріс кеңтінің Тайбурыл көшесінде орналасқан. Ашылған уақыты 2002 ж. қыркүйек айы. Мектепте барлығы 49 мұғалім қызмет етеді. 2002 жылдан бері мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болып құрылды. Мектепте 688 оқушы, 49 мұғалім сабақ беріп, 2 ауысымда, бастауыш сынып мұғалімдері
3 ауысымда жұмыс істейді.
Мектебіміздегі 8 әдістемелік пән бірлестігінде – 41 жоғары білімді,
8 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. Ұстаздарымыздың
7-інің біліктілігі жоғары, 15-ы бірінші санатты және 18-і екінші санатты.
Ы.Алтынсарин иегері-1, ҚР білім беру ісінің үздігі-1, Әдіскер ұстаз-1.
Біздің ұжымыз: «Халықтың педагогика мен жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдерін ұштастырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру» тақырыбын басшылыққа алып еңбек етуде.
Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттер:
1. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытудың сапасын арттыру.
2. Оқытудың сапасын байқау үшін тестік тапсырмалар жасау, қорытынды емтиханға даярлау.
3.Оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияны зерделеу және қолдану.
4. Озық іс-тәжірибелерді тарату және насихаттау .
5. Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін арттыру.
6. Оқу-тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жүргізу
7. Дарынды және нашар оқитын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру.
8. ОҒҚ қоғамының жұмысын, шығармашылық топтардың жұмысын жақсарту.
9. Халықтық педагогика негізінде өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.
10. Кешенді ҰБТ-ға өзін-өзі танитын әр оқушының қабілетін ояту, өзін-өзі басқаруға жетелеу, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау.
Ғылыми-әдістемелік кеңес тақырыбы:
«Әрбір пән мұғалімінің педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру» тақырыбында жұмыс жасайды.
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты – мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету .
Мектептегі ғылыми әдістемелік жұмыстың басым бағыттары :
Білім беру мен тәрбиені ізгілендіру мен гуманитарландыру.
Білім сапасын көтеру жолдарын жетілдіру немесе оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру.
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:
Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру .
Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету.
Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Жүргізілетін жұмыстар төмендегідей ғылыми әдістемелік жұмыстар арқылы ұйымдастырылуда.Олар:
-Педагогикалық кеңес.
-Ғылыми -әдістемелік кеңес.
-«Жас мамандар» мектебі.
-«Игі істер, ізденістер» шығармашылық топтар.
-«Ізденіс» атты оқушылардың ғылыми қоғамы.
-Үйрету семинарлары.
Достарыңызбен бөлісу: |